Абай ??нанбай?лы «?ылым таппай ма?танба»


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы.
«Ғылым таппай мақтанба»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың алған әдеби білімдерін жетілдіру, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды білім, ғылым үйренуге талпындыру, бес асыл іске жақын болуға, бес дұшпаннан қашық болуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: интерактивті тақтамен жұмыс, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, ақын портреті, қысты бейнелейтін суреттер, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңін жаттау.
«Қысқы табиғат» тақырыбына сурет салу.
Өткен сабақты қорытындылау:
Абайдың табиғатлирикасы туралы кестемен жұмыс. Мәлімет беру.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
Жаңа сабақтың эпиграфы:
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз...
ІҮ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Абай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін 1886 жылы жазған. Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы ғылым болуы керектігін түсіндіреді. Ғылым жолына ұмтылған жастарға айтар ақынның айрықша ескертуі бар. Ол - қандай нәрселерден қашық болу, қандай нәрселермен дос болу.
Бес дұшпан: Бес асыл іс:
Өсек Талап
Өтірік Еңбек
Мақтаншақтық Терең ой
Еріншектік Қанағат
Бекер мал шашу Рақым
4
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз...
Сөздікпен жұмыс:
Нәфрәтлі-жиіркенішті
Ғибрәтлі-үлгілі
Өлең ішінде кездесетін мына сөздерге қатысты мақал-мәтелдер айту: ғылым, өтірік, мақтаншақ, еріншек, дұшпан, талап, еңбек, қанағат, жамандық, жақсылық, ғалым, дүние, мал.
Әдебиет теориясы бойынша түсінік:
Шумақ - өлеңнің негізгі ойы немесе басты идеясы болады. Ондағы негізгі ой бірнеше ой арқылы беріледі. Осылайша өлеңде бірнеше ой айтылады. Әр ойға бір шумақ арналады.
Тармақ - әр шумақ көбінесе төрт жолдан тұрады. Жолды тармақ деп атайды. Кейде шумақ екі, алты немесе одан да көп жолдардан құрылуы мүмкін.
Қарасөз - Абай шығармаларында ғана бар. Ақын өмірден көрген түйгенін тоқып, соның қорытындысы ретінде осы қарасөздерін жазған.
Сабақты қорытындылау.
«Абай әлеміне саяхат» атты бейнероликті тамашалау.
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.