?аза? тілі п?нінен презентация Білгірлер сайысы


«Білгірлер сайысы»

Сайыс шарттарыСайыс 6 кезеңнен тұрады. Тапсырмалар әр түрлі болып келеді, жауаптарын топта талқылап, қорытынды шығарып, айту керек; топтың мүшелері сайысқа түгел қатысулары керек. 1-кезең. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Cұрақ -жауап2-кезең. “Өлеңге әркімнің -ақ бар таласы ” Мәнерлеп оқу3-кезең. «Мақал- сөздің көркі»4-кезең. «Жеті жұрттың тілін біл»5-кезең. “Кім жүйрік?" Жаңылтпаш айту6-кезең. “Шығармашылық шың” Эссе жазу
1.Қазақ тілінде неше септік бар және оларды атап шық.(7 септік,атау,ілік, барыс, табыс, жатыс,шығыс, көмектес)2.Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1989 жылы,22 қыркүйек, екінші рет 1997 жылы, 11 шілде3.Бес асыл істі атаңыз. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)4.Үш бәйтерек кім?(С.Сейфуллин, І.Жансүгіров,Б.Майлин).5. Жеті қазынаны атаңыз.1.      Сұлу әйел2.      Ер жігіт3.      Қыран бүркіт4.      Берен мылтық5.      Жүйрік ат6.      Құмай тазы7.      Ақыл, білімI-кезең. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»Бұл кезеңде әр топқа 5 сұрақ беріледі. Дұрыс жауап берсе,10 ұпай.I-топқа берілетінсұрақтар:



II-топқа қойылатын сұрақтар1.Республикасының тұңғыш президенті кім?  Н.Назарбаев2. Көптік жалғауларын атаңыздар? (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер)3. Бес дұшпанды атаңыз. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ).4. Қазақтың үш данасы кім?(Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин).5. Жеті жетімді атаңыз. Тыңдамаған сөз жетім,Киюсіз тозған бөз жетім,Иесіз қалған жер жетім,Басшысы жоқ ел жетім,Аққу, қазсыз көл жетім,Жерінен айырылған ел жетім,Замандасы қалмаса,Бәрінен де сол жетім.








3-кезең. «Мақал –сөздің көркі»Бұл кезеңде әр топ берілген мақалдың жалғасын табу керекI-топқа қойылатын мақал- мәтелдер. 1. Отансыз адам - .... (ормансыз бұлбұл). 2. Ер - елінде, .....(гүл - жерінде). 3. Отан - ....(отбасынан басталады). 4. Мектеп - кеме, .....(білім - теңіз). 5. Күш - білімде, .....(білім - кітапта). 6. Ел іші - ....(алтын бесік). 7. Ақыл азбайды, ....(білім тозбайды). 8. Жүз теңгең болғанша, ....(жүз досың болсын). 9. Жалтырағанның бәрі ... Емес.(алтын ). 




ІІ топқа қойылатын мақал-мәтелдер1.Өмір-үлкен ..... (мектеп)                                           2.Ақыл –тозбайтын тон,білім - таусылмайтын... (кен) 3.Күлме досыңа,келер ..... (басыңа) 4. Әдепті бала...сөйлер (байқап) 5.Ұстаздан шәкірт .... (озар) 6.Ашу-дұшпан, ...- дос. (ақыл)7.....жолдастан таяғым артық (жаман) 8.Күш-білімде,білім- ...... (кітапта) 9.Кітап- ....,тілсіз мұғалім (ғалым)








4- кезең. «Жеті жұрттың тілін біл». Бұл кезеңде әр топқа жұмбақтар беріледі. Жұмбақтардың жауабын тауып, үш тілге аудару керек. І топқа берілетін жұмбақтар1Жүз теңгең болғанша,Жүз …………. болсын.         (Дос – Друг – Friend)2. Көз қорқақ, ……….. батыр.    (Қол – Рука – Hand)3. … алма, білім ал.    (Алтын – Золото — Gold)4. Көңіл сырын …. білдіреді.     Көз – Глаза – Eye)5. … басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ.   (Су – Вода – Water)





ІІ топқа қойылатын жұмбақтар1. Қабат-қабат қаттама,Ақылың болса, аттама.      (Кітап – Книга – Book)2. Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.Пайдасы үй ішінен табылған соң,Далаға кіріп-шығар сапары жоқ.                (Мысық – Кошка – Cat)3. …..дос  үшін жан пида.        (Жақсы – Хорошо – Good)4. Айдың он бесі … , он бесі қараңғы.  (Жарық – Свет – Light)5. Екі тақта арасында Қимылдайды қызыл тақта.   (Тіл- язык-language)






5- кезең. «Кім жүйрік?»Жаңылтпаш айтып жарысу. Әр топқа 2 жаңылтпаш беріледі. Жаңылтпашты тез әрі дұрыстап айту керек.І топқа берілетін жаңылтпаштар 1. Тақпақ жаттап, Айтсақ жақсы ақ. Жатқа тақпақ, жатта тақ тақ. 2. Ата мен әже, ана да, Алма мен алмұрт тереді. Ауылға Арман бала да, Арбамен тасып береді. ІІ топқа берілетін жаңылтпаштар1.. Баланың жаман баға алмағаны, Мұғалім ағаның жаман болмағаны. 2.. Бар, май шайқа, Байқа, жай шайқа.