7 класс алгебра Рационал б?лшектерді к?бейту, б?лу, д?режеге шы?ару


Сыныбы: 7
Пәні:алгебра
Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығара алуға үйрету;
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, тез ойлауға тәрбиелеу;
Дамытушылық:Оқыған материалды қорытындылай, саралай алуға үйрету.
Өз ойын ашық жеткізе білу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Схема, интербелсенді тақта
Әдіс-тәсілдер: Қараевтың саралап-деңгейлеп оқыту әдісі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аударып, 2 мин
«Сәлемдесу тренингі»
ІІ. Қараевтың саралап-деңгейлеп оқыту әдісі1 мин
Алгоритмдік деңгей (жаңа сабақты түсіндіруге әзірлік)
Оқушылық деңгей«Ат қою» ойыны
(
Шығармашылық деңгей(есептер шығару)
Эвристикалық деңгей(жаңа білімді меңгерту)

Оқушылық деңгей. «Ат қою» ойыны5 мин
Біздің салт-дәстүрімізде өмірге жаңадан дүниеге келген, өмір есігін ашқан сәбиге ат қою рәсімі орындалады. Сол сияқты бізде бүгін өткен тақырыптардан мына формулаларға, мысалдарға ат қоямыз.
(х-у)2 Екі өрнектің айырмасының квадраты
у=ах2функциясының графигі парабола
а3+в3 Екі өрнектің кубтарының қоысндысы
у=ах3 функциясының графигі Кубтық парабола
а2-в2 Екі өрнектің квадраттарының айырмасы
3 ах2, 2(х-у) Бүтін өрнектер
2х/х2-5 Рационал бөлшек
а/в-с/д=ад-вс/вд Рационал бөлшектерді азайту
Алгоритмдік деңгей (жаңа тақырыпты түсіндіруге әзірлік)2 мин
Балалар, информатика пәнін есімізге түсірейік. Алгоритмнің мағынасын қалай түсінеміз?(Белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын реттелген әрекеттер жиыны).
Ал бұл алгоритм математикада заңдылық болып есептеледі.
Алдымен жаңа тақырпты түсіндірмес бұрын алдымызға мақсат қойып аламыз. Яғни, бүгінгі сабақта нені үйренеміз?
Рационал бөлшектерді көбейту алгоритмі;
Рационал бөлшектерді бөлу алгоритмі;
Дәрежеге шығару алгоритмі.
Эвристикалық деңгей (жаңа тақырыпты түсіндіру)5 мин
Жаңа тақырыпты меңгеруде қолданылатын тәсілдер:
1) Қысқаша көбейту формулаларын қолдану
2) Топтау тәсілін қолдану
3) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
4) Натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері
5) Қысқарту тәсілі
Бөлшекті бөлшекке көбейту алгоритмі
a/b және m/n бөлшектерін көбейту үшін a/b* m/n=a*m/b*n (1) формуласы орындалады.
рационал бөлшектерді көбейту үшін, олардың алымдарының көбейтіндісін алымына, бөлімдерінің көбейтіндісін бөліміне жазу керек.
Мүмкін болған жағдайда қысқарту
Бөлшекті бөлшекке бөлу
a/b және m/n бөлшектерін бөлу үшін a/b/m/n=a/n *b/ m (2) формуласы орындалады.
бір рационал бөлшекті екінші рационал бөлшекке бөлу үшін бірінші бөлшекті екінші бөлшекке кері бөлшекке көбейту керек.
Мүмкін болған жағдайда қысқарту
Дәрежеге шығару
Бөлшекті дәрежеге шығарғанда, оның алымының да, бөлімінің де әрбір көбейткішін осы дәрежеге шығарады.
Шығармашылық деңгей (есептер шығару)20 мин
№ 546
№ 547
№548
№ 549
ІІІ. Бекіту 5 мин
«Бес жолды» тұжырымдамамен сабақты қорытындылайық.
Бүгін не өттік?
Рационал бөлшектерді қалай көбейтеміз?
Бөлшекті бөлшекке қалай бөлеміз?
Бөлшекті дәрежелеу дегеніміз не?
Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
Үйге тапсырма № 550, Бет128 . Бағалау