Экономика п?ні бойынша ашы? саба?Экономиканы ?йрене бастайы? (7 класс)


Екіаша орта мектебі КММ
Тақырыбы: Экономиканы үйрене бастайық
/7 сынып/
Қолданбалы экономика пәнінің мұғалімі: Сабикенова Айжан Жәнібекқызы
Сабақтың тақырыбы: Экономиканы үйрене бастайық
Сабақтың  мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды адам еңбегін бағалай білуге, үнемділікке, үй бюджетін жоспарлай білуге тәрбиелеу, экономикалық білімге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Оқушыларға рухани, интеллектуалдық жағынан тәрбие беріп,болашаққа деген көзқарасын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымын арттыра   отырып  белсенділікке, табандылыққа  баулу.
Сабақтың түрі: Практикалық  сабақ
Сабақтың типі:  Білімді бекіту (Қайталау сабағы)
Сабақтың оқыту әдістері: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегиялары; талдау жүргізу, ой қозғау, сұрақ-жауап, ауызша баяндау.
Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта, «Nestle», «Рахат» , «Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасының өнімдері, үлестірме қағаз, түрлі түсті фломастер.
Пән аралық байланыс:  Саясаттану, әлеуметтану, қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, информатика.
      Сабақтың барысы:    
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару,  экономикалық білімге деген қызығушылығын арттыру.Топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, топ лидерлері сайланады, эксперт тобы құралады.
І топ «Пайда»
ІІ топ «Валюта»
ІІІ топ «Бизнес»
Әр топ өздерінің ұранын айтып, эмблемасын қорғайды.
                                 Жарыс жоспары
«Нақыл сөз- білгенге ақыл сөз» (Мақал-мәтелдер жарысы). Дұрыс жауап -10 ұпай.
«Сөз тіркесін табу» ойыны. Қай топ экономикалық сөз тіркесін дұрыс табады? Дұрыс жауап -5 ұпай.
«Мен бәсекеге дайынмын ба?» (Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын   жарнамалайды. Жарнамаларды өлеңдермен, әндермен шығаруы керек). 5-10 ұпаймен бағаланады.
«Кім тапқыр!» (Әр топқа конверттер таратылады, іштерінде әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары бар. Оны оқушылар дұрыс тауып, ретімен қоюы керек). Әрбір дұрыс жауап үшін 5- ұпай.
«Бес саусақ» деп аталады, яғни әр топқа оқу пәндері бойынша  5 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап үшін -20 ұпай.
   Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ, ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер бір-бірімен өзара тығыз байланысқан. Осы құбылыстарды жан-жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады, солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше.  ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып демократияландыру бағытын алға жылжытты. Бұл әрине өзін-өзі ақтады. Осы ретте ағылшынның «темір ханымы» атанған М.Тэтчердің «Мен тиісті жағдайы әрі тәжірибесі жоқ қандай да бір елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын, ешбір проблемаға ұрынбай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін еске түсіргеніміз орынды. Себебі бұл сатыдан еліміз толықтай және абыройлы өтіп, мемлекетіміз нарықтық экономикаға жол ашты. Сондықтан, бүгінгі сабағымыз экономика біздің өмірімізде деп аталады.
  Жарыс сабағымызды жүргізу үшін 3 топқа жетекшілер сайлап алайық.  Топтарға сәттілік тілейміз.
        Таза мінсіз, асыл тас,
        Су түбінде жатады.
        Таза мінсіз, асыл сөз,
        Ой түбінде жатады.
        Су түбінде жатқан тас,
        Жел толқытса шығады,
        Ой түбінде жатқан сөз,
        Шер толқытса шығады,-деп Асан Қайғы бабамыздың баталы сөзімен алғашқы турды бастаймыз.
І-кезең. Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Нақыл сөз- білгенге ақыл сөз» мақал-мәтелдердің жалғасын табасыздар. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
 Ақша кетуге тырысады,
 Ақшаны ..... (ақша жасайды).
Ақшаны табудан ....... (шашу оңай).
Ақыл азбайды ........(білім тозбайды).
Есеп ...... (ұстауға тырысады).
Есептей білгеннің ....... (есесі кетпейді).
Жеті рет өлшеп, ......... (бір рет кес).
Көрпеңе қарай ......... (көсіл).
Наданмен дос болғанша, ........ (адаммен  дос бол).
Судың да ...................(сұрауы бар).
Теңге ................(тиыннан құралады).
ІІ-кезең. «Сөз тіркесін табу» ойыны. Қай топ экономикалық сөз тіркесін дұрыс табады? Дұрыс жауап -5 ұпай.
Шектеулі рынок
Жеке қоғам
Ақша бюджет
Сұраныс банк
Еңбек меншік
Акционерлік экономика
Мемлекеттік факторлары
Ұлттық өнімділігі
Әлемдік ресурстар
(Шектеулі ресурстар, жеке меншік, ақша экономика, сұраныс факторлары, еңбек өнімділігі, акционерлік қоғам, мемлекеттік бюджет, ұлттық банк, әлемдік рынок)
 ІІІ -кезең «Мен бәсекеге дайынмын ба?»  (жарнама жасау шеберлігі) 5-10 ұпаймен бағаланады. Ойын шарты: Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын жарнамалайды. Жарнамалар өлеңдермен, әндермен шығу.
І. «Nestle» кондитерлік фабрикасының жарнамасы.
ІІ. «Рахат» кондитерлік фабрикасының жарнамасы.
ІІІ. «Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасының жарнамасы.
ІV-кезең  «Кім тапқыр!». Әр топқа конверттер таратылады, іштерінде әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары бар. Оны оқушылар дұрыс тауып, ретімен қоюы керек. Әрбір дұрыс жауап -5 ұпай.
 І топ «Пайда»
Жапония-Токио-Иена.
Германия-Берлин-Евро
ІІ топ «Валюта»
Грузия-Тбилиси-ЛариБразилия-Бразилиа-Реал.
ІІІ топ «Бизнес»
Италия-Рим-Евро
Түркия-Анкара-Лира
V-кезең. «Бес саусақ» деп аталады, яғни әр топқа оқу пәндері бойынша  5 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап үшін -20 ұпай.
Сұрақ №1. Экономика пәні бойынша.
Тауар бірлігінің ақшамен көрінетін құны. (Баға)
Сұрақ №2. Информатика пәні бойынша.
Ақпарат сөзінде қанша байт және бит бар? (7 байт, 56 бит )
Сұрақ №3. «Ұлы тұлғалар галереясы».
    Грек ғалымы. Ол вавилондық ғалым. Платонмен таныс болған. Платон бірде былай деп әңгімелейді: «Бұл ғалым аспанға қарап, жұлдыздарды зерттеп тұрғанда қасындағы құдыққа түсіп кетеді, бұны байқап тұрған бір әйел күліп   «Аспанда не болып жатқанын зерттегенше, аяғының астына қарамай ма?»-депті. Осындай күлкілі ғалым жыл ұзақтығын анықтаған, күннің тұтылуын алдын-ала болжап білген, геометрияда бір теореманың атымен аталады. Бұл кім? (Фалес).
Сұрақ №4. Әлем тарихы.
Әлемде адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен, олардың сырт-келбеті, түр-түсі, шашы, көзінің түстері, бас сүйегі мен бет пішіні , нәсілдері бір-бірінен өзгеше болып жаратылды. Оның себебі неде?  ( табиғат ерекшеліктеріне байланысты).
Сұрақ №5. Информатика пәні бойынша.
Жануарға ұқсас  атым бар,
                Бағдар көрсетер затым бар.
                Кілемше үстінде тұрамын.
                Ең қажетті құралмын.
          Білсеңдер, қане айтыңдар. (тышқан, компьютердің енгізу құрылғысы).
Эксперттер тобының жұмысы:(сараптау және бағалау)
Экономика адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ресурстарды қалай бөлетінін зерттейтін ғылым. Қоғам экономикасыз болмайды. Экономиканың негізгі қызметі адамдардың өмір салтын жақсарту, оларға қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Экономика байлыққа, бақытқа, таныштыққа барар жол.
Ендігі кезекте сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
Қымбатты әділ қазылар,
Әділдікпен шындықтың
Туын биік тіккендер
Білімді экономистердің
Берсеңіздер есебін.
Жеңімпаздарды марапаттаймыз!
Көңіл бөліп қатысқандарыңызға рахмет!