Тренинг на тему Жа?а білімге жа?аша к?з?арас
Тақырыбы: Жаңа білімге жаңаша көзқарас/ тренинг/Мақсаты:Әріптестерге бағдарлама бойынша теориялық мағлұмат беру, кеңесу, әріптестердің жаңа әдіс - тәсілдерге көзқарастарын көру.Деңгейлік курс бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, мастер - кластар жүргізу.Мұғалім іс – әрекеті:І. Кіріспе немесе жұмысқа бейімдеу, танысу бөлімі:1. Кіріспе сөз. Тақырыппен таныстыру2. «Мұғалім не үшін өзгеру керек?» – ой салу, әріптестердің жауабын күту.3. «Мұғалімдер неліктен өзгеру керек» үлестірме қағаз тарату4. «Әлем өзгереді - біз де өзгереміз» бейнематериал көрсету
5. ІІ. Теориялық бөлім:бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру.6. ІІІ. Практикалық бөлім:Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру.7. Топ ережесін айқындау8. Топтың атына сәйкес ұранын анықтау.9. Мағынаны ашу, сыни көзқарас қалыптастыру «Мінсіз...» (мінсіз оқушы, ата - ана, мұғалім және мінсіз мектеп бейнесін көрсету»10. Қорытындылау: Сухомлинский сөзі: “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым – шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”11. ІҮ. Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға беру12. Қосымша материалдарШеберлік сынып тақырыбы: «Жаңа білімге жаңаша көзқарас»І. Кіріспе немесе жұмысқа бейімдеу, танысу бөлімі:- сәлемдесуҚұрметті әріптестер! Сіздерді алда келе жатқан айтулы мерекелермен құттықтаймын! Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын. - танысуБарлықтарыңызды ортаға шақырамын, дөңгеленіп тұрамыз. Әр мұғалім өз атын айтады, атының бас әріпіне байланысты сөз тіркесін айтады, қалғандары өз алдындағы адам туралы ақпаратты қайталап, өзі туралы ақпарат береді.Мысалы: Менің атым – Күлімжан. Мен кереметтің кереметін ұнатамын.ІІ. Теориялық бөлім:«Мұғалім не үшін өзгеру керек?» – ой салу, әріптестердің жауабын күту./2 - слайд/«Мұғалімдер неліктен өзгеру керек» үлестірме қағаз тарату/3 - слайд/«Әлем өзгереді - біз де өзгереміз»/4 - слайд/Қaй елді, қай кезеңді алып қaрамасақ та бірінші орында білім бeру тұрaды. Сeбебі, халықтың білімділігі сол eлдің даму деңгейінің шынaйы көрсеткіші болып табылады. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлeмдік білім беру жүйесіне де елеулі өзгерістер енгізуде. Әлемдік білім берy жүйесі өмір ағымы мен бүгінгі таң сұранысына байланысты күн сaнaп өзгеруде. Ал біздің жaс мeмлекетіміздің білім бeру жүйeсі де өзгeріс мен жаңалықтарды талaп eтуде. Негe десеңіз, біздің оқушылaрымыз басқа елдің оқушыларымен салыстырғанда білімі жағынан еш кeнжелігі жoқ. Бірақ, сол білімді қолдану аясына келетін болсақ, оқушылар алған білімдерінің іске асуын, өмірде қaжеттілікке жұмсалатын сәттерін анықтай алмай, ауыр жүкті босқа арқaлауда. Мектепте алған білімдерінің елеулі бөлігінің өмірде қажеті шамалы. Бұл олқылықтaрды жою үшін оқушылар алғaн білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оны тиімді және орынды жерде қолдана білуге үйрeтуге біз мұғалімдер қауымы басты назар аударуымыз керек. Осыған бaйланысты оқушының жеке даралығын да естен шығармау керек.Әлем елдерінің білім беру жүйесін талдай келе көп мәселелер анық болды. Білім беру жүйесін реформалау бүгінгі күні қалыпты және қажетті өзгеріс. Ғылым мен техниканың дамуы, бүгінгі күнгі өскелең ұрпақтың сұранысы ағымнан кеш қалмау мақсатын көздейді. Ендеше Қазақстанның білім беру жүйесі өзгеріссіз қалмауы тиіс деп ойлаймын. Сондықтан болар, әлемдегі қарқынды өзгерістер, мектепті де, мұғалімдер мен оқушыларды да жаңалыққа тартады. Бүгінгі мұғалімнің мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Осы басты мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан білім беру жүйесіне де өзгеріс енгізілу үстінде.Сингапур, Жапон, Финлиядия елдерінің білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында жүргізілген реформаларын зерттей келе біздің елімізде де білім жүйесі әлем елдерінің озық білім беру тәжірибесін өзіне оңтайлы үлгі ретінде алып елеулі жұмыстар жүргізіп жатыр.Біздің орта мектепте білім алуда жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, бірақ білім қорытындысында өз мүмкіндіктерін көрсете алмай жататыны белгілі. Сонымен қатар, алған білімдері шешімдер мен іс - әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмейді. ОЖСБ, әсіресе ҰБТ - да өз білімдерін дәлелдей алмай жататындары да көп. Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің нәтижесі біздің еліміз бойынша төмен нәтижелер көрсетіп тұр. Әлемдегі өзгерістерге сәйкес құндылықтар мен білім маңызын қайта қарауды қажет етті. Осы мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің жұмыс жүйесіне өзгерістер енгізу керектігі туындап отыр.