Студенттерді рухани адамгершілікке т?рбиелеуді? педагогикалы?-психологиялы? негіздері Баяндама


Студенттерді рухани адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық негіздері.
Студенттерді рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз – олардың өмірдегі өз орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсінуі және өзін-өзі үздіксіз, жетілдіруімен рухани даму қасиеттерін қалыптастыру.
Руханилық – бұл (модус, «режим») интеллектуалдылықты және эмоционалдылық, өнегелілікті және эстетикалық, сондай-ақ экологиялық идеяны, сезім мен күйгелектілікті, жеке тұлғаның ішкі бекітілімін, бүтіндік жиынтығын сипаттайтын адамның психикасы мен мінез-құлқының сипаттамасы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартындағы негізгі идеялар «Адам – қоғам – табиғат – отбасы» болып табылады, яғни рухани адамгершілікті қалыптастыру негізі.
Адам – әлемдігі ең жоғары құндылық. Ол мүмкіндіктер мен қабілеттерге ие табиғаттың ажырамас бөлігі. Әр адам табиғатынан қайталанбас тұлға. Басқа адамдарға шыдамды болу керек.
Отбасы – ең қымбатты және жақын адамдар өмір сүретін әлем. Өз отбасыңды жақсы көріп, қорғау қажет, туғандарың мен жақындарына көмектесу қажет.
Отан – адамның туып, өмір сүріп жатқан елі. Отан – ол қала, көше, үй, отбасы, туыстар, достар, балабақша және т.б. Біздің Отанымыз – Қазақстан.
Қазіргі кезеңде балабақшаларда тәрбие үрдісі негізінен жеті бағытта жүргізіледі, атап айтқанда: адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене, экономикалық, құқықтық, экологиялық тәрбие бағыттары бойынша жүргізіледі.
Ал тәрбиенің негізі ретінде адамгершілік тәрбиесі қазіргі таңда халықтық педагогика «Атаның сөзі – ақылдың көзі», «Әженің әңгімесі», «Зерек бала», «Тапқырлар мекені», «Қазақ халық ертегілері» этнопедагогикалық материалдар арқылы тәрбиелеу элементтері балабақша өміріне ерекше енгізілуде.
Оқу-тәрбие жұмыстарында қазақ халық ертегілері арқылы адамгершілік бағытындағы тәрбие жұмыстарына назар аударсақ, рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Ол дегеніміз балалардың әдепті, мәдениетті білімді, мейірманды, қайырымды болып өсуі арқылы адамгершілік құндылықтары жетілдіріледі. Бұл бағытта балалардың рухани адамгершілік тәрбиесін қалыптастырудың моделін жасау қажеттігін тудырады.
Адамгершілікке тәрбиелеуде ертегілермен қатар табиғат құбылыстары, олардың өзара байланысы, заңдылықтары, өсімдіктердің, жануарлардың дамуын танып-білу, бақылау және түсінігіне жеңіл тиетін қоғамдық құбылыстармен, оқиғаларымен, адамдардың еңбегімен, мерекелермен, Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы, т.б. таныстыру арқылы балалардың дүние, табиғат, қоғам, Отан туралы алғашқы түсініктері қалыптасады, Астана туралы аңыз әңгіме, ертегі айтуға болады.
Демек, балалардың қандай да бір нәрсеге қызығушылығы да сатылап қалыптасады, мұны жоғарыда аталған зерттеулер нәтижесі дәлелдейді. Егер зерттеу проблемасымен байланыстыра қарастырсақ, балада алдымен қазық халық ертегісіне жағымды эмоциялық көзқарас (Әуестік), содан кейін мазмұнды эмоциялық көзқарас (Әуестену), соңында танымдық қызығушылық пайда болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда ертегіні білуге әуестік – қызығушылықтың алғашқы сатысы, яғни бала ертегіге жағымды көзқараста болады. Бұл сатыда бала ертегіні танып-білуде белсенділік көрсетпейді, ертегі ұнағанымен, өздігімен дербес оқып білуге талпынбайды.
Өйткені аталмыш сатыда ертегі тілін, оның мазмұнын эмоционалды тұрғыда қабылдау дағдысы бәсең дамыған сондықтан баланы ертегідегі кейбір көріністер ғана елітеді. Әйтсе де бұл сатыда бала ертегіге танымдық тұрғыда назар аударғанымен, қызығушылық танытудың өзі оны әрі қарай дамытуға мүмкіндік бар екендігіне меңзейді. Демек, білуге әуестік бала санасы мен іс-әрекетінің бастапқы бағытталу сатысы болады.
Баланың ертегіні білуге әуестіктен біртіндеп оны әуестенуге көшуі – қызығушылықтың екінші сатысы. Бұл сатыда баланың ертегіге деген қызығушылығы ойлау, қабылдау, есте сақтау, қиялдау сияқты әр түрлі психикалық процестермен айқындалады.
Қызығушылық балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді, ертегілерді талдауға, әңгімелеуге, салыстырмалы суреттеме беруге дағдыландырады. Баланың да білуге деген құштарлығы артады. Алайда жұмыстың бәрі тәрбиешінің тікелей жетекшілігінде жүзеге асады. Бұл сатыда қызығушылықты қалыптастырудың терең де мағыналы негізінің қалануына мүмкіндік туады. Сөйтіп, баланың ертегі мен әуестенуі танымдық қызығушылыққа ауысады.
Баланың ертегіге танымдық қызығушылығының қалыптасу сатысы оның халық ертегілерін эмоционалдық тұрғыда қабылдап, танып-білуге талпынысымен, ертегідегі жағымды персонаждарға еліктеуімен, ертегілерді таңдап оқуға әуестенуімен сипатталады.
Балаларда ертегіні оқып-білуге қажеттіліктің болуы, оған деген сүйіспеншіліктің артуы қалыптасқан танымдық қызығушылықтың айшықты көрінісі десе болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ертегімен әуестенуі – бала табиғатына тән қасиет, ол баданың көргендігін танып-білуге, оған терең бойлауына көмектеседі. Баланың мұндай әуестігі ертегідегі болған оқиғаны түсінуге, білуге, көруге деген қызығушылығынан байқалады.
Тек тәрбиелі ұрпақты ғана сауатты, нағыз ұлтжанды, елін, жерін сүйетін, Отансүйгіш тұлға ретінде қалыптастыруға болады. Адамгершілік тәрбиесі біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің негізі болып табылады. Адамгершілік мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады.
Адамгершілік тәрбиесіне тән міндеттер бар. Олар:
Оқушыларды өмір талабына қоғамдық моральдық нормасын орындауға қатыстыру;
Оқушылардың адамгершілік тәжірибесін қалыптастыру;
Республикаға, оның Президентіне, әнұранына, рәміздеріне тәрбиеленушілердің берілгендік сезімін тәрбиелеу.
Студенттерге адамгершілік тәрбиесін беруде тек мектеп қана емес отбасының да маңызы зор, себебі тәрбие жанұяда басталады. Жанұя – мәдениет ошағы, тәрбие мектебі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
«Мектептегі психология» 3 (93) 2016ж
«Психология» К.С.Жұмасова