Презентация ?депті бала арлы бала
ӘДЕПТІ БАЛА-АРЛЫ БАЛА
Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салтдәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.2. Адам бойындағы ұнамдыұнамсыз қылықтарды айыра отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.3. Әдептілікке сыпайылыққа тәрбиелеу.
Өсиет мақалдар:а) Әдепті бала — арлы бала,Әдепсіз бала — сорлы бала.ә) Жаманға айтқан ақылың,Далаға атқан оқпен тең.б) Татулық — табылмас байлық.в) Жақсы адам — елдің ырысы,Жақсы жер — жанның тынысы.
Ұйымдастыру кезеңі-Әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелей отырып, мынадай сұрақтар қою.Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?Әдепті бала қандай деп ойлайсың?Әдепті бала болғың келе ме?Әдептілікті бізге кім үйретеді?
2. Тыйым сөздерден айтыс.
1. Суреттер бойынша әңгімелесу. Адамгершілік, сыпайылық қарымқатынас сипаттарын үйрену керектігін әңгімелеу.
2."Жалғастыр"ойыны
Әдепсіз өскен ..............Тәртіппен өскен............Ұятсыз әйел ...................Әдепсіз жігіт ..................Әдептілікті …………………Әдепті бала – ……….Әдепсіз бала – ……….Аға әдепті болса, ……….Апа әдепті болса, …………Әдеп басы .......Әдеп пен құлақтың анасы .......Әдепсіз үйге ...., әкімсіз елде .......Әдептің не екенін,Әдепсіз ...........................
Әдепсіз өскен адамнанТәртіппен өскен тал жақсы.Ұятсыз әйел – тұзсыз ас,Әдепсіз жігіт – жүгенсіз ат.Әдептілікті данадан үйрен.Әдепті бала – арлы бала,Әдепсіз бала – сорлы бала.Аға әдепті болса, іні әдепті,Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.Әдеп басы – тіл.Әдеп пен құлақтың анасы – тіл.Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.Әдептің не екенін,Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
3."Не істеуге болмайды?".
3. Ақылдың кені
4. Құпия хаттарға жауаптар беру.
1хатҚұрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?