Адамзатты? б?рін с?й бауырым деп
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары
Мектеп: Ақшұқыр мектеп-лицейі Сынып:3,4,5,6,7 Оқушылар саны:
Мерзімі: 26-27.11 Мұғалім: Өтегенова Ж
Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны: Мектептің мәдениет залы
Мақсаты: Оқушыларға рухани-адамгершілік білім беру, дамыту арқылы жан-жақты үйлесімді қалыптасуына ықпал ету.
Міндеттері:
- Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету;
- Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал ету;
- Мейірімді, қайырымды болуға,қиянат жасамауға тәрбиелеу. Ресурстары:(материалдары, көздері)
оқулық,дәптер, А4қағаз,түрлі-түсті маркер,стикер,әуен,слайд, проектор.
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары.
1. Іс-шараның жоспарын жасақтау,бекіту.
2. Сынып жетекшілерге, оқушыларға хабарлау.
3. Байқаудың өткізілу орнын, дипломдарын дайындау. Талдау
Іс-шараны өткізудің жоспары
«Қызығы толы бұл әлем» фото байқауы
3-4сыныптар
(әр сыныптан үздік 1-2жұмыс )
Оқушылар барлық тіршілік иелеріне деген сүйіспеншілікті,мейірімділікті бейнелейтін фото дайындайды.
«Адамгершілік-асыл қасиет» қойылым
6-7сыныптар
Оқушылардың бойына адамгершілік қасиетті қалыптастыруға ықпал ету мақсатында көрініс дайындайды.
«Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу байқауы
4-5сыныптар
(әр сыныптан 1-2оқушы ) Оқушылар анаға деген сүйіспеншілікті бейнелейтін өлең оқиды.
Сабақтың тақырыбы: «Жақсылықпен жаным дос»
Құндылық: Дұрыс іс-әрекет
Қасиеттер: қайырымдылық, мейірімділік, тәртіп, әдептілік.
Мектеп: Ақшұқыр-мектеп лицейі
Күні: 13.11.2015
Мұғалім: Өтегенова Ж
Сынып: 5
Оқушылар саны:25
Сабақ мақсаты:
Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Міндеттері:
Оқушылардың «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейту;
Жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
Мейірімді, қайырымды болуға,қиянат жасамауға тәрбиелеу.
Ресурстар(құралдар, мәлiметтер)
оқулық,дәптер, А3қағаз,түрлі-түсті маркер,стикер,әуен,слайд, карточкалар, проектор.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
Оқушыларды тақырыпқа байланысты адам бойындағы жақсы мінездер бойынша топқа бөлу.Жақсы мінездер жазылған карточкалар арқылы 4 топқа бөлеміз. 1-топ.Қайырымдылар 2-топ.Мейірімділер. 3-топ.Тәртіптілер. 4-топ. Әдептілер. Сабақ барысын талдау:
Әуен жіберіліп тыныштық сәті өткізіледі.Оқушыларды сабырлы, жағымды күйге түсіру,зейінін сабаққа аудару.
Әңгімелесу
Сұрақтар арқылы оқушылардың жаңа тақырып бойынша не білетіндерін, жеке көзқарастарын анықтап алу.
Балалар жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Жақсылық жасау деген не?
Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Жақсылық жасау адамның парызы ма?
Сұрақтар бойынша оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Әңгімелеу
«Жақсылыққа-жақсылық» ертегісінің мазмұны бойынша оқушылардың бойында өзімшілдік сияқты жаман қасиеттерді болдырмау, өз еріктерімен шын жүректен риясыз жақсылық жасау, көмектесу, қамқорлық көрсетудің маңыздылығы түсіндіріледі.
«Жақсылықты өзіңнен баста» видеороликті көрсету арқылы өмірмен байланыстыру, жақсы іс-әрекеттерді жасай білуді үйрету.
Оқушылар ертегінің мазмұнын тыңдайды,
видеороликті көреді.
Дәйексөз
Сабақта берілген жаңа білімді түйіндеу мақсатында дәйексөзді оқушылармен бірге талқылап, мағынасын түсіндіру.
«Жақсылық істеуден жалықпа,
Істеген жақсылығыңа өкінбе!»
«Кабуснама»
Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болатынын, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайтынын түсіндіреді. Оқушылар дәйексөздің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасап, көзқарастарын білдіреді.
Шығармашылық жұмыс
Әр топ өз топтарының атауына байланысты постер қорғайды. Мысалы: әдепті адамды іс-әрекет арқылы бейнеле (суретін салу), бұл қасиеттің адам өміріндегі маңыздылығын айту.
Тапсырманы орындау оқушыларды ойландырып, белсенділіктерін арттырады; адамдарға жақсылық жасауға деген көзқарастарын пайымдауға, өз ойларын ортаға салуға бейімдейді.
Оқушылар берілген тақырып бойынша постер дайындайды және топқа жария етіп қорғайды.
Топпен ән айту «Біз өмірдің гүліміз»
Сөзі: Ә.Дүйсенбиев.
Әні: Б.Ғизатов.
Оқушылар хормен ән айтады.
Үй тапсырмасы
«Жақсылықпен жаным дос» тақырыбында әңгіме жазу.
Үйге берілген тапсырманы оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Жүректен жүрекке
Сабақты жағымды көңіл күймен қорытындылау үшін оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айтумен қорытындылауға болады.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.
Сабақтың тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Жақсы көру, достық, сыйластық, мейірімділік.
Мектеп: Ақшұқыр-мектеп лицейі
Күні: 20.11.2015
Мұғалім: Өтегенова Ж
Сынып: 8
Оқушылар саны:20
Сабақ мақсаты:
«Махаббат» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
Өз махаббаттарын күллі тіршілікке, болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру;
Жаныңда жүрген адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
оқулық,дәптер, А3қағаз,әріптер,түрлі-түсті маркер,стикер,
смайликтер,әуен,слайд, проектор.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi:
1.Топқа бөлу
2. Тыныштық сәтi
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Терең тыныс алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Міне, біз «Саялы орман» еліне келе жатырмыз. Барлығымыздың көңіліміз көтеріңкі, асығып келеміз. Бәріміз бірге шат көңілмен келе жатқандықтан болар аз не көп жүргенімізді байқамай да қалдық, бірақ шаршағандаймыз. Алдымыздан іздеген «Саялы орман» елі кездесті. Аспан тіреген қалың жасыл ағаштар, сансыз гүлдер мен шөптер, саңырауқұлақтар... Осы елге енгеннен-ақ тынысымыз одан да кең ашылып, бойымыздағы күш-қуат тасығандай. Шаршағанымыз басылып, әлдебір жақсы, ізгі әдеттер мен әрекеттер туралы ойлар ақыл ойымызды толтырғандай. Осындай жақсы ойлардан денеміз айрықша жеңілденіп, айналамызбен өз қуанышымызды, осы бақытты сәтімізді бөліскіміз келгендей. Қалың майсалы жасыл шөпке аунап-қунап, жұпар иісті гүлдерді қайта-қайта иіскейміз. Махаббат пен бақытқа толы таза ауа бүкіл денемізді бойлап бара жатқандай. Шынында да табиғаттың саялы орманының денсаулық мекені екендігін шын сезініп тұрмыз.
Ал енді сыныбымызға оралып, көзімізді ашайық.
Саялы орманнан қандай әсер алдыңдар?
3.Үй тапсырмасы
Ш.Айтматовтың «Жәмила» повесінен үзінді, мазмұнын сұрау.
Сабақ барысын талдау:
Әуен жіберіліп тыныштық сәті өткізіледі.Оқушыларды сабырлы, жағымды күйге түсіру,зейінін сабаққа аудару.
Әңгімелесу
Сұрақтар арқылы оқушылардың жаңа тақырып бойынша не білетіндерін, жеке көзқарастарын анықтап алу.
Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Әлемде сүйіспеншілік болмаса не болар еді?
Жақсы көрудің мәні неде?
«Бәрінің бастауы махаббат» дегенді қалай түсінесіңдер?
Адамдарды не үшін, қандай қасиеттері үшін жақсы көресің? Сұрақтар бойынша оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Әңгiмелеу
«Жаратылыс табиғаты» аңыз әңгіме
Бір адам судан бір құлап, бір тұрып шыға алмай тұрған шаянды көреді.
Шаянды құтқару ниетімен адам қолын созғанда шаян оны шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарасың деп ақыл айтады. Сонда жаңағы кісі: “Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Неге шаянның табиғатында шағу бар деп өзімнің сүю табиғатымнан бас тартайын?” дейді.
Оқушылар аңыздың мазмұнын тыңдайды.
Дәйексөз
Сабақта берілген жаңа білімді түйіндеу мақсатында дәйексөзді оқушылармен бірге талқылап, мағынасын түсіндіру.
«Адамның жақсысы адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»
Абай Оқушылар дәйексөздің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасап, көзқарастарын білдіреді.
Ойын «Әріп таңдау»
Ойынның мақсаты: балалардың көңіл-күйлерін көтеру және тез ойлай алуға, ұтымдылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Топқа кезекпен әріптер таратылады. Әр топқа әр түрлі әріп берілуі тиіс.
Ойын басқарушы қандай әріпті алғандарын сұрап, ойынды жүргізеді. Оқушылар жауабы сабақтың тақырыбына байланысты болуы керек. Ал оған сәйкес сөз таба алмаса, жалпы адамзаттық құндылықтарға, рухани-адамгершілік аясында болуы керек.
Ойын төмендегідей болуы мүмкін.
Мысалы:
Ойын басқарушы: - Қандай әріп алдыңыз?
-А.
Ойын басқарушының одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әрпінен басталатын сөздермен ғана жауап беруі керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай, тез айтуы шарт.
Сен анаңды қалай жақсы көресің?
Асылым, аяулым...
Жақындарыңды не үшін жақсы көресің?
Адалдығы, ақ көңілдігі, ...үшін.
Өмірде жақсы көру болмаса не болар еді?
Азап,ақырет...
Ойын осылай жалғаса береді.
Оқушылар ойынның шарты бойынша ойын ойнайды.
Шығармашылық жұмыс
1-топ. «Сүйіспеншілікті» суретпен бейнелеу.
2-топ. «Сүйіспеншілік» тақырыбында өлең шығарады.
3-топ. «Бәрінің бастауы махаббат» тақырыбында ой толғау.
Оқушылар берілген тақырып бойынша дайындаған жұмыстарын топқа жария етіп қорғайды.
Түйіндеме
Оқушыларға «Назар аударайық» айдарымен берілген ақпаратты мұқият қарап шығып, жадына сақтап алу тапсырылады.
Айналадағы адамдарға сергек қарап, сезімталдық таныт. Олардың жақсылығын сезіп, көре біл. Жаныңдағы адамдарға немқұрайдылық танытып, самарқау қарама. Қуанышына ортақ болып, қиындығын бөліс. Сонда сен де олардың махаббатына бөленесің.
Өмірде жүректеріңнен жол тапқан жандар бәрінен де қымбат. өйткені олар сені бағалайтын, аялайтын, қандай жағдайда болмасын жаныңнан табылатын жандар. Оқушылар берілген ақпаратты ой елегінен өткізіп,жадына сақтап алады.
Үйге тапсырма
Оқулықтағы К.Паустовскийдің «Жеделхат» мәтінін оқып келу Үйге берілген тапсырманы оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Сабақты ән айтумен қорытындылау
З.Көпбосыновтың орындауындағы ән «Әдемі»
Әннің әуені жіберіледі және проектор арқылы әннің сөзі тақтада көрсетіледі.Оқушылар хормен ән айтады.