Жануарларды? к?пт?рлілігі. 3 сынып, Д?ниетану.


Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер. Құстар
Сілтеме Оқулық 131 – 132 бет, сабақ жоспары
Сабақтың жалпы мақсаты: Оқушыларды жануарлар әлемінің алуан түрлері және жәндіктер мен құстарды таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже Жануарлардың көптүрлерін және жәндіктер мен құстар жайлы біледі.
Жануарлардың тіршілігі жайында түсінеді.
Олардың қандай топқа жататынын анықтайды
Әдіс – тәсілдері Диалогтық әдісі,ой қозғау әдісі, «ойлан тап» ойыны, шығармашылық тапсырма, семантикалық карта, «кір жаятын жіп» ойыны, жеке, топтық жұмыс
Негізгі идеялар Мәтінді талдауды, өз ойын айтуға, сыни ойлау, сабаққа белсенділікпен қатысады, диалогқа түседі
Көрнекілігі Тест сұрақтары, текшелер, сөзжұмбақ,Суреттер, тірек сызба,кесте, бағалау парағы, бағдаршам
Уақыт кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кіріспе
3 мин
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен амандасу
Топқа бөлу. Топ ережесін еске салу
Психологиялық дайындық Оқушылар амандасады
Топқа бөлінеді
Топ ережелерін айтады
Бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады
Тұсаукесер
15 мин Үй тапсырмасын сұрау. «Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж» тақырыбы бойынша түсінгендерін сұралады.
Бағалау
Үй тапсырмасын тест арқылы бекіту.
1. Біздің елімізде өсімдіктің:
а) 6000 түрі ә) 40 түрі б) 25000 түрі
2. Әр өсімдікке:
а) ұзын тамыр ә) ылғалды топырақ
б) белгілі орта қажет
3. Өсімдік топтары деп:
а) жылу мен ылғалдың таралуын;
ә) топталып өсуге қажетті қолайлы жағдай;б) жарық, құнарлы топырақ, қоңыржай жылы ауа.
4. Мәдени өсімдіктер:
а) адамның қатынасынсыз өсе алмайды;
ә) өздігінен өседі;б) өсу тіршілігін тоқтатады.
5. Сирек және құрып кетер қаупі бар өсімдіктер:
а) конституцияға;
б) «Дүниетану» оқулығына;
в) Қызыл кітапқа енген.
Бағалау
Ой қозғау
«Жануар» сөзжұмбағын шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:


«Ойлан тап» ойыны суретпен жұмыс
1.Қоректенуіне қарай жануарлар қандай топтарға жататынын анықтаңдар.

2.Жануарлардың қайсысы жәндіктерге жатпайды? Жәндіктерді атаңдар.
3. Қалай ойлайсыңдар? Бір топтағы жануарардың тіршілігі екінші топтағы жануарлардың тіршілігіне тәуелді ме? Оқушылар өткен сабақты еске түсіре отырып, түсінгендерін айтады.
Текшелер арқылы бағаланады
Тест сұрақтарына жауап береді
Өзін-өзі бағалайды
Сөзжұмбақты шешеді
Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныс болады
Тірек сызба арқылы жаңа сабақты түсінеді
Суретпен жұмыс жасайды
Онда жануарлардың қоректенуіне қарай қандай топқа жататынын анықтайды
Негізгі бөлім
15 мин Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқушыларға іштей оқыту,талқылау
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті.
Топтық жұмыс: «Ойлан - жұптас - талқыла»
І топ.
Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар қозғалысында қандай айырмашылықтар бар?
ІІ топ.
Қандай жыртқыш жануарларды білесің? Оларды неге жыртқыш деп атайды?
ІІІ топ.
Жануарлардың тіршілік ортасы туралы не білесің?
ІV топ
Мына жануарды сипатта. (Қасқыр)
Бағалау Оқушылар мәтінді іштей оқып ,мазмұнын талқылайды
Дәптерлеріне жануарлардың қай топқа жататынын жазып алады
Сергіту сәтін жасайды
Топпен жұмыс жасайды

Мадақтау, 2 жетістік, 1 ұсыныс
Қорытынды
10 мин Ой толғаныс.
Шығармашылық тапсырма
Жануарлардың көп түрлі екенін өз бақылауыңнан және осы мәтіннен оқып танысқаныңнан мысал келтіріп дәлелдеу
Семантикалық картамен жұмыс.
Жануарлар
Бунақденелілер
Құстар Балықтар Қосмекенділер Сүтқоректілер Жорғалаушылар
Шыбын Бүркіт Сазан Бақа Сиыр Жылан «Кір жаятын жіп» ойыны арқылы сабақты қорыту.
Шығармашылық тапсырманы орындайды
Кестені толтырады
Оқушылар бүгінгі сабақта есте қалған тірек сөздерді жазып, тақтаға іледі.
Бағалау
1 мин Топты бағалау, жеке оқушыны бағалау.
«Бағдаршам» әдісін ұсынамын Оқушылар өздері қол жеткізген текшелер арқылы бағаланады
Түсіндім дегендер- жасыл түсті көтереді, түсінбедім дегендер – қызыл түсті көтереді
Рефлексия
1 мин Сабақтан алған әсерлерін ауызша айтады Сабақ ұнады ма? Қандай тапсырма орындағанда қиын болды?. Оқушылар сабақтан не үйренгенін және не қиын болғанын, сабақтан алған әсерлерін ауызша айтады
Үйге тапсырма:
1 мин Жануарлардың көптүрлілігі. Түсініп оқу
Жануарлар суретін салу Оқушылар үйге берілген тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, түсінбегенін сұрайды