«Жастар маск?немдікке темекіге,наша?орлы??а ?арсы» атты к??ілді сайыс (5 сынып)


Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі





Эстафеталық сайыс

Тақырыбы: «Жастар маскүнемдікке темекіге,нашақорлыққа қарсы»



Өткізген: СӨС нұсқаушысы Б.Ахметов
«Жастар маскүнемдікке темекіге,нашақорлыққа қарсы»
атты көңілді сайыстың жоспары.
Тақырыбы:Көңілді қимыл қозғалыс ойындары.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 
Міндеттері:1. Патриоттық сезімді ояту.
2.Отан сүйгіштікке баулу.
3.Эстафеталық ойын арқылы ұйымшылдыққа баулу.
Түрі: Эстафеталық ойын Өтілетін орны: Спорт залы Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Негізгі бөлім Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Спорт - өмір көркі» сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 5 сынып оқушылары қатысады.Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз. Ұстанған салауатты өмір салтын,Жасқанып, ешқашан да мойымайтын, Болашақ спортшылар келді ортағаҚол соғып қарсы алайық, қане, халқым!- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Есқуатова Айнұр – мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары
Мәдібаев Руслан – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Тлеубаева Тұрсын – эстетикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі


- Спорттық сайсымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады. 
Сайыстың шарттары.
1. Кедергілердің арасымен нығыздалған доппен аяқпен қысып барып келу.
(допты қолмен ұстауға болмайды)
2. Допты бір-біріне аяқтың арасымен екі қолмен беру.
(допты домалатпау)
3. Гимнастикалық орындықтың үстімен жүгіріп барып келу.
(жерге түсуге болмайды)
4. Допты екі қолмен жоғарыдан бір-біріне беру.
(допты лақтырмау,қол беру)
5. Допты жерге соғып кедергілердің арасымен жүру.
(қолмен ұстап жүгіруге болмайды)
6. Қасықпен су тасу.
(қасықты бір қолмен ұстап жүру)
7. Капитандар сайысы гимнастикалық орындықтың үстінде үлкен шармен жағаласу.
(шармен қарсыласын құлату)
8. Арқан тартыс.
(арқанды жіберіп алмау,қарсыласын тартып алу)Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз. «Алға» тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас. «Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.«Қайрат» тобын ортаға шақырамыз Топтың ұраны: Салауатты өмір салтын сақтаймыз, Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.«Парасат» тобы: Парасатты, айбынды,Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді. ІІІ. Қорытынды бөлім: Көрсетті міне өз өнерін балалар,Сайыстың да соңы келіп таянар.Жеңімпазды анықтайық қанекей,Әділқазы сайысты әділ бағалар,-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.Спорт – көркі өмірдің,Спорт- досың, серігің.Жаттықсаң шымыр боларсың,Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!