Презентация по технологии на тему А?ашты? б?йымдарды ??деу ерекшілігі (?ылыми ж?мыс)


Қазақстан Республикасы
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы
« Билал-Назым атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен » мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Аты-жөні, тегі: Турганов Илияр Пархатович
Сынып: 6 «А»
Тақырыбы: «Ағаштық бұйымды өңдеу ерекшілігі »
Секция: Технология
Жетекшісі : Сайдуллаева Халима Хабибуллаевна технология пәні мұғалімі
2014-2015 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
Аннотация

І.Кіріспе
1.1. Бұйым жасауда қолданылатын ағаштың түрлері , қасиеттері
1.2. Ағаштың қасиеттері
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Ағаштық бұйымды көркем өңдеу ерекшілігі
2.2.Ағаштық бұйымды көркемдеп өңдеуде қолданылатын құрал–жабдықтар 2.3. Қауіпсіздік ережелері
2.4.Ағаш қасықты көркем өңдеудің технологиялық процессі
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланғанған әдебиеттер тізімі
V.Ғылыми жұмысқа пікір
VІ.Тезис
VІІ. Бақылау күнделігі

Аннотация
Бабалар дәстүрін жалғастыру оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу әрбір адамның борышы.
Қол өнерді кәсіп еткен ағаш ұқсатушылар, ұсталар мен зергерлер, үйшілер мен әршілер ел арасында кездеседі.
Сол адамдардың игілікті істеріне, шеберлігіне жас ұрпақтың ынтасын арттырсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Сол оймен өз тәжірбиемнен жинақталған мына шағын еңбегімді ұсынамын.
Бұл ұсынылып отырған ғылыми жоба, жасөспірімге, қол өнер түрлерінің бірі – ағаштық бұйымдарды көркемдеп өндеу, оның технологиясымен көне заманның әшекейлеу тәсілдерімен егжей-тегжейлі танысып, іс-әрекет жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді. әрине, бұл жоба кіші жасөспірім балалардың деңгейіне арналып жазылып отыр. Ағашты көркемдеп өндеуге, біз негізінен ерте дәуірдегі қолөнер шеберлерінің ұмытылып бара жатқан техникасы мен тәсілдерін келтірдік. Яғни ағашты кесіп ою, бояу, сондай-ақ, кейбір жеке техника, ағашты ою тәсілдердің бір-бірімен қиыстырылып әшекей орындалуы өткен замандағы ата-бабамыздың сүйіп, қадірлеп тұтатың тәсілдерінде ұсынып отырмын.
Аннотация

Долг каждого человека продолжать и передать традиции предков из поколения в поколение. Не мало среди людей мастеров по деревообработке, ювелиров, строителей. Если бы мы могли поощрять и привлекать молодежь к выше сказанным специальностям, то это было бы признанием мастеров народного промысла.
Предложенный мной научный проект «Особенности обработки деревянных изделий»- один из видов народного промысла,дает возможность ознакомится с технологией и методов обработки дерева наших предков. Конечно этот проект предназначен для детей школьного возраста.
Я предлагаю технику и методы резьбы по дереву которая к сожалению забываются. Так-же это резьба по дереву, нанесение орнамента, узоров, индивидуальная техника резьбы по дереву. Это связующая нить между традициями предков и нового поколения. Мы должны любить и чтить традиции наших предков

 
Annotation
It is the duty of every person to continue the tradition of their ancestors and pass on from generation to generation. Not a few people among the masters of woodworking, jewelers, builders. If we could encourage and attract young people to the above-said function, it would be a recognition of the craftsmen.
I proposed research project "Peculiarities of processing wood products" - a type of folk crafts, gives opportunity to get acquainted with the technology and methods of processing the tree of our ancestors. Of course, this project is designed for school-age children.
  I offer techniques and methods of woodcarving which unfortunately forgotten. So is this wood carving, drawing ornaments, patterns, individual technique of wood carving. This common thread between the traditions of their ancestors and the new generation. We must love and honor the traditions of our ancestors

Тақырыбы:Ағаштық бұйымды өңдеу ерекшілігі
Тандалған, тақырыптың қажеттілігі: Қазіргі таңда сапалы білім беру мәсәләсі өзекті проблема болып отыр. Проблеманы шешу технология, еңбекке баулу пәндерін де қатысты болып табылады. Технологияда өз бетіндік жұмыстарға көп кемек беру, ұлттық нышанда орындалатын жұмыстардың пайдасы мол. Осындай жұмыстар көмегімен оқушылардың дербестегін, шығырмашылық қиялын дамытуға болады.
Зерттеу нысаны: Қолөнер бойынша әдебиеттер, альбомдар, бұйым үлгілері, әдістемілік оқулықтар, газеттер, журналдардағы, педагогикалық ақпараттық - әдістемелік басылымдардағы іс – тәріжибелер, мақалалар, интернет.
Зерттеу мақсаты:
Ағаш ою техникасымен сәндік композиция шығару, материалдардың
мүмкіндіктерін көрсету.
Зерттеу міндеттері:
Зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік материалдарды жинақтап,
өндеу.
Ағаш ою техникасындағы жұмыс түрлерін көрсету.
Зерттеу әдісі : Алға қойылған міндеттерді шешу үшін педагогикалық және әдістемілік бағыттағы әдебиеттерге теориялық талдау жасау, жұмыс түрлерімен танысу. Жұмыс технологиясын оқып – үйрену.
Зерттеу кезеңдері:
Ғылыми жұмыс құрылымы: аннотация, кіріспе, ағаштық бұйымдарды өңдеу ерекщілігі, қорытынды бөлімдерінде тақырыпқа сай мәліметтер берілген.

І.Кіріспе
Бүгінгі таңда жеке адамды өз халқының рухани мәдениетінде тәрбиелеу қоғам алдына қойылып отырған үлкен міндеттің бірі. Бұл міндетке педагог-мұғалімдер атсалыса халық шығармашылығының (творчествосының) тәжірибелерін қолға алып мектеп қабырғасына жиілетіп еңзізуде.Қазіргі уақытта үй-тұрмысында, көшелерде, аулаларда көркемделіп, әшекейленіп көз нұрын алатын бұйымдарды іс-әрекет жүзінде іске асатын халық шығармашылығының туындысы – қол өнер.
Бұл өнердің түрімен де жеке адамды тәрбиелеуде қазақ халқының мәртебесі әлде кайда көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Ол дегеніміз, біріншіден, оқушы өз халқының мәдениетін түсініп кейінгі ұрпаққа жалғастыруға ие болса, екіншіден, тарихқа белгілі көне заманда, жерімізде қандай болмасын бәрі әсемдікпен көмкеріліп отырған колөнер. Осы өнер түрін қайта жандандырып өрістетуге үлкен септігін тигізеді. Сондықтан, жасөспірім бұл оқулықтан қол өнердің пайда болып даму трихын, ағашты көркемдеп өндеудегі әр техниканы қарастырғанда жұмыс орнын, әр техникаға байланысты арнайы аспаптарды, Құралдарды, ұлттық оө-өрнектерді, олардың композициясын, ұлттық түстерді, көркемдеп әсемдеу технологиясын кездестіреді.
Менің ғылыми жұмысым , ежелгі дәуірлерден күні бүгінге дейін , атадан балаға, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып өз сабақтастығын тауып отырған сәндік қолөнерінің бір түрі – «ағаштық бұйымды көркем өңдеу ерекшілігі». Тұрмыстық қолдануда орны ерекше ағаш бұйымы қасық туралы және оны оюлармен көркем өңдеу өнері жайында жан-жақты мағлұмат беріледі.



1.1. Бұйым жасауда қолданылатын ағаштың түрлері.
Ағаштың түрлері
Бұйым жасау барысында ағаштың бірнеше ағаштардың түрлері қолданылады. Ақ қайың - түрі ақ. Аққайыңның шпон кесіндісі саз аспаптар жасау саласында ою-өрнекке, әшекейлерге қолданылады. Ағаштың құрылысы кейде біркелкі жылдық салалары шағылыс арқылы бәсең көрініп , кейде сарғыш қоңыр көзге едәуір ілініп тұрады. Қайың жалпы біртектес түс береді , пышақпен жақсы өңделеді , өте тығыз ағаш , бояуды жақсы қабылдайды. Боялғаннан кейін қызыл тектес ағаштың бейнесін елестетеді.
.Ағаш жеңіл,оңай өңделеді,бояды жақсы қабылдайды.Өндірісте өте кең көлемде қолданылады.
Шырша-ақ түсті срағыш және оның көлденең кеспесінен жылдық сақиналары әзер көрінеді.Кіші бұтақ түбірлері өте көп.Физика-механикалық қасиеті қарағайға қарағанда өте төмен.Құнды ағаштар қатараына жатады.
Көктерек –түрі сүттің бетіндей,жұмсақ әрі жеңіл біртектес тығыз ағаш. Ақшыл-жасыл,көгілдір түсті көлеңкені көрсетеді. Ағаштың беті женіл, жұмсақ, жылтыр, сарғыш шағылыс береді. Жылдық сақиналары онша көрінбейді, тек сарғыш-қоныр түспен көзге ілінеді. Бұйым жасауға өте қолайлы,жақсы майысады, онайшылықпен сынбайды. Бұл ағашты негізінде боямаған жөн, лактағанда өз түсін өзгертпей қалдырады да әдемі,әсем көрініс беріп тұрады. Құнды ағаштың бірі болып есептеледі.
Қарағаш - әсіресе тангентальды кесіндісінде үлкен өзекті каналдармен жылдық сақиналарымен, анық айқын түсімен ерекшек көзге түседі және өте ірі күрделі көрініс береді. Толқынды келген ағаш сақиналары және өзек ұшқындары басқа ағаштарға қарағанда өте ерекше шағылысып тұрада,ағаштың түсі қызыл-қоңыр болып келеді,әрі жасыл-күрең немесе көкшіл шағылыс байқатады. Бұл ағаш өте қатты,тығыз әрі жақсы өңделеді. Бұйымдарға ерекше бейне беріп,өзінің құрылысымен сәнді көрінеді. Саз аспаптарынынң барлық түрлеріне кенінен қолданылды.
. Ағаш шеберлері тәжірибе жүзінде кез келген ағаштың түп жағы берік болады деп санайды.Ағаштан бұйым жасағанда шеберлер әр ағашқа тән ерекшеліктері, атап айтсақ ағаштың қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпімділігі, түсі, тұтқырлығы, жарылғыштығы, шайырлығы, дыбыс өткізгіштігі т.б. қасиеттерін басты назарда ұстайды.
 Қайыңның тозын ыдыс, құты жасауға, саз аспаптарын әсемдеуге пайдаланады. . Тұт ағашын негізінде жібек құртын өсіруге пайдаланатындықтан «тұт еккенің - құт еккенің» деп бағалаған. Ол саз аспаптарын әзірлеуге ең тиімді ағашқа айналады.
Домбыраны үйеңкіден тұтас шауып немесе құрап әзірлеу өте қолайлы
6615430412750
00
1.2. Ағаштың қасиеттері
Бұйымға материалды тандау ісі өте үлкен жауапкершілікті талап етеді,өйткені оның әсемдігі төзімділігі, ұзақ пайдаланылуы және құндылығы таңдап алынған материалға байланысты. Мысалы: бесік,қасық, әшекей сандық, асадал т.б.ою арқылы ойылып жасалатын бұйымдарға бүтіндей ағаш өңін бұзбаған материалдар болуға тиіс.
Көрмемделіп өңделетін ағаш бұйымдарын таңдай білу үшін сол бұйымдарды жасауға қажет материалардың қасиеттерін жақсы білуі керек.
Ағаштың химиялық қасиеті. Ағаш бірнеше органикалық заттардан:көмір қышқылынан,сутегі,оттегі,және белгілі бір мөлшердегі азот қышқылынан тұрады.
Ағаштың физикалық қасиеттері. Ағаштың физикалық қасиетіне оның сыртқы көрінісі , ылғал , суық және жылу өткізгіштігі , дыбыс беру мен электр тоғын өткізу қасиеті жатады. Бұл жағдайда оның түсі мен жылтырлығы , иісі ескеріледі.
Бұл қасиетті қолөнерші шеберлер мебель, ыдыс-аяқ және т.б. заттар жасағанда ескеріп пайдаланады. Ағаштың сыртқы түрі, оның климаттық және қандай жерде өскеніне, жасына байланысты өзгеріп отырады. Жас ағаш әрқашанда ақшыл болады. Көктерек, қайың, жөке ақ болса, алма, емен, қоңыр, сұрғылт түсті болып келеді. Осы ағаштардың өздерін бояулар , морилкалар арқылы басқа түске өзгертуге болады.
Ағаштың ылғалдылық қасиеті. Ылғал сіңіру ағаштың жағымсыз қасиеттерінің қатарына жатады. Ол үшін ағашты лакпен ,бояумен,олифпен,шайырмен немесе жасанды шайырмен қаптайды.Бұйым жасауға арналған ағаштарды кептіргенде,жарылып кетпес үшін көлденең басына балшық болмаса сиырдың жас тезегін жағып,не қағаз желімдеп қойған жөн. Тез кебетін ағаштарға шамшат ,қайың,алма;орташа кебетіндерге-шырша,балқарағай жатады.
Ағаштың механикалық қасиеті.
Ағаштың механикалық қасиеттері жан-жақты, олар өздеріне әсер еткен әр түрлі күштерге қарсы тұра алады.Ағаштың негізгі механикалық қасиеттеріне мыналар жатады: беріктік, қаттылық, шыдамдылық, мортсынғыштық, иілгіштік, былқылдақтық.
Қаттылық пен беріктік үш топқа бөлінеді:
1.Жұмсақ ағаштың беріктігі,қаттылығы аз (540 кг/куб.м.)
Олар қарағай, шырша, көктерек, тал, қаратерек.
2.Беріктігі,Қаттылығы орташа ағаштар (550-740 кг/куб.м.)
олар:балқарағай,қайың,шегіршін,алмұрт,шаған,алма,емен.
3.Өте берік,қатты ағаштар (750 кг/куб.м.) Олар: аққараған, акация, шамшат,
қызыл град.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Ағаштық бұйымды көркем өңдеу ерекшілігі
Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрі оған өрнек ою болып табылады.Адам баласы ғасырлар бойы өзінің тұрған үйін, әбзелдерін , қолөнер бұйымдарын ою-өрнекпен көркемдеп , безеңдіріп отырған. Мысалы сақтар кезінде ағашқа бедерлеп мүсіндеу өнері кең етек алған. Ағаштан ойып жасалған шағын мүсіншілер мен сақтар ертұрман әбзелдерін көркемдеген , ағаш бұйымдарын безеңдірген.
Өрнекті оюды бірнеше тәсілі бар. Соның бірі-геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетіне геометриялық сурет салу арқылы жасалады. Олар үшбұрышты , төртбұрышты немесе шаршыны бірнеше үшбұрышқа бөлу арқылы өрнектеледі. Мұндай өрнектер өте шағын әрі кішкентай ойықтары болғандықтан , оларды зімпарақпен тазалау немесе әрлеу қиын. Сондықтан өрнекті орындау сапасы пышақпен қашаудың өткірлігінетікелеу байланысты.
Екінші тәсілі-өрнекті жұқалай тіліп салу. Мұндай өрнекті салғанда оның ізін пышақпен тіліп , өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Бұл тәсілдің ерекшелігі , мұнда нобайы бойынша өңделетін бейне шет жақтарынан да өңделеді. Сондықтан да өрнекті жұқалай тіліп салу әдісі алынады.
Мұндай оюды бірнеше әдістермен орындайды:
-біріншіден өрнектің жиектерін дөңестеп жұмырлай жиектеп өрнекке
кеңістіктегі көрініс беріледі.
-екіншіден өрнектің сыртқы жиегін өрнек дөнесінің ортасынан да
ойықшалап бедер беріледі.
-үшіншіден , бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің туын
бедерлеу , бедерді өрнектің тәніне қарай таңдап , бедер беру тәсілімен орындалады.
ӨРНЕК-дегеніміз , кез-келген бұйымның сыртына түсірілген біртұтас байланысты әшекей. Ал ою - дегеніміз , бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы , сондай-ақ бұйымды шабу кезіндегі ойып , өңдеу жұмыстарын айтамыз.
Көркемдеп оюда сызықтың өрнек ою әдісі де жиі қолданылады. Мұндай өрнекті ою , яғни кесу , екі немесе үш сызықты ойып кесу әдісімен жүргізіледі. Екі сызықты үшбұрышты ойық ой жұмсақ ағаштан тілінген тақтайға, ал үш сызықты ой тәсілі-қатты тақтайға өрнек салуда қолданылады.
Тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды шығыңқы етіп мүсіндік бейнелердің жартылай көлемін мүсіндеуді, яғни ағашқа бедерленетін барельефті бедерлі ою деп атайды. Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі-келсап, аяқ-табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. Бедерлеп оюдың өзінде орындалу тәсіліне қарай бірнеше түрге ажыратуға болады. Егер тақтаға өрнек жосығын тіліп түсірсе-жосықтау деп , ал қашау ізі тіу салынса қиып ою деп аталады.
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асырылады:
-Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау.
-Бұйымның барлық бөліктеріне өрнектерді жоспарлау
-Өрнектерді кесу
-Бұйымдарды бояу
-Боялған бұйымдарды тазалау
-бұйымды лактау
Кез келгенөрнектерін ойша бұрын оны міндетті түрде тазалап алу керек. Бұйым талаптарға сай тазаланғаннан кейін оған ойылатын өрнектер пішініне , құрылымына байланысты жоспарланады. Бұл талапты алын-ала орындалмаса , яғни өрнектерді кесіп алғаннан кейін тазаласа , оның жиектерін , деңгейін бүлдіріп алуы мүмкін.
Сонымен қатар ағашты көркемдеп өңдеу дегеніміз-ағашқа кез-келген геометриялық фигураны белгілі ырғақпен өрнектеп салу ғана емес , өрнек үлгілерін шығармашылық тұрғыдан композициялы жүйелеу.
Ағаштан әрлеудің, бояп көркемдеуден басқа лактау , эмальдау , жалатпалау тәрізді тәсілдері бар.Алайда , мұның бәрі-дәстүрлі қолөнерімізге келе бермейтін жаңа әдістер. Қазақ шеберлері ағашты үйкелеп жалтыратпаған , көбіне ағаштың өз реңін, өңдік өрнегін сақтаған немесе құралдың ізін қалдыру тәсілі арқылы оюлы заттың көркемдігін арттыра білген. Жалпы алғанда жасандықтан табиғилықты артық көрген. Жоса , қына , томар бояу тәрізді табиғи бояғыштарды қолданған. Әрине аумалы замандарда бұрыңғы шеберлердің бояу , әрлеу әдістерінің көбі ұмтылған , себебі толық деректер жинақталмаған. Зерттеулер бойынша, ұсталар жосаны бір тәулік жылы суға шылап ерітіп , ағашқа жағып соңынан ірі қараның баурымен ысқылайтын болған. Бояудың көшпеуі үшін жосаға, томар бояға ашутас қосқан. Жосаланған ағаш қызыл-қоңыр түске еңіп тартымды рең ашады.
Қына мен жоса лак тәрізді жалтылдап , көзді қарып тез жалықтырмайды. Дегенмен оюлы ағаш өңін өзгерту , ылғалға шыдамдылығын арттыру үшін морилка тәрізді дайын бояғыштарды , сондай-ақ ішінарамайлы бояуды қолдануға болады.Темпера –майлы бояудың бір түрі , темперамен боялған ағаштың бетіне міндетті түрде лак жағуымыз керек. Себебі , темпера сумен араластырылып жасалатындықтан сыртқы ортаның әсерінен ағаш бетіндегі бояудың өңі кетіп , түсіп қалуы мүмкін.
2.2.Ағаштық бұйымды көркемдеп өңдеуде қолданылатын құрал–жабдықтар:
Ағаш оюға қажетті ең басты құрал - қашау (стамеска).
Ою ойған кезде әрбір құралдың өз мүмкіндігін ескермей болмайды. Қашаудың ұзындығы 80-120 мм.,жүзінің ауқымы 2-3мм-ден 40-50 мм-ге дейін болғаны ыңғайлы. Ағаш материалдарын қарапайым өңдеу үшін балтаны, қашауларды, сүргілерді Қасықтың ішін жартылай дөңгелектеп және сопақша етіп ішке қарай тереңдете жону арқылы өңдеуді астауша қашау және жартылай дөңгелек қашаумен жасауға болады, бұрғыларды, балға түрлерін пайдаланады. Материалды көркемдеп өңдеуге арнайы дайындалған құрал түрлері:
а-тегіс түзу қашау
б,в,г-астауша қашаулар
д-қашау- клюкарза
е-бұрышты қашау
ж-қашау церазик
з-тегіс қашау-косяк
2.3. Қауіпсіздік ережелері
Жұмыс істегенде халат пен бас киімді киіп жүру қажет
Жұмысты міндетті түрде жетекшінің рұқсатымен бастау қажет
Шеберхананың құралдарын жан-жаққа тастамай бір жерге сақтау қажет
Араны, тағыда басқа үткір заттарды тістерін кері қаратып қою керек
Араның жүзін жоғары көтерме
Қасындағы кісіге араны үшкір затты сілтеме
Пышақты екінші кісіге сабын ұсын
Араның жүзің алақанмен сипама
Араның жүзің өзіне қарай бағыттама.
Жүзі өткір, тістері қайралған араны қолдан
Қашау –қауіпті кескіш құрал.
Қашаумен жұмыс жасау кезінде ұқыпты болу керек
Кескіш құралмен жұмыс жасаған кезінде сол қолын байқау
Қашаумен ою кезінде қатты күш салу керек емес.
Қашаумен жұмыс жасаған кезінде қашаудың сабынан уру керек болса, қашауды
сол қолымен устап, ал балғаны оң қолында устау керек.
Қашауларды міндетті түрде верстак жәшігінде сақтау керек.
Әр құрал-саймандардың орны белгілі болу керек.
,
2.4.Ағаш қасықты көркем өңдеудің технологиялық процессі
Ағашты көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек.
Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді
Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.
Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Өрнекті оюды бірнеше тәсілі бар. Соның бірі-геометриялық бейнедегі өрнек. Олар үшбұрышты , төртбұрышты немесе шаршыны бірнеше үшбұрышқа бөлу арқылы өрнектеледі. Мұндай өрнектер өте шағын әрі кішкентай ойықтары болғандықтан , оларды зімпарақпен тазалау немесе әрлеу қиын. Сондықтан өрнекті орындау сапасы пышақпен қашаудың өткірлігінетікелеу байланысты.
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау, қасық сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді.
Ағаш Тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды шығыңқы етіп мүсіндік бейнелердің жартылай көлемін мүсіндеуді, яғни ағашқа бедерленетін барельефті бедерлі ою деп атайды.
680466049911000Технологиялық процесс өндірістік процесстің бір бөлігі болып табылады. Ол өңделетін шикізат пен материалдың мөлшерін,түрін немесе қасиетін өзгертумен тікелей байланысты жүргізіледі. Ағаштан бұйым жасаудың технологиялық процессі бірнеше кезеңге бөлінеді.Олар:
дайындауға арналған ағаш материалдарын дұрыс үлгімен дәл өлшемдерге келтіру үшін механикалық тәсілмен өңдеу;
Ағашты дайындау , өлшем бойынша кесу
Ағаштың қабығын аршу, жасалынатын қасықтың басын өлшеп сызу
Ағашты тұтас шауып щығу
Бұйымның сызбасын берілген өлшемдерге сай белгілеу
Бұйымды қиып ою,кертіп ою тәсілдері арқылы көркемдеп, бедерлеп ою
тазартылған ағаш материалдарын ақтық үлгіге келтіру үшін механикалық
тәсілмен өңдеу;
Бүйымды (қасықты) бас жағын үңгіп ойып, өңдеу, өрнек салу,лактау
Дайын болған қасық текшесінің бөлшектеріні бір-біріне желімдеп жапсыру
Құрастырылатын біртұтас бұйымды біржола өңдеп бітіру.
Ағаш қасықты өңдеуде қолданылған ою-өрнек түрлері:
геометриялық ою, жұмырлап ою .
Технологиялық процесстің кезеңдері бойынша дайындауға арналған ағаш
қасық жасаудың нусқау қартасы нұсқау картасы

№ Жұмыстың орындалу тәртібі Қажетті құрал -саймандар
1 Ағашты дайындау , өлшем бойынша кесу Қол ара, сызғыш
2 Ағаштың қабығын аршу, жасалынатын қасықтың басын 90мм өлшеп сызу Балта, қашау, сызғыш, қарындаш.
3 Ағашты тұтас шауып щығу Балта, қашау,верстак,қыспақ.
4 Бұйымның сызбасын берілген өлшемдерге сай белгілеу Сызғыш, қарындаш
5 Бұйымды қиып ою,кертіп ою тәсілдері арқылыкөркемдеп, бедерлеп ою. Қашау, қыспақ.
6 Бүйымды (қасықты) бас жағын үңгіп ойып, өңдеу, (қүйдіріп)өрнек салу,лактау Доғал, қасықша қашау,
Қашаулар, құм қағаздары, рашпильдер, лак.
. III.Қорытынды
«Жандыда жайын үлкен, жансызда қамыс үлкен» деп, ата - бабамыздың ертеден ағашты қадір тұтып, оны тұрмыс тіршілік қажетіне лайықты екенін біліп, қолдану реттерін білген, әрі негізі кәсіптерінде осы материалды кеңінен пайдаланып, әрқилы бұйым түрлерін жасады.
Менің ғылыми жұмысымда ағаштан бұйым жасауға қажетті деген материалдар, әдіс - тәсілдер рет - ретімен жазылды және барынша қамтылды.
Жалпы ежелден - ақ қолөнері көркемдік қасиетті бойына сіңірген және өзіндік ерекшеліктерімен дараланған. .
Бұл өнерді дамытып - жаңғыртуда келер ұрпақ шығармашылық тұрғысынан, композициялық шеберлік танытады деп сенемін.
IV.Пайдаланғанған әдебиеттер тізімі
Қазақ халқының қол өнері «ғаламтор»
2. Ағаштың түрлері «ғаламтор»
3. Ағашты көркемдеп өңдеу «ғаламтор»
4. Мектептегі технология №.9 2004ж
5. Технология. 8-сынып. Алматы «мектеп»-2008
6. Технология. 6-сынып. Алматы «Атамұра»-2002 ж.
7. Технология. 7-сынып. Алматы «Атамұра»-2003 ж.


V.Ғылыми жұмысқа пікір:
Тақырыбы:Ағаштық бұйымды өңдеу ерекшілігі
Ағаш ою техникасымен сәндік композиция шығару, материалдардың
мүмкіндіктерін көрсетілген.
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәсәләсі өзекті проблема болып отыр. Проблеманы шешу технология, еңбекке баулу пәндерін де қатысты болып табылады. Технологияда өз бетіндік жұмыстарға көп кемек беру, әр бір педагогтың міндеті Осындай жұмыстар көмегімен оқушылардың дербестегін, шығырмашылық қиялын дамытуға болады.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін әдістемілік бағыттағы әдебиеттерге теориялық талдау жасау, жұмыс түрлерімен танысу. Жұмыс технологиясын оқып – үйрену.
ағаштық бұйымдарды өңдеу ерекщілігі,ағаштың түрлері, қасиеттері,бұйымды жасаудың технологиялық процессі, қауыпсыздық ережелері тұралы тақырыпқа сай мәліметтер берілген.
Кептірілген ағашты балтамен щабуға қиын болғандықтан ағашты өңдеу кезінде балтаның орнына, ара және рашпильмен жұмыс жасаған, себебі колданған ағаштар дайын кесілген, кептірілген брустар болды.оқушының ағаштан жасаған қасық жинақтығы үш түрлі ағашпен өңделді олар: көктерек-жұмсақ ағаш(күрекше), қарағай –қатты ағаш(ожау), тал-орташа(қасық, текше)
Осы жоғарыда айтылған жұмыстың барлығын оқушы өз еңбегінде толық ашып істеген және көп ізденген
VІ.Тезис
Зерттеу болжамы: Бұл жұмыс кезінде мен салыстыру, сәйкестендіру, анализдеу және нақты материалдарды өңдеу әдістерімен жұмыс істедім. Зерттеу бөлімі 6-бөлімнен тұрады. Оның екі бөлімінде ағаштық бұйымды өңдеу ерекшілігі тұралы, ағаштың қасиеттері, түрлері, ою-өрнек түрлері, және ағаш қасық жасаудың технологиялық процессі тұралы толық мағлұмат берілді. (Осы ғылыми жобаға қосымша –жұмыстың орындалуы кезеңдері слайдпен көрсетілген.) Ғылыми жұмыс – ағаштан қасық оюда ағаш материалы пайдаланылды. Қасықты жасауда ағашты текқана қолмен өңдеу процессі жүргізілді.
Зерттеу пәні: технология Тақырыбы:Ағаштық бұйымды өңдеу ерекшілігі
Зерттеу нысаны: : Қолөнер бойынша әдебиеттер, альбомдар, бұйым үлгілері, әдістемілік оқулықтар, газеттер, журналдардағы, педагогикалық ақпараттық - әдістемелік басылымдардағы іс – тәріжибелер, мақалалар, интернет.
Зерттеу мақсаты: Ағаш ою техникасымен сәндік композиция шығару, материалдардың
мүмкіндіктерін көрсету.
Зерттеу міндеттері:
Зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік материалдарды жинақтап,өндеу.
Ағаш ою техникасындағы жұмыс түрлерін көрсету.
Тандалған, тақырыптың қажеттілігі: Қазіргі таңда сапалы білім беру мәсәләсі өзекті проблема болып отыр. Проблеманы шешу технология, еңбекке баулу пәндерін де қатысты болып табылады. Технологияда өз бетіндік жұмыстарға көп кемек беру, ұлттық нышанда орындалатын жұмыстардың пайдасы мол. Осындай жұмыстар көмегімен оқушылардың дербестегін, шығырмашылық қиялын дамытуға болады.
Зерттеу әдісі: Алға қойылған міндеттерді шешу үшін әдістемілік бағыттағы әдебиеттерге теориялық талдау жасау, жұмыс түрлерімен танысу. Жұмыс технологиясын оқып – үйрену.
Зерттеу кезеңдері: ағаштық бұйымдарды өңдеу ерекщілігі,ағаштың түрлері, қасиеттері,бұйымды жасаудың технологиялық процессі, қауыпсыздық ережелері тұралы тақырыпқа сай мәліметтер берілген.
Жұмыстың жаңашылдылығы: Кептірілген ағашты балтамен щабуға қиын болғандықтан ағашты өңдеу кезінде балтаның орнына, ара және рашпильмен жұмыс жасадым, себебі колданған ағаштар дайын кесілген, кептірілген брустар болды.Менің ағаштан жасаған қасық жинақтығы үш түрлі ағашпен өңделді олар: көктерек-жұмсақ ағаш(күрекше), қарағай –қатты ағаш(ожау), тал-орташа(қасық, текше)