Коучинг саба?ыны? та?ырыбы: Заманауи о?ыту ?дістемелеріні? негізгі 7 модулі
Коучинг сабағының тақырыбы: Заманауи оқыту әдістемелерінің
негізгі 7 модулі
№1 Коучинг сабағының тақырыбы:
Заманауи оқыту әдістемелерінің негізгі 7 модулі
Коучинг сабағының мақсаты: Мақсаты: Бірінші деңгей бағдарламасының мақсат, міндеттері жайлы түсінік беру. Кәсіби біліктілікті арттыруға коучинг әдісінің тиіміділігі, оқытудың 7 модулінің идеялары туралы ой талқылау, іс жүзінде қолдануды үйрету .
Табыс критерийлері Мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы замануи түсініктері қалыптасады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілді игереді. Әріптестерге бағыт-бағдар беріліп, оқыту арқылы өзгерістердің тиімділігін бақылау
Негізгі идея «Бізді өзгертетін 7 модуль» атты мұғалімдерге арналған таныстырылым ұйымдастырдым. Мұндағы мақсатым: бағдарламаның негізгі идеяларымен таныстыру, қызығушылық танытып, білімін жетілдіргісі келген мұғалімдермен бірігіп шығармашылық топ құру.
Курстың негізгі идеясы мен мақсат міндеттері презентация арқылы таныстырылды.
I деңгей бағдарламасының құрылымы
Бағдарламаның негізгі міндеті - мұғалімдердің педагогикалық тәжірбиесін жетілдіру мен бағалауға бағыттау.
Бірінші деңгей бағдарламасының мазмұны: “XXI ғасырда нені оқыту керек?”,
“Мұғалімдер оқушыларды қалай дайындайды?” .
Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім,күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып, оның еркіндігін,белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады.
Кембридж тәсілдері өзіндік жеті модульден тұрады:
1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;2) Сыни тұрғыдан ойлау;3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;4) Білім берудегі АКТ пайдалану;5) Талантты және дарынды балаларды оқыту;6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық
Ұйымдастыруда алғашқы қадам оқушыларды топқа бейімдей отырып, сыныпта психологиялық атмосфераны қалыптастыру бағытында болуы керек. Сондықтан оқушыларды топқа бейімдеу үшін түрлі психологиялық тренингтер өткізіп, сабаққа қатысты топтастыру жүргізу қажет.
Ресурстар флипчарт, маркер, қайшы желім,стикерлер, тапсырмаларға арналған қағаздар.
Барысы
Кезеңдері Уақыты Жұмыс барысы
Ұйымдастыру 2 мин Психологиялық тренинг 5мин
«Орныңды жылдам ауыстыр»
Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді . «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.
Әрбір ұстаз кез-келген жағдайлардан, педагогикалық әрекеттен өзінің шеберлігімен жол тауып шыға білу керек емес пе?
Олай болса біздің қазіргі ойын жаттығуымыз сіздердің шеберліктеріңізді, өздеріңізді терең тануға, сондай-ақ өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін тануға көмектеседі.
Топқа бөліну 3 мин Әр жыл мезгіліндегі туған күндері бойынша топқа бөліну
Ой толғау
Бағалау 10 мин «Кувшин» атты видеоролик көрсету
«xx1 ғасырдағы біздің мектептің моделі» постер арқылы қорғау
- Жоба идеясының 1
қызықтылығы, креативтілігі 2
- Ойларын дұрыс , тартымды,
түсінікті жеткізу 1
-Тақырыпты толық ашуы. 1
- Топ ынтымақтастығы 1
Теориялық материал
Топтағы жұмыс
10мин
Конверттегі жасырылған тақырып бойынша бейнені үнсіз сомдау
Сергіту сәті 3мин Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.
Жеке және топпен жұмыс
10мин Топ мүшелері жоғарыдағы тапсырмаларды талдап,бағалаудың қай түріне жататынын анықтайды.
Рефлексия 10 мин Сізге не қызықты болды? Неге?
Не қиын, не оңай болды? Неге?
Сезіміңізге ерекше әсер еткен нәрсе болды ма? Неге?
Кімнің жауабын ерекше атап өткіңіз келеді? Неге?
Қорытынды
10мин Біз «Неге өзгеруіміз керек ?» деген тақырыпта пікір алмасу кеңінен талқыланды. Курста пайдаланған мұғалімдерге арналған нұсқаулық пен апта ресурстары,топтың шығармашылық жұмыс кезіндегі фотосуреттері, орындалған флипчарттар мұғалімдерге жақсы әсер етті. Мұғалімдердің курс жайында, қызықтырған сұрақтары, әдіс-тәсілдердің тиімділігі жайында ой-пікірлері ортаға салынды. Желілік қауымдастық дегеніміз не, көшбасшы дегеніміз кім деген сұрақтар өз жауаптарын тапты. Педагогика саласындағы жаңа «Коуч», «Коучинг», «Ментор» терминдеріне түсініктеме беріліп, бұл жұмысты атқаратын шығармашыл ұстаздар да өз ниеттерімен тартылды. Зерттеу жұмысына өз үлестерін қосып, мүмкіншілік бар кезде мектеп
ішінде біліп үйренгісі келген шығармашылық топ құрылып, атқарылатын іске жоспар құрылды