Зерде Т?рмыста та??ыш ??рын ?олдануды? ма?ызы ?ылыми жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Орындаушылар:Бүркітбаева Гүлмайра
Жаңаева Ақбөбек


Жобаның тақырыбы: Тұрмыста таңғыш құрын қолдану
және оның маңызы
Секция: Этномәдениеттану
Жетекшісі: Қарақұлшық Әсем

Ғылыми жетекшісі:Ләззат Джумалиева Төребекқызы
Ш.Есенов атындағы КМТж ИУ
«Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедрасының меңгерушісі, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты
2014 жыл
Мазмұны
І. Кіріспе ............................................................................................................3-4
ІІ. Зерттеу бөлімі ...................................................................................................
2.1. Киіз үй – ерекше туынды ......................................................................5-7
2.2. Таңғыш тоқуға қажетті құрал -жабдықтар.....................................8-11
2.3. Таңғыш тоқу - өнер ...............................................................................12-13
2.4. Тұрмыста таңғышты қолдану .............................................................14-16
ІІІ. Қорытынды ..............................................................................................17
IV. Қосымша ...................................................................................................18-19
V. Пайдаланған әдебиеттер .........................................................................20
Аннотация
Зерттеудің өзектілігі:
Көзден кетіп ұмыт бола бастаған киіз үй жабдығының бір бөлігі таңғыштың маңызын, ұлттық сипатын жандандыру.
Зерттеудің мақсаты:
киіз үй мәдениетіне қатысты деректерге сүйене отырып, таңғыш құрының маңызын анықтау.
Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттерді алға қойдық:
Киіз үй жабдықтарына қатысты мәлімет жинақтау;
Таңғыш тоқуға қажетті жабдықтарды іздестіру;
Таңғыш тоқудың өнердің бір түрі екенін сараптау.
Зерттеу әдістері:
Киіз үй жабдықтары, соның ішінде таңғыш құры туралы мәлімет жинақтап, тәжірибеде жүзеге асыру.
Зерттеудің жаңашылдығы:
Таңғыштың киіз үйдің маңызды бір бөліктерінің бірі екенін анықтай отырып, қол өнер бұйымының ғаламдық мәнін ашу.
Жұмыстың нәтижесі:
Зерттеу нәтижесі қазақ киіз үйінің ұлт болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Қазақ киіз үйін әлемдік кереметтердің бірі ретінде танытуда этнография саласына үлес қосады.
Қорытынды:
Қолөнер технологиясын жастарға меңгерту үшін мектеп бағдарламасына киіз үй жабдықтарын дайындау енгізілсе, мектептер жанынан арнайы үйірмелер ашылса, осы кәсіптің қыр-сыры жастарға үйретілсе, ұлттық құндылықтарды құрметтеу болашаққа мирас болып қала береді.


І. Кіріспе
Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп-өнуі, даму көзі оның тамырынан нәр алады десек, адам баласының рухани дамуының көзі оның тілі, діні, салт-дәстүрі болып табылады.
Қазақ елінің ертеңі - бүгінгі мен сияқты мектеп қабырғасында білім алып жатқан жас өскін ұрпақтар. Ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып қалыптасқан тілімізді, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегені үйреніп, бойыма сіңіріп, күнделікті тіршілікте пайдаланғым келеді. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Бұл тұрғыдан алғанда туған халқымыздың тарихи даму барысындағы, атам заманнан бері өмірмен бірге жасасып, біте қайнасып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан сондай асыл қазынамыздың бірі – киіз үйдің әлемдік кереметтердің бірі ретінде танылуға тиісті тарихи орны туралы таным түсінігіммен таныстырғым келеді.
Киіз үй тек қана баспана емес, ол – бүкіл ғалам мен адамзатты байланыстырушы. Рухани мәдениет ретінде қарастырсақ, киіз үй арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелі орын. Киіз үйдің сыртқы келбеті жарты шарға ұқсайды. Жер шарының қай нүктесінде тұрсаң да, тас төбеңнен тұтас шар емес, соның тең жартысы болып табылатын шар төніп тұр. Бұл көрініс жарты шар болып көрінетін алып жерге сәулесін шашып, шаңырақтан төмен салбырап тұрған жылуын беріп тұрған күнді еріксіз көз алдыңа елестетеді. Сонау бір дамыған ғылымы жоқ заманда ата-бабамыз осындай ғажайып туынды ойлап шығарғандығын осы еңбегімде тың деректер арқылы дәлелдегім келеді.
Өнеркәсіп өркендеп дамыған кездің өзінде-ақ қолөнер туындыларына сұраныс азайған жоқ. Фабрикалық кілем, алаша т.б. жүннен жасалған бұйымдар әлі күнге дейін тұрмыс сәні. Соңғы жылдары кілем тоқу үлкен фабрикаларда өндірілетін, өндірістік кәсіпке айналып отыр. Онда кілем, алаша, басқұр, құр, қоржын, сондай-ақ жолақ жаңа түрлерін көптеп шығарып жатыр. Олай болса, төрт түлік малдың жүні әлі де сұранысқа ие. Тек сол ұлттық құндылыққа қазіргі жастардың қызығушылығы төмен екенін байқап жүрмін. Олар әдемі қолөнер бұйымдарына енжер қарайды. Демек олар үшін сол қолөнер бұйымдары жасалатын шикізат та маңызды емес. Жасанды талшықтардан дайындалған киімнен, төсеніштен гөрі төрт түлік малдың жүнінен тоқылған киім мен төсеніштің экологиялық, экономикалық пайдасы молырақ екенін жаңа заман иелеріне түсіндіргім келеді.
Төрт- түлік малдың жүні қазақ халқының тіршілігінде үлкен рөл атқарған. Жүннен бау,шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әртүрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты мүліктер жасалған. Қойдың жүнін « жабағы», «күзем жүні», « қозы жүні», «өлі жүні» және «шет-пұшпақ» деп бес түрге бөліп айтады. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі күседі. Жабағы жүнді киімнің , көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне , бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады.Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып,бау-шу есіледі. Ал күзем жүнінен , қозы жүнінен киіз басылады.
Қарапайым қойдың жүнінен текемет, түскиіз, сырмақ, бөстек, аяққап, кебеже, байпақ секілді дүниелерді жасап, қажетіне жарата білген қазақ халқының шеберлігіне таңғалмау мүмкін емес. Күзем алу маусымында ұлан-асыр думан жасап, киіз басып, сырмақ сырған қазақ халқының осы дәстүрі бүгінгі күні ұмыт бола бастаған.
Ғылыми –техникалық прогрестің қарқынды қадамы ұлттық бұйымдарды ығыстырды. Таза жүннен тоқылған жылы, экологиялық таза киімнің орнына жасанды талшықтардан дайындалған киімге адамдар әуес болды. Синтетикалық талшықтардан жасалған киімдердің адам ағзасына зиянды әсерін осы күні оқып-біліп жүрміз. Сонда да немқұрайлылық танытып келеміз. Қой жүнінен тоқылған шұлықтар, жылы кеудешелер қыста салқыннан сақтайтынын көріп жүрмін. Мен туған ауылымда қой жүнінің керексіз болып бара жатқанын байқап жүрмін. Қой жүнінің маңызы шектеулі болып барады. Ауыл ұлттық құндылықтарды сақтап қалған бірден-бір мекен болса, бұл мекенде де немқұрайлылықтың басталғаны – ұлттық болмысымызға селкеу түскені.
Егер саралар болсақ қой жүні экономикалық тұрғыда өте тиімді. Қой жүнін алыстан іздемейміз, тасымалға шығын шықпайды. Қой жүнінен бұйым дайындау өте күрделі техниканы да қажет етпейді. Жүннің тұрмыстық қажеттіліктен гөрі ғылымда дәлелденген тиімді әрі адам денсаулығына пайдалы әсерлерін де айта кеткен жөн.Оны ғалымдар былай тұжырымдайды:
жүн жылуды жақсы сақтайды, сондықтан одан тоқылған киім жылы келеді;
жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің салмағы жеңіл;
жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді;
жүннің күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі бар.
жүннің әр түрлі шуды және тербелістерді төмендететін қасиеті де бар.
Қазақтың терме өрмегінің тәсілімен тоқылатын заттар қатарына кілем, тақыр кілем, құр, таңғыш, желбау, басбау, есіктің тастамасы, қоржын, сандыққап, сияқты қолдан тоқылатын кілем тоқыма станоктарында өндірілгендіктен өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады. Машинамен тоқылатын кілемдер негізінде табиғи жіптермен қатар синтетикалық жасанды талшықтар, жүн тәріздес жіптер, химиялық пленка жіптер де пайдаланылады.
Қолөнер – қолданбалы өнер дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым, еңбек құралдарының көмегімен көркем композициясының шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару – жарақ, құрал – саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт – дәстүрінің нақтылы көрінісі. Халықтың дәстүрлі қолөнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы. Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр – өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс. Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы - ең басты басымдық. Қай қоғамда болмасын бүгініміз бен кешегімізді қастерлеу - қоғамның парызы. Ал қоғамның дамытушысы – адам.
Бүгінгі болашақ ұрпақ - ертеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендетсе керемет болар еді.
ІІ. Зерттеу бөлімі
2.1. Киіз үй – ерекше туынды
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. 02148205 Қазақы үйлер пайдаланылуына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы, қара үй (үш қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үзік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. Жаңа үй болған жас шаңырақты “отау” дейді.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл-киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерде отырмайды.
Сол жақ (кіргенде оң жақ) – үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.
5
Оң жақта (кіргенде сол жақ) – балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.
От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.
Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.
Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. 04864735
Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.
Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.
Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.
Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.
Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.
Бел- бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.
Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін
бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.
6
Киіз үйдің сыртқы жабдықтары – күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірген ақ шаңқан киізден пішіп, ою - өрнектермен безендіреді.
Туырлық – керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұрады.
Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сыртқы киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.
Түндік – шаңырақты, киіз есікті туырлық шетін бастыра жабылады. Түндіктің төрт бұрышына түндік бау байланады. Түндікті ық жақтан қайырып ашады, әйтпесе жел көтеріп, желпіп кетуі мүмкін.
Қазақтың ұлттық киімдері, қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе атқан бай қазына.
Үйші үй сүйегін толық жасап болғаннан кейін, оны қызыл түсті жосамен немесе қызыл, көк бояулармен бояйды. Егер үй қайыңнан жасалса, оны өсімдік майымен майлайды. Ол ағашқа піл сүйегі түстес өң береді, әрі оған су сіңбейді. Салтанатты ордалардың шаңырағын, уығын, кереге басын, маңдайшасын оюлайды, өрнектейді. Ауқаттылар күміспен, сүйекпен, мүйізбен әшекейлейді.
Үй сүйегі әзір болған соң, оның киіздері жасалады. Киіздері кереге бойына туырлық, шаңыраққа дейін үзік, шаңырақты жабатыны түндік және киіз есік деп аталады. Олар қойдың ақ күзем жүнінен басылады. Ертеректе қазақта қой көп, сондықтан киіз үйге қажетті материал жеткілікті болған. Міне, осы жүннен үй киіздері дайындалады. Қазақ даласында жүннің көптігі сондай, 25 мың қойы бар Қызылжарлық Қосшығұл деген бай қойдың жабағысымен құрт қайнатады екен. Оның әзірлеу, дайындау, пішу жолдары ұзақ бір ғылыми этнографиялық шығармаға лайық. Киіздер құр, баулар арқылы тұтылады. Олар туырлық бау, түндік бау, үзік бау, жел бау деп аталады. Туырлық пен үзіктердің өзара айқасатын жерін жабық дейді. Туырлық пен үзік баулары кестелі, оюлы жалпақ құрдан жасалып, үйге көрік беріп тұрады. Киіз сыртынан жел көтермес үшін екі белдеу арқан тартылады. Үйге қолданылатын арқан түрлері де көп.
2.2. Таңғыш тоқуға қажетті құрал – жабдықтар.
Киіз үй негізгі үш бөліктен құралады:
Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері)
Киіздері (ши де осыған кіреді)
Бау-шулары (баулары мен басқұр, арқандары).
Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп, кішірейтіп, алты,жеті қанатты етіп тігуге де болады. Туырлықтан жазда ыстық, қыста суық, жауында су өтпейді. Кейде қыстан киіз үймен шығатын қазақтар туырлықты екі қабат етіп жабады. Үй іргесін шөппен бітеп, айналасын қамыспен шалылап, қоралайды. Көбінесе, қопалы қамысты жерді паналайтындықтан, жел де көп болмайды. Міне, осындай үйде ел даңқын асырып, намысты қолдан бермеген данышпандарымыз бен батырларымыз туып, өскендігін мақтанышпен айтуға болады. Әрісі Керей, әз Жәнібек, Тәуке хан, хан Абылай, Кенесары, ұлы Абай, ғұламалар Ахмет Байтұрсынов, Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезовтердің кіндігі осы киіз үй ішінде кесілген. Әрқашан қоныс аударғанда таза жерге тігілген үйдің саф ауасы аспан, жер, сумен астасып, қасиетті қара шаңырақтың киесі, мүмкін, осындай ұлылардың көкірегіне нұрлы сәулесін құйған болар.
Қазақ өмірі мен мәдениетінің, әлеуметтік жайының бір түйіні киіз үй мен төрт-түлікке байланысып жатады. Сәлемі, киімі, ыдысы, салт-дәстүрі де осыған келіп саяды. Сондықтан да олар бұған лайықты қанатты сөздер, ырымдар, тыйымдар, аңыздар да шығарған.
Киіз үйдің пайда болуы қола дәуіріне саяды. Киіз үйді тігу екінің бірінің қолынан келмейді. Тәжірибесіз адам тіккен киіз үй бір жағына қисайып немесе уығы ырғып кетеді. Киіз үйді тіккенде ең бірінші кереге жайып, оның сағанақтарын таңғыштармен біріктіре таңады, есігін орнатады. Басқұр таңғыштармен мықтап таңылған кереге шеңберінің үстінен бақанмен шаңырақ көтеріліп, оған уық шаншылады. Киіз үй сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы киіздерін бастастырып тұру мақсатында бау-басқұрлар қолданылады.
8
-3511553147060Олар басқұр, құр, туырлық, үзік және түндік баулар. Негізінен киіз үй, ағаш үй, қазақ үй деп аталады. Оның себебі: батысы мен шығысы, түстігі мен терістігі мыңдаған километрге созылған қазақ жерінің географиялық жағдайына байланысты. Ең үлкен киіз үй отыз қанатқа дейін барған.

Кереге киіз үйдің негізін құрайды. “Керегең кең болсын” деген тілек осыдан шыққан. Өйткені үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге байланысты. Кереге құрайтын ағаштарды желі, оның ұзынын ерісі, қысқаларын сағанақ, балашық деп атайды. Желілердің басы мен аяғына әдемілік үшін ойып, сызықтар жүргізеді. Желілерді тесіп, түйенің мойын терісі немесе өгіздің бас терісінің сірісі (қайыстары) арқылы көктейді. Керегенің басы мен аяқ жағы сәл шалқайтыла, ал ортасы дөңестеу жасалады. Дайын керегені қанат деп атайды, яғни 18 қанат үйде 18 кереге болады. Кереге көзінің үлкен-кішісіне қарап торкөз, жел көз деп бөледі. Торкөзді кереге әдемі әрі берік болады.
Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады. Киіз үй баулары, басқұр, үзік бау, бел бау, шалма, жел бау, бас арқан, таңғыш. Әр баудың өзіндік атқаратын рөлі бар. Соның бірі – таңғыш екі керегенің қос басын бекітіп байлайтын бау.
Таңғыш құрын тоқу үшін бояулы жіп, сырғалақ, арқау,қылыш қажет.
Қазақ халқының қолөнерінің арнасы өте кең түрі сан алуан. Малдың жүні қазақ тұмысына кеңінен қолданылады. Оның ішінде қой және түйе жүндері ерекше орын алады.
Бояулы жіп-қой жүнін алынып, йіріп түстердің сай келуіне қарай бояп қолданады. Тоқымашы әрқашан өзіне ұнайтын түрлі –түсті жіпті сатып ала алмайды.Сондықтан өзіне үйлесімді қажет түсті жіп, жүнді түрлі бояулармен бояп алуға болады. Бұл негізінен үйренгісі келген адамға өте қызықты іс.
Бояу үшін жақсы бояу, дұрыс дайындалған жүн, жіп бояйтын арнайы ыдыс болғаны дұрыс. Боялатын жіпті дайындағанда оның құрамын біліп алу керек.Егер оның құрамында екі түрлі жүн және мақта жіп болса,онда бір түсті жүн және мақта жібін бояуға арналған бояғыштар алынады. Жүн не жіпті сірке суы қосылған жылы суға шайқап алып,жылы жерге жайып қою қажет. Сонда боялған бояу ұзақ уақыт сақталады.
Арқау-таңғыш тоқуда түйе жүнінің шудасын йіріп арқаулық жіп жасайды. Арқау жіптерді шатыс салғанда арасын біріктіріп тұратындықтан мықты болуы қажет.
Сырғалақ қатты емен ағашынан жасалады. Ағашты жұқа етіп сүргілеп, ыссы темір арқылы жұқа ағаш бетін күйдіріп төрт тесік теседі. Үнемі қолданылған сырғалақ жылтырап сырғып тұрады. Жіптерге тоқу барысында кедергі келтірмейді.
Қылыш емен ағашынан жасалады. Қаруға ұқсағандықтан қылыш деп аталады.
lefttop Жүн өңдеуге байланысты атауларға тоқталайық. Ең алдымен жүн қырқу барысында жүннің ақ, қара, кер қызыл түсті түрлері бөлек-бөлек жиналады, салалы, қылшықты, қысқа, бауыр жүндер бөліп алынады. Одан әрі жүннің іртігін жазу, қайызғағынан арылту, шөп-шаламын тазалау, құмалағын түсіру, үлпілдетіп алу жұмыстары жалғасады.
Жіп иіру құралы ұршық деп аталады. Ертеректе әрбір қазақ отбасында міндетті түрде бір-екі ұршықтан болған. Ұршық үш бөлшектен тұрады: ұршық басы, ұршық сабы, мұрындық. Ұршық басы – қатты ағаштан, ағаш безінен, түйенің ортан жілігінің айдар басынан, тастан қашап, кейде оған қорғасын құйып, ортасын жуандығы саусақтай ағашқа кигізуге болатын етіп тесіп жасаған. Ұршықтың әсем түрлерін қазақ әйелдері зергерлерге жасатып алған. Өткен тұрмыста ұршықтың күміс ұршық, қас тасы ұршығы, тас ұршық, құйма ұршық сияқты түрлері мен атаулары болған. Мұндай қымбат бағалы ұршықтар анасынан қызына, келініне мұра ретінде ауысып отырған.
Иірілген жіптерден кілем, алаша, қоржын, қап, т.б. тоқитын тоқу жабдығын өрмек деп атайды. Халық арасында қолданылатын өрмектің екі түрі бар. Оның біріншісін аспалы немесе термелі өрмек дейді. Ондай өрмекте кілем сияқты тұтас, енді заттар тоқылады.
10
Өрмектің екінші түрі жай өрмек деп аталады. Жай өрмек арқылы шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау, басқұр сияқты енсіз бұйымдар тоқылады.
Шуда - түйенің өркешіне, желкесіне, тізесінің үстіне және мойнының астына шыққан ұзын қылшық жүн. Түйені қазақ халқы тұрмысқа жиі пайдаланғандықтан (жүк арту, т.б.) , оның жүні ұйысып, киіздеи берік болып қалады. мұны «жабағы», оның астынан шығатын үлпілдек жүнды «боздақ» деп атайды. шуданың ұзындығы 10 - 30 см аралығында болады. Ол қайшымен қиылып алынады, одан жіп иіріп, алаша, кілем, киім-кешек тоқиды.
Ибн Сина түйе шудасын буын ауырғанда, суық тиген жерлерге басуды ұсынған. Қазақ халқы шуданың пайдасын ерте замандардан бері білген. Халық медицинасына ол денені жылыту арқылы ағзадағы қан айналымын жақсартуға қолданылған. Жылытушы әсері арқылы ниврит, ниврология, остеохондроз, артрит, ривматизм ауруларының алдын алған. Шудадан келетін жылудың екі тиімділігі бар: бірінші - құрғақ жылу, ол адамды шамадан тыс терлетпейді؛ екіншісі - тікенекті шуда арқылы адам денесіне массаж жасап, қан айналымын жақсартады, ісікті басады әрі денедегі суықты шығарады.
Шуда аллергия қоздырмайды және электр қуатын өзіне тартпайды. ыстықта ыстық, суықта суық жібермейді. Сол себепті де түйе шудасынан ұшқыштарға, теңіз әскерлеріне арнайы киім тігіледі. халық арасында шуда киіз үй жабдықтарына (сандыққап, т.б.) , киім-кешек (күпі, пима, шекпен, белбеу, т.б.) жасағанда кеңінен пайдаланылған.
Үскі — ағаш тесу үшін қолданылатын құрал. үскінің ұшы біз тәрізді етіп, қатты темірден ұштап жасалады да, ұзын жұмыр ағашпен сапталады. үскі алымды болу үшін шебер оның ұшын үш қырлы, төрт қырлы етіп жасайды. үйші кереге сағанағы мен уықтың көзін тескенде үскінің сабына таспа не жіңішке жіп шалып алып оның ұштарын екі қолымен ұстап алма-кезек саумалап тартады. Үскінің шүйдесінен бір адам басып тұрады. Сонда үскінің дүзі қарама-қарсы бағытта бұрылып, біртіндеп ілгері жылжиды.
11
2.3. Таңғыш тоқу өнері
Қол өнер адамның әсемдікке, нәзіктікке деген сезімін тербеп, сол салада табиғатты өзінше таңбалап, бедерлеп, сұлулықтың қабілетін арттырады. Ол арқылы біз зор эстетикалық рухани тәрбие алып, әлемдік өнер шыңына қанат қағамыз. Өнер жемісі – өмірге азық демекші, жас ұрпаққа қолөнер арқылы жан-жақты берілген тәлім-тәрбие олардың өмір азығы болатынына күмән жоқ. Өйткені, қолөнер қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің қайнар көзі болған, ғасырлар асылы өз қадір-қасиетін жоғалтпай жалғасын тауып келе жатқан асыл мұралар. Киіз үйдің бау-шулары. Киіз үйдің сыртқы жабындары күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметтерін атқарады. Оларды пісірілген ақ шаңқан киізден пішіп, ою-өрнектермен безендіреді.
Пішілген киізді таңдай өрнекті жіппен жиектеу, дөдегеге мақпал немесе шұғадан ою-өрнек бастыру киіз үйге салтанатты сипат береді. Туырлық керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты, түндік шаңырақты, киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Шиыршықтан түріп қоюға ыңғайлы.
Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұштастыру, сыртқы әбзелдерді бастырып тұру мақсатында бау-құрлар қолданылады. Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Таңғышты қойдың жүнін иіріп, келептеп,толғатып бояп қолданады. Иірілген жіпті екі қазық қағып 2 немесе 4 метр етіп жүгіріп алады. Жүгірілген жіпті сырғалақтан оңқай, солақай етіп өткізеді. Дайын болған таңғышты тоқымас бұрын жіптер шатысын жазып алады.Таңғышты қатты етіп керіп,сырғалақтарды айналдыру арқылы тоқиды. Киіз үйдің бау, құрларының тоқу ерекшеліктері әр түрлі. Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап, тағатын қыл арқан. Белдеу – туырлықтың керегеге тығыз жатуды және оны жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан. Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шармалап байлайтын құр. Уық шалғыш, иық бау деп те атайды. Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік-жиһаздық сәндік сипат береді. Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру. Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Туырлық бау – туырлықты ұстап тұратын әрі әсемдік үшін түр салынған жалпақ терме бау.
12
Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден тағылған, уықтың үстінен айқастыра тартып кереге байлайтын жалпақ терме бау.
Бақан – бір ұшын (жоғарғы) екі аша етіп жасаған ұзын сырық. Әдетте майыспайтын, мықты, тұзу ағаштан жасайды. Ол киіз үйді тіккен кезде шаңырақты көтеріп тұруға арналған. Уық қаламын шаңырақ қаламдығына енгізіп, екінші төменгі ұшын керегенің басына қосып байлаған кезде қолданылады. Ертеде бай-манаптардың керегесі биік, уығы ұзын үйлерінің шаңырағын қарулы жігіттер ат үстінде тұрып бақанмен көтерген. Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жыртуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Алуан түрге боялған қой жүнін орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде туырлықтың сыртынан да ұсталады.
Қазақ қоғамындағы өндірістің тағы бір түрі — үй кәсіпшілігі. Үй кәсіпшілігінің негізгі қызметі шаруашылықты қажетті құрал-жабдықтармен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету. Қазақ қоғамының шаруашылығы мен кәсіпшілігі, негізінен, табиғи болды. Яғни, шаруашылықтан алынатын өнім де, кәсіпшілік арқылы өндірілетін құрал-сайман, тұрмыс жабдығы, қолөнер туындылары да, негізінен, қауымның өз қажеті үшін шығарылды. Сондықтан да Қазақстан Ресей құрамында капиталистік қарым-қатынасқа, тауарлы өндіріс жүйесіне кіргенге дейін қазақ қауымының шаруашылығы табиғи болды, ал кәсіпшілігі үлкен өндірістік, тауарлық мақсатқа құрылмай, негізінен, ауыл-үй, қауымдастар сұранысын өтеуге бағытталды.
Кәсіпшіліктің бұл деңгейдегі түрі үй кәсіпшілігі деп аталды. Қазақ ұсталарының, зергерлерінің қолынан шыққан заттар ешбір елдің өндірістік деңгейде ұйымдастырылған қолөнер заттарынан кем болмаған. Көшпелі тұрмысқа ыңғайланып жасалған түркі-монғол халықтарының, қазақтың киіз үйі өзінің сәулеттік, құрылымдық, ішкі-сыртқы жабдықтары жағынан адамзат баласы ақыл-ойының, өнерінің ең бір шырқау шегі болып табылады.
2.4. Тұрмыста таңғышты қолдану
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде таңғыш сөзінің мағынасы медициналық тұрғыда ғана ашылған. Адам жарақат алғанда қан тоқтату, сынған дене мүшесін таңу мақсатында таңғыш қолданылатыны айтылған. Ал киіз үйдің бір бөлігі ретінде таңғыш сөзі түсіндірілмеген. Демек, ұлттық түсінік солғын тартып барады. Бүгінде жас ұрпақ түгілі қалада өскен ересектер таңғыш сөзін естімесе таң қалмаймын.
Киіз үйді «әлемнің сегізінші кереметі» деп өзге ұлттар мойындаған заманда өзіміз селқоспыз.
Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi.
Көшпелі өмірге бейімделген, ерте заманнан келе жатқан көшпелілер баспанасы Еуразия далаларындағы жартылай көшпелі және отырықшы халықтардың арасына кеңінен таралған. Көшіп-қонуға лайықталып жасалады, түйе мен атқа тиеу арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күнде киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін екіқабат киізбен қаптап, ошақ жағып, жазға дейін отыра беруге болады.
Киіз үй – өзіндік баға жетпес өнер туындысы, қазақ халқы үшін өмір салты мен әдет-ғұрпының, дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Көшпелілердің кіші әлеміне айналған киіз үй олардың өмірінің көп бөлігі өтетін дәстүрлі тұрақты мекенжайы болған. Жұртшылықтың киіз үйді «Ақорда» деп атауы оның үлкендігіне ғана емес, қайта оның ақтығына, пәктігіне қаратылса керек. Киіз үйлер әсемдіктен сырт, тағы анағұрлым терең рухани мән алып жатады. Ол қазақ ұлтының объектив дүниеге деген танымының айналымдық, бірлік, кеңдік, ұйтқылық, теңдік, сыйластық жақтарында қайталанған танымдық білімге толы екенін аңғартады. Қазақтар жөнінен бір киіз үй – бір мекен-жай. Қазақтар үшін, киіз үй бар мазмұнды қамтыған шағын «әлем». Ол жатын үй, қонақ күтетін жай ғана емес, оның үстіне өндіріспен шұғылданатын орын.
14
Жаңа қонысқа жеткенде түсіріп, бірер сағаттың ішінде шаңырақты қайта көтеріп, орнығып отыра бересіз. Егер үйдің тігілген орны жайсыз болса, бірнеше жігіт көтеріп, таңдаған жерге қондыра салуға болады. Киіз үй көшіруге ыңғайлы ғана емес, ең маңыздысы берік, әрі жанға жайлы келеді. Киіз үйдің дөңгеленіп тігілетін себебі, бұл оның дауылдан, жауын-шашыннан қорғану, жер сілкінісінен сақтану мүмкіндігін асырады. Осы себептенде байтақ далада игеріп отырған шаруалар тосыннан тұрған сұрапыл дауыл, қарлы боранның соққысына төтеп беріп келген еді. Киіз үйдің ауасы қашанда алмасып тұрады, тынысы кең әрі жарық болады. Киіз үй тігіп отыру жерді тоздырмайды, өсімдік жамылғыларын бүлдірмейді, осы заман адамдарының қоршаған ортаны қорғау тілегіне лайық келеді.
Киіз үйдің дөңгелек болып келуіне басқа ұлт өкілдері тамсанып келеді. Қазіргі заманғы психологияда төртбұрышты пішіннен гөрі дөңгелекке көбірек басымдық береді. Себебі дөңгелек пішінді үйде берекет болыңқырайды деп пайымдайды. Ал үйде бұрыш көбейген сайын келеңсіздік те көбейеді екен. Біздің санамыздан тыс өмір сүретін тылсым «қара күштер» бұрыштарды мекендейтіні туралы пікірлер психология курстарында жиі айтылады. Осы тұрғыда киіз үйдің дөңгелек пішініне қызыға қараған шетелдіктер «әлемнің сегізінші кереметі» деп бекер атамаса керек.
Киіз үйдің негізі – кереге. Киіз үйдің дөңгелек пішінде болуы үшін керегені бір-бірімен таңғыш байланыстырады. Таңғыштың қаншалықты маңызды екенін осыдан білуге болады. Таңғыш болмаса, керегені бір-біріне байластыру қиын. Шеге немесе қазіргі заманғы шурупты қажет етпей-ақ, өз малының өнімін керегіне жаратып, көрер көзге көрнекті етіп таңғышпен керегелерді байланыстыру арқылы қазақ халқы әрі отбасы экономикасына үнем жасай білген, әрі киіз үйінің эстетикасына ерекше мән беріп, ерекше сұлулық туғыза білген. Таңғышпен керегелерді ұстату әрі қолайлы. Киіз үй көшіп-қонуға немесе мезгілге байланысты тігіліп –жиналатындықтан шеге қолдану тиімсіз, кереге ағашы тез істен шығады. Сондықтан таңғыш киіз үй құрылымында маңызды роль атқарады.
ІІІ. Қорытынды
Түйіндеп айтар болсақ, қазақ қолөнерінің теңдессіз бірегей мұрасы – киіз үйдің халық өмірінде алатын орны ерекше бағалы. Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы. Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр – өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс.
Қазіргі заманда киіз үй тек мейрамда керек дүние секілді. Жаз айларында оның ішінде тынығудың өзі керемет емес пе? Жалпы, оны туризм саласында пайдалануға әбден болады. Біріншіден, шетелден келген меймандар біздің ұлттық байлығымызды бағалайды. Екіншіден, біз осы арқылы өзіміздің ұрпағымызды тәрбиелей аламыз. Үшіншіден, бүгінгі күні саны азайып бара жатқан алтын қолды шеберлерден көп құпияны үйреніп аламыз. Қысқасы, киіз үй біздің ұлтымыздың бренді емес пе? Өкінішке қарай, оған қазір ешкім көңіл бөліп отырған жоқ. Өткеніміздің тамырына балта шауып жатқан секілдіміз. Бір ғана киіз үйдің босағасынан шаңырағына дейінгі бөлшектердің жүзден астам атауы бар екен. Ата-бабамыз ол турасында 500-ден астам мақал-мәтелді артта қалдырыпты. Яғни киіз үйді зерттейтін болсақ, талай-талай томға айналар еді.
Бүгінгі ұрпақ киіз үйді ұлттық мейрам кезінде ғана көреді. Сондықтан олар ішіндегі бұйымдары жайында мардымды ештеңе айта қоюы екіталай. Тағы да айта кетерлігі, киіз үй бөлшектерінің қандай ағаш түрлерінен жасалатыны жөнінде бүгінгі буын түгіл, орта жастағы адамдардың өздері де жөнді ештеңе біле бермейді. Мен осы киіз үй жөніндегі шағын зерттеуімді жазу кезінде бірнеше киіз үй жайындағы мақалалармен, деректермен таныстым, киіз үйге қатысты мол мағлұматтар алдым, болашақта киіз үйдің – әлем кереметтерінің бірі екендігін дәлелдегім келеді. Осы қолөнер технологиясын жастарға меңгерту үшін мектептер жанынан арнайы үйірмелер ашылса, осы кәсіптің қыр-сыры жастарға үйретілсе екен деп ойлаймын. Киіз үйдің әрбір бөлігінің маңызы жете түсіндірілсе, балалардың киіз үйге қызығушылығы оянып, отбасында да киіз үйге жаңаша көзқарас қалыптасатынына сенімдімін. Еңбек сабақтарында басқұр, таңғыш тоқып үйренген оқушы әрі ұлттық бұйымдардың болашаққа жетуіне үлес қосады, әрі қолөнерге деген сүйіспеншілігі артып, еңбекке қабілеті шыңдалады. Киіз үйдің әрбір бөлігі шеберлікті қажет ететіндіктен, кез келген оқушы киіз үй бұйымдарын дайындау арқылы шеберлігін шыңдай алады. Мен құрбыларыма осы шеберлік сабақтарынан өтуді ұсынамын. Әрқайсысымыздың әжелеріміз шебер, киіз үйдің жабдықтарын дайындап біледі. Олай болса, осы мұраны әжелерімізден алып қалып, болашаққа жеткізуге әрбір жеткіншек жұмыстанса, керемет болар еді. Егер дәл осы сәтті пайдаланбасақ, кеш қалуымыз әбден мүмкін. Себебі біздің әжелерімізден кейінгі ұрпақ өкілдері - ғылыми-техникалық прогресс заманының тумалары. Киіз үйді тек мұражайдан ғана көруіміз мүмкін заман туғанын еске салғым келеді.
17
Қосымша суреттер
18

19

ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Кенжеахметұлы С.
Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Алматы: “Алматыкітап”, 2006
Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясы, І том, Алматы, 1984
Уикипедия. Ашық энциклопедиясы
“Қазақстан”. Ұлттық энциклопедия/ Бас редактор Ә.Нысанбаев – Алматы: “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы, 2000
Шаңырақ:Үй тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қазақ Совет энциклопедиясы. Бас.ред., 1990
Отырар. Энциклопедия – Алматы: “Арыс” баспасы, 2005
Жүннен жасалатын бұйымдар / Құрастырған К.Мұқанов – Алматы: “Қайнар”, 1990
Конспект
Мен, Бүркітбаева Гүлмайра, №1 мектеп-лицейінің 4 б-сынып оқушысы,
«Тұрмыста таңғышты қолдану және оның маңызы» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Бұл тақырыпқа қызығушылығымның оянуына әжемнің киіз үй бұйымдарын дайындай алатыны себепкер болды. Әжем түрлі бояулы қой жүндерінен бау, басқұр, алаша, таңғыш тоқығанда көмектесіп, өзім де үйрене бастадым. Мені бұл бұйымдардың әшекейлері қатты қызықтырады. Бірақ өзіммен қатар құрбыларымның қызықпақ түгіл, киіз үйдің бұйымдары жөнінде көп нәрсе білмейтіндіктеріне көзім жетті. Ана тілі сабақтарында сыныптастарымның киіз үй туралы түсініктерінің шала екендігін байқадым. Сондықтан осы тақырыпты зерттеуді қолға алып, киіз үй бұйымдарының, соның ішінде, таңғыштың маңызын анықтауды алдыма мақсат етіп қойдым. Осы мақсаттан келесі міндеттерім туындады:
1.Киіз үй жабдықтарына қатысты мәлімет жинақтау.
2.Таңғыш тоқуға қажетті жабдықтарды іздестіру.
3. Таңғыш тоқудың өнердің бір түрі екенін сараптау.
Зерттеу жұмысымның өзектілігі - көзден кетіп ұмыт бола бастаған киіз үй жабдығының бір бөлігі таңғыштың маңызын, ұлттық сипатын жандандыру.
Зерттеу барысында киіз үй жабдықтары, соның ішінде таңғыш құры туралы мәлімет жинақтап, тәжірибеде жүзеге асыру әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысымның жаңашылдығы - таңғыштың киіз үйдің маңызды бір бөліктерінің бірі екенін анықтай отырып, қол өнер бұйымының ғаламдық мәнін ашу.
Киіз үйдің ауасы қашанда алмасып тұрады, тынысы кең әрі жарық болады. Киіз үй тігіп отыру жерді тоздырмайды, өсімдік жамылғыларын бүлдірмейді, осы заман адамдарының қоршаған ортаны қорғау тілегіне лайық келеді.
Көшіп-қонуға лайықталып жасалады, түйе мен атқа тиеу арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күнде киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін екіқабат киізбен қаптап, ошақ жағып, жазға дейін отыра беруге болады.
Киіз үйдің дөңгелек болып келуіне басқа ұлт өкілдері тамсанып келеді. Психологияда төртбұрышты пішіннен гөрі дөңгелекке көбірек басымдық береді. Себебі дөңгелек пішінді үйде берекет болыңқырайды деп пайымдайды. Ал үйде бұрыш көбейген сайын келеңсіздік те көбейеді екен.
Киіз үйдің негізі – кереге. Киіз үйдің дөңгелек пішінде болуы үшін керегені бір-бірімен таңғыш байланыстырады. Таңғыштың қаншалықты маңызды екенін осыдан білуге болады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде таңғыш сөзінің мағынасы медициналық тұрғыда ғана ашылған. Адам жарақат алғанда қан тоқтату, сынған дене мүшесін таңу мақсатында таңғыш қолданылатыны айтылған. Ал киіз үйдің бір бөлігі ретінде таңғыш сөзі түсіндірілмеген. Демек, ұлттық түсінік солғын тартып барады. Таңғыш сөзінің мағынасын жаңғыртып, болашақта түсіндірме сөздіктен орын алуы үшін менің зерттеу жұмысымның маңызы зор деп ойлаймын.
Зерттеу нәтижесі қазақ киіз үйінің ұлт болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Қазақ киіз үйін әлемдік кереметтердің бірі ретінде танытуға, киіз үйдің жабдықтарын зертейтін бағытқа үлес қосады.
Ана тілі, дүниетану сабақтарында киіз үйдің маңызы кеңінен ашылса, еңбек сабақтарында киіз үй бұйымдарын тоқуды бастауыш сыныптан бастап үйренсе, менің сыныптастарым да біраз нәрсе біліп, қызығушылық танытар еді. Бүгінгі ұрпақ киіз үйді ұлттық мейрам кезінде ғана көреді. Сондықтан олар ішіндегі бұйымдары жайында мардымды ештеңе айта қоюы екіталай. Тағы да айта кетерлігі, киіз үй бөлшектерінің қандай ағаш түрлерінен жасалатыны жөнінде бүгінгі буын түгіл, орта жастағы адамдардың өздері де жөнді ештеңе біле бермейді. Мен осы киіз үй жөніндегі шағын зерттеуімді жазу кезінде бірнеше киіз үй жайындағы мақалалармен, деректермен таныстым, киіз үйге қатысты мол мағлұматтар алдым, болашақта киіз үйдің – әлем кереметтерінің бірі екендігін дәлелдегім келеді. Осы қолөнер технологиясын жастарға меңгерту үшін мектептердің жанынан арнайы үйірмелер де ашылса, осы кәсіптің қыр-сыры жастарға үйретілсе екен деп ойлаймын.