Адам а?засында?ы химиялы? элементтер сыныптан тыс саба?


Сабақтың тақырыбы: «Адам ағзасындағы химиялық элементтер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адам ағзасындағы химиялық элементтер жайлы білім беру, элементтердің адамға келтіретін пайда-зиянын білу, химиялық элементтердің маңыздылығын ашу, топтық жұмысты ұйымдастыру;
Дамытушылығы: Топтық жұмыс арқылы оқушылардың білім деңгейлерін кеңейту,жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы химия пәнін,биология саласымен тығыз байланыста екендігін білу, болашақтағы өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырып,ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Адам ағзасындағы химиялық элементтердің маңызын оқыту арқылы дұрыс тамақтана білуге баулу.
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақ әдісі: Топпен жұмыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Химия және биология
Сабақтың құрылымы: Ұйымдастыру

I. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
II. Кіріспе.
Ағза толған химиялық эленмент,
Біліп алғын қызметін, неткен олар керемет.
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің көбісі ағзаның құрамдас бөлігі. Бірақ олардың бірі көп, екіншісі аз мөлшерде болады. Ал бұл элементтер де өлі биғат жиынтығы. Сондықтан өлі және тірі табиғат тікелей байланысты. Соңғы жылдарда әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе- теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасында бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалады. Химиялық элементтердің барлығыда тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні анықталған. Әртүрлі жасушалармен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін қажетті элементтер биогенді элементтер болып табылады.
Шашта- Al, As, V.
Мида- Na, Mg, К.
Көз сұйықтығы – Na.
Тісте- Са, Р.
Қалқанша безде- J, Zn, Br.
Жүректе- Са, К.
Бұлшық еттерінде- Мg, К.
Сүйек ұлпасында- Na, Са, Mg, К, Р.
Қанда- Fe, Na, Са, К, Li.
Бауырда- Li, Se, Mo, Zn, Cа, Сu, К.
Бүйректе- Li, Se, Cа, Сd, Hg, К.
Жыныс бездерінде- Zn, Br.
Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтер үш топқа бөлінеді:
Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді.
Н, О, Са, N, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, J, Mn, Cu, Fe, Zn, Mo, V.
Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.
Қосымша элементтер: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Dd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se.
Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері мен биологиялық маңызы белгісіз.
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін орынды
Химия, биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды деп- сайысқа қатысушыларды топқа бөлейік. Жеребе тасталады «Химия» және «Биология» тобы
Шарттары:
Құпия элемент.
Ойлан тап!
Зерек болсаң, шешіп көр.
Ойлы болсаң, озып көр!
1."Құпия элемент" шарты бойынша жасырылған элемент туралы сипаттама беру. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1J 2Fe 3Au 4Na
5Ca 6Se 7Mg 8Cl
II. "Ойлан тап!" Шарты бойынша сұраққа жауап беру. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.
Жүйке жүйесінің ауруларын емдейтін дәрігер? (невропатолог, психиатр)
Қан аурулары және емдетін дәрігерді атаңыз? ( қан аздық, гемофилия- гематолог)
Сүйек аурулары және емдейтін дәрігерді атаңыз? (артрит, хирург)
Йод жетіспегенде болатын аурулар және емдейтін дәрігер? (зоб, креатинизм- эндокринолог)
Шөптесін өсімдіктер, шаң- тозаңнан туындайтын аурулар және емдейтін дәрігер. (аллергия, аллерголог)
Көз аурулары және емдейтін дәрігер? (глаукома, катаракта- окулист)
Бүйрек аурулары және емдейтін дәрігер? (пиелонефрит- уролог)
Тіс аурулары және емдейтін дәрігер? (тісжегі- стоматолог)
III. "Зерек болсаң, шешіп көр" шарты бойынша металдар туралы мақал- мәтелдердің жалғасын табу. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
Қойдың сүті- ...................(қорғасын)
........-ді қызған кезде соқ(темір)
От көмір жейді, тот ......... жейдә (темір)
.........-ды еріте білмеген ірітер,
Теріні илей білмеген шірітер (алтын)
Арпа- бидай ас екен, ......-........... тас екен(алтын- күміс)
Мылтықтың .......-ін айтпа, тиісін айт.(күміс)
Аз сөз- ....., көп сөз- ......(алтын, күміс)
........ кессең ұзын кес, соға келе ұзарар,
Ағаш кессең ұзын кес, шаба келе қысқарар(темір)
Өнерлінің қолы- .........
Өлеңшінің сөзі- ..........(алтын)
...... шыққан жерді белден қаз.(алтын)
Ақыл байлық- азбас байлық, ...... байлық- тозбас байлық(темір)
Асы жоқ ....... аяқтан, айраны бар тостақ артық(алтын)
IV. "Ойлы болсаң, озып көр" шартында сөзжұмбақ шешу, әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Күмістей ақшыл жеңіл, тісте, бұлшықеттерде кездеметін металл? (магний)
Магниттік қасиеті бар, қайда кездесетін металл(темір)
Көз, жұлын сұйығында, асқорыту сөлінде, сүйек ұлпасында кездесетін сілтілік металл (натрий)
Ұйқы безінің қызметін бірқалыпты деңгейде ұстайтын металл (кобальт)
Шашта, өкпеде, мида кездеседі, электр өткізгіш металл (алюминий)
Ол өте аз мөлшерде қанның құрамында шашта болады. Адамды ерте қартаюдан сақтайтын металл. (ванадий)
Қанда, бүйректе, сүйек ұлпасында кездеседі, сілтілік жер металл (кальций)
Гипофизде кездесетін ең қатты металл (хром)
М Е Т А Л Д А Р Қорытынды.