Т?рбие са?аты «70-жыл бейбіт к?ктем та? ат?алы!»
Тақырыбы: «70-жыл бейбіт көктем таң атқалы!»
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. : 70жыл толып отырған мерекені сезіну,мақтан тұту. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі видео фильмдер.
Өтілу барысы: Залдың ішін безендіру. Музыка ойнап тұр
.Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, және оқушылар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан ұшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар - ошарсыз кетті.Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28 - ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазған.
Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы
Дима: Добрый день всем, кто пришел к нам накануне великого праздника «День Победы»9мая 2012 года в 69 - ой раз прогремит салют 9мая 2012 года в 69 - ой раз прогремит салют Победы. А в памяти народной и поныне живы безмерные страдания военных лет и безмерное мужество народа. День 9 мая 1945 знает весь мир. Наша страна шла к этому Дню 4 года.Но какие эти были годы война коснулась каждого из нас.
(Информбюродан хабар «Свещенная война» Әні видеодан көрсету деректі фильмдер көрсету)
1-оқушы:Әскери адам: Тыңданыздар, тыңданыздар! Елі үшін жері үшін барлық ер азаматтар , Отан қорғауға аттаныңыздар!
Немересі:Аттан! -деді
Ол қазыр аттанады жауынгердің рөлін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан әке,
Жолынан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырларын
Тауып жейді сенсіз де несібесің
«Әкесін келіп құшақтайды.»
Әкесі: Тыңда балам, тыңда күнім
Болуға жара қолғанат
Кәрі анам,сәби інің –
Барлығы саған аманат.
Әжесі:оралсын аман жеріне,
Көріссін аман елімен
Келін-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін: Кебін киген өледі
Көбенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса
Кешікпей дейді келеді.
(Олар азаматпен қоштасады.)
2-жургізуші: Соғыстың құны- кесілген білек,
Соғыстың құны- тесілген жүрек
Соғыстың құны- лаулаған орман,
Соғыстың құны- ұланған орман,
Соғыстың құны- өрістеген аспан
Соғыстың құны- төгілген жас қан.
Сұл соғысыта жеңіске жету жолында жауға қарсы ұмтылған барлық батырларымыздың есімі мәңгі ұмтылмайды. «Кеңес Одағының Батырлары» атағын алғандар Төлеген Тоқтаров,Мәлік Ғабдулин, Нүркен Әбдіров, Талғат Бигелдинов, Қарсыбай Сыпатаев,Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова,Рақымжан Қошқарбаев т.б батырларымызға қошемет көрсетіп 1 минут үнсіздікпен еске алайық!(видео қосу)
Ән........
2-жүргізуші: Жаралғандай жасынан,
Жайсаң батыр Бауыржан
Естігенде есімін
Жау есінен жаңылған
Бұзып жарып қоршауда
Жолсыз жерден жол салды
Достары түгіл ерлігін
Қасы да естіп тамсанды
«Бауыржан Момышұлының өз даусымен видеосы» 2 мин
1-жургізуші:Әйел атын аталғанда ең бірінші біздің аузымызға «мейрімділік» деген сөз түседі:Соғыс жылдары сүйген жарынан айырылып ,аңырап қалған аналар !Жесірліктің ащы дәмін татқан аналар!
Ән «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»
2-жургізуші:Айтшы бала, сонда сезіп пе ең?
Қара бұлттың төнгенін
Ұйытқи соққан дауылдан
Бақыт шамы сөнгенін
Сұрапы соғыс көлдеткен
Сан мың адам қан төккен
Ана жесір , бала жас
Жетімдіктен көрді өктем!
Монолог :Ақ жаулықты аналар , жауды жеңгенсалдаттар мен қауышып өтіп жатады көкесін таба алмаған қыз бала ортаға шығып майданнан орамалған әкесімен қиалдап сөйлесіп монолог айтады.
Қыз: Әке !
Тілдесші менімен ,әкешім!
Әлде хат жазуға уақытың жоқ па? Хат неге жазбайсың, әке ?Тым болмаса аманмын деп бір хабарласшы ,әке? Сағындым сені, әке?Сендер соғысқа кеткелі , ауыл тіпті өзгеріп кетті ғой. Бұрын ерлер тындыратын жұмысты қазір біздер де істеп жүрміз. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп ұрандаған бәр адам .«Жеңіс!» деген сөз бізге үлкен күш береді . Апамның да сені тағатсыз күтіп жүргенін ішіміз сезеді . Мүмкін ерлігіңіз үшін медаль алып та қойған шығарсыз, әке? Құтықтауыма болатын шығар, бәлкім.
Сіздермен бірге кеткен ағалардан қара қағаздар келуде . Менімен оқитын Айжан деген қыз үн түнсіз жылаумен отырады. Бізбен көрші тұр Орынгүл әжені білесің ғой, әке? Соның төрт бірдей баласынан қара қағаз келді , Байғұстың көзі жастан бір құрғамайды.Бідер барып жұбатқан боламыз . Осы жауластық кімге керек болды екен, әке?
Бала болсам да соғыс мені есейтіп жіберген сияқты . Фашисттер неге сонша соғысқа құмар болды екен? Сендер Отан үшін, біздер үшін,арттағы ұрпақ үшін майданның нақ ортасында жирсіңдер ғой. Ал , олар , сұмырай фашистер не үшін совет заматын, әкесін баласынан , жарын күйеуінен айырады,әке? Аянып қалма , әке!... Мен үшін, менің болашақ ұрпақтың бақыты үшін кездескен жаудың көзін жоя бер. Үйге жеңіспен қайт , әке! Мен сени қатты сағындым!Тезірек аман-сау оралшы, әке!
Балта басы дың-дың,
Фашист өлсін мың –мың.
Жаралы болсың бес-алтау ,
Әкем қалсын аман-сау.
(қыз жай басып сахынадан шығып кетеди)
1-жургізуші:
Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа
Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта
Жан-жағынан соққыдан жау қирайды ,
Жеңіс туын қадалды Рейкетагқа
Сүйінші, халқым сүйінші!
Беліңді бекен буыншы
Жеңдік жауды күйретте
Жасалған той мереке!
«День победы видео»
Тақпақтар: 1-оқушы: «Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы, Күрескердің арманы мен ұраны Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Шынында бұл-оралған мыңнан бірің, Бақ нұрына жүзіңді туған күнің Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі, Майдангерлер бәріңіздің туған күнің!
5-оқушы: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте, Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте Отанының бақыты үшін мерт болған Батырларды есіңде ұста, құрметте.
Сен құрметте оны! Түсіндің бе қарағым? Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын. Еріккеннен ұстап жүрген жоқ, Қолындағы ұзын таяғын
Сен құрмете оны!
Түсіндіңбе қарағым?
9-оқушы: Денесін оқ паршаласа да, Ел намысын қорғап қалды. Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым? Сенің келешегің үшін берді ол, Азаттық жолында аяғы
Сен құрметте оны ,түсіндіңбе қарағым!
11-оқушы: 70жыл бейбіт көктем таң атқалы, 70 жыл шуақты күн таратты әнін Елімде сонан бері 70 рет Ашылды Жеңіс күннің парақтары. Талай құс содан бері қайта оралды, Соғыста өлгендер тек оралмады
13-оқушы: Сен неткен Отан-анам, ғажап едің, Әсемдеп көркем тілмен жазар едім, Болашақ ұрпағының бақыты үшін, Жайнай бер, ұлы Отаным-қазақ елім
2-жүргізуші: : Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні, Жақсы үміттің шырағы жанды міне! Аспан бетін қаптаған қара тұман Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!
«Ән салшы сарбазым» ән
Би Аяулым
Ән «Әрқашан күн сөнбесін»
Ән «Қазақ елімнің сарбаздары» Аяулым
1-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті! Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті! Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз, Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
2-жүргізуші: Не забыть нам этой даты, Что покончила с войной. Победителю- солдату, Сотни раз поклон земной!
1-жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін, Халқымыз қуанышты тегіс бүгін Жауды жаншып, Отанды азат еткен, Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9-мамырында қайта оралды.
2-жүргізуші: Вот 69 лет отделяют нас от суровых и грозных лет войны. Но время никогда не изгладила из памяти Великую Отечественную войну. В сердцах людей она жива, потому что до сих пор еще не залечены раны, не иссекла боль, не забыты те, кто отдал жизнь за Великую Победу, живут среди нас ветераны.
1-жүргізуші: Иә, содан бері 69 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.Бүгін сол Ұлы Жеңіске қарумен, қаhармандығмен ат салысқан майдангерлер салтанатты кешіміздің құрметті қонағы. Осы кісілер біздің арамызда отыр: Мухамадиева Нурбазар, Иманкулова Күлбану апаларымыз.-тыл ардагерлері, Муханов Николай Александрович-Ұлы Отан Соғысының ардагері. Ардагерлерді құттықтау үшін сөз мектебіміздің директоры Бақытжан Шарапбекұлына .....................................беріледі.
1-жүргізуші: Ағалар саптан шықпасын, Аналар қабақ шытпасын, Бақытқа жетіп бар адам, Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып, ардагер аталарымызға-әжелерімізге келгендеріне рахмет айта отырып, жылда осы Жеңіс күні біздің арамызда мейрамдай берулеріңізге тілектеспіз. Сіздердің құрметтерінізге Динаның күйі « Тойбастар »
2-жүргізуші: От имени всех учителей школы и учащиеся еще раз поздравляем вас, уважаемые ветераны с праздником. Желаем крепкого здоровья, голубого ясного неба. Спасибо вам за все, что вы нам сделали.
Ән « День Победы»
Білім басқармасы
№44 орта мектеп
Тақырыбы: «70-жыл бейбіт көктем таң атқалы!»
Жауапты:Бидахметова А.С
Астана-2015