Жа?а ?асыр?а лайы?ты т?л?а т?рбиелеуде ата-ананы? ?згеруіне ы?пал ету.


Жаңа ғасырға лайықты тұлға тәрбиелеуде ата-ананың өзгеруіне ықпал ету.
КӨК ТҮСЖан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.
ҚЫЗЫЛ ТҮС Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар
ЖАСЫЛ ТҮСЖасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.
Мақсаты: Ата-аналарды жаңа ғасырға лайықты тұлға тәрбиелеуде ата-ананың өзгеруіне тиімді үрдісімен таныстыру
«Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі ,парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру - бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті» (Н.Ә.Назарбаев)
II. Қуыршақ терапия
Интерпретация: Қуыршақтын басы үлкен болса – ақылдылықты білдіреді. Қолы жоғары көтеріліп тұрса – өзіндік бағалау жоғары. Қолды екі жаққа – ашықтықты білдіреді.
Ата-аналар еңбегінде, кез-келген еңбектегідей, қателік пен күмән, жығылыстар мен сәтсіздіктер уақытша болып тұруы мүмкін. Әрине, жеңістер де болады! Бірақ бұл «Еңбек майданында» нені жеңіс, нені жеңіліс деп айтуға болады? Ата-аналар өздерінің педагогикалық ұмтылыстарының дұрыс екендігіне күмәндануы баламен қарым-қатынасында көбінесе байқалады. Қақтығыс деген не? ҚАҚТЫҒЫС/жанжалдасу – бұл көзқарастардың сәйкессіздігінің , мүдделерінің ортақ еместігіндерінің, дауласуды ашатын жағдай.III. Ата-аналар мен балалар арасындағы қақтығыстар
Арман жұмыстан үйге шаршап келгенде, есік алдынан 9 жасар баласы Ерден: "Әке, сағатына қанша ақша табасыз?" - деп сұрайды. "Онда шаруаң болмасын!" – дейді әкесі. Ұлы: "Айтыңызшы, білгім келеді" - деп қайта сұрағанда, Арман ызаланып "Екі мың теңге! Ал не істейін деп едің!?" - дейді. Сонда Ерден "Маған бір мың теңге қарыз ақша бере тұрасыз ба?" - деп сұрайды.
"Менің мазамды алма, бөлмеңе бар". Бір сағат өтіп, ашуы басылғанда, Арман баланың ақшаны не үшін сұрағанын да білмейтінін ойлап, "Мүмкін шынында қажет болып тұрған шығар?" - деп ұлының бөлмесіне кіреді. Төсекте жатқан Ерденге жақындап: "Сұраған мың теңгеңді ала ғой. Саған ұрсып тастағаным үшін ренжіме", - дейді.
Ерден төсегінен ұшып тұрып, "Әке, рахмет!" деп, әкесінің қолынан мың теңгені алып, жастықтың астынан мыжылған ақшаларды шығарады. Әкесіне жәутеңдеп қарап қойып, ақшаларды санай бастайды. Мұны көрген әкесі: "Ақшаң бола тұрып неге менен сұрадың?" - деп ұрысады.
СҰРАҚҚалай ойлайсыздар Ерден баласы ақшаны әкесінен не үшін сұрады?Сіздер өз балаларыңызды түсінесіздер ме?
Жауап: Сонда баласы: "Иә, айдың басынан жинаған ақшам болды, бірақ олар жеткіліксіз еді" дейді де, ақшаларды әкесіне созады: "Міне екі мың теңге... Менімен әңгімелесуге бір сағат уақытыңызды сатып алсам деп ем..."
Талдау:Қандай әсер алдыңыз?Бұл жағдаяттан не түсіндіңіз өзінізге?
1топ.    Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан  жасалатын  жағдайлар.2 топ.   Баланың сабағына теріс әсер ететін жағдайлар 3топ.   Бала үшін мұғалім мен ата- ана  арасында қандай байланыс болуы керек?
«Балалар өмір сүруді өмірден үйренеді» Егер:баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді үйренеді;баланы мұқата берсе, ол тұйық болуды үйренеді;баланы мақтаса, ол игілікті болып үйренеді;баланы қолдаса, ол өзін бағалауды үйренеді;баланы жазғыра берсе, ол кінәлі болып өмір сүруге үйренеді;бала шыдамдылықта өссе, басқаларды түсінуге тырысып үйренеді;бала адалдықта өссе, әділетті болуға үйренеді;бала қауыпсіздікте өссе, адамдарға сенуді үйренеді;бала қастастықта өссе, басқыншыл болып үйренеді;бала түсіністік пен жылы шырайлы ахуалда өссе, ол осы өмірде махаббатты табуға үйренеді.
Балаға «Айналайын» деп айтудың 77 мүмкіндігі.
VI. Анкета «Ашығын айтқанда» атты тренинг-сабағымыздан алған әсеріңізді, мына анкетаға жазуыңызды ұсынамын.«Ашығын айтқанда» анкетасы:«Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті»» атты тренинг-сабағымыздын өткізілген күн:_____________________________________________________ YМенің аты-жөнім: __________________________________________________ Мектеп: __________________________________________________________ Балаңыздың аты-жөні, сыныбы: _____________________________________ Тренинг кезінде мен түсіндім, яғни _____________________________________________________________________________________________ Маған ең пайдалы, құнды болғаны:_____________________________________________________________________________________________ Тренингтегі өзімнің негізгі қателерім деп түсінемін ______________________________________________________________________________ Келесі тренингте мен келесі жайттарды білгім келеді__________________________________________________________________________________________________________________________________________Тренингтіқорытындылау:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________