Ашы? саба?: Тірек-?имыл ж?йесіні? дамуы ж?не организмді шыны?тыру.


Шиелі ауданы Ботабай ауылы № 228 орта мектеп Сыныбы: 8Пәні: БиологияПән мұғалімі: Курганова Нагима “Тексерілді:Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: А. Қаракеева Күні: 22.12.2011 ж Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесінің дамуы және организмді шынықтыру Білімділік:Тірек-қимыл жүйесінің дамуы және организмді шынықтыру жайлы жан-жақты түсінік беру Дамытушылық:Оқушылардың танымдық қабілеті мен қызығушылығын дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру,өз ойын жеткізе білу біліктіліктерін дамыту. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,адал дыққа,сымбатты болуға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Сабақтың мақсаты Сабақтың типі: Сабақтың түрі: Сабақтың әдісі: Жаңа білім беру Аралас Сұрақ –жауап, түсіндіру,топтастыру,ойын, интерактивті әдіс Сабақтың көрнекілігі: Пәнаралық байланыс: Тірек – сызба, суреттер, мақал – мәтелдер . Қазақ әдебиеті,салауатты өмір салты Интерактивті тақта. Сабақтың техникалық жабдығы: Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Үй тапсырмасын сұрауІІІ. Өткен сабақты бекітуIV. Жаңа сабаққа кіріспеV. Жаңа сабақVI. Терминдермен жұмысVIII. Қорытындылау VII. Жаңа сабақты бекітуІХ. Үйге тапсырма Х.Бағалау ІІ. Үй тапсырмасын сұрау “Бізден сұрақ, сізден жауап” ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау. 1. Бұлшық ет орналасуына байланысты нешеге бөлінеді? 2.Бұлшық ет сыртқы пішініне қарай неше топқа бөлінеді? 3. Бұлшық ет құрамына қарай нешеге бөлінеді? 4.Бұлшық еттің үйлесімділігі дегеніміз не? 5.Бұлшық ет негізінен қандай қызмет атқарады? 6.Бұлшық еттің негізгі қасиеті ? 7 .Бұлшық ет жұмысы қандай жолдармен реттеледі? 8.Бұлшық еттің қажуы неге байланысты? 9.Топсеруенге шығудың денсаулық үшін қандай пайдасы бар? 10.Дене еңбегімен және спортпен шұғылданбайтын адамдар неліктен тез шаршайды? 1 “Шыныға білмеген,тыныға да білмейді” 2 “Адам денсаулығы-қоғам байлығы” 3 “Тәннің ләззаты-саулығында,жанның ләззаты білімінде” ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау IV. Жаңа сабаққа кіріспе “Миға шабуыл” Балалар, тірек-қимыл жүйесінің дұрыс дамуының маңызы қандай?(оқушылардың ойын тыңдау) V. Жаңа сабақ.Адамның қаңқасы 25 жасқа дейін толық қалыптасады.Бұлшық ет 23-25 жасқа дейін өседі.Бұлшық еттің жуандауы 30-35 жаста аяқталады.Адам қимыл-қозғалыссыз өмір сүріп, еңбек ете алмайды.Адамның дене және ой еңбегімен шұғылдануы үшін қимыл-қозғалыс қажет.Қозғалыс дегеніміз-өмір. Ұлттық әдет –ғұрыптың тірек-қимыл жүйесінің қызметін жаттықтырудағы маңызы Әр ұлттың,халықтың сан алуан әдет-ғұрыптары адамның денсаулығын сақтап,өмірін қызықты, мағыналы етіп өткізуіне мүмкіндік береді Ұлттық ойындар ақсүйек Алтыбақан Көкпар тарту Ат жарысы күрес Бәйге . Бұлшық етті жаттықтырудың маңызы Жақсы жетіліп дамыған,шыныққан бұлшық ет –адам денсаулығының негізгі кепілі.Адам жұмыс істеген кезінде оның бұлшық еттері қан арқылы жақсы қоректенеді.Бұлшық еттерді жетілдіре отырып,біз жүйке жүйесін де жаттықтырып дамытамыз. Сымбат Қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде адамның күнделікті әдетпен өз денесін ұстай білуі. Сымбаттың дұрыс болуы –ішкі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Омыртқа жотасының қисаюынан және жалпақ табандылықтан сақтану. Үстел үстінде шынтақтан көзге дейінгі аралық 30-35 см болу керек.Жалпақтабандылықты болдырмаудың жолы –табанның буындары мен бұлшық еттерін нығайту жаттығуларын жасау. Гиподинамия-қаңқа бұлшық еті қозғалысының жеткіліксіз болуы. Сколиоз-омыртқаның бүйір жаққа қисаюы. ҮІ.Термин дермен жұмыс Лордоз-омыртқаның алға қисаюы Кифоз-омыртқаның артқа қарай қисаюы . Сколиоз сырқатының жылдан-жылға көбеюі жайлы негізгі ғылыми дәлелденген себептер мыналар: -баланың стол басында немесе партада көп отырып аз қимылдауы-мектеп партасының баланың бойына сай келмеуі немесе бір партаға қысылып үш баланың отыруы-баланың компьютер мен телеэкран алдында көп отыруы-мектеп оқушысының портфелі мен рюгзагының шамадан тыс ауыр болуы ҮІІ.Жаңа сабақты қорытындылау.(тест ) 1.Адам қаңқасы неше жасқа дейін қалыптасып болады?А)30 ж Ә)23 ж Б)25 ж В)15 2.Тірек-қимыл жүйесін нелер құрайды?А)қаңқа Ә)бұлшық ет Б)буын В)барлығы3.Бұлшық ет неше жасқа дейін өседі?А)20 ж Ә)15 ж Б)23 ж В)21 ж4.Сымбатты адам қандай болады?А)өз денесін ұстай білуі Ә)дене бітімі жарасымды Б)бұлшық еті жақсы жетілген В)барлығы5.Жалпақ табандылық деген не?А)табанының ойыс келуі Ә)табан ортасының көтеріңкі келуіБ)тар аяқ киім кигенен В)барлығы ҮІІІ.Жаңа сабақты бекіту(биологиялық диктант) 1.Адамның табанының ортасы .............. болып келуінің маңызы зор. 2.Адамның бұлшық еттерінің жақсы жетіліп,дамуынан ............. жұмысы жақсарады. 3.Адам дене,ой еңбегімен шұғылдануы үшін ......... қажет. 1.Адамның табанының ортасы (көтеріңкі,ойыс) болып келуінің маңызы зор. 2.Адамның бұлшық еттерінің жақсы жетіліп,дамуынан (ішкі мүшелердің) жұмысы жақсарады. 3.Адам дене,ой еңбегімен шұғылдануы үшін (қимыл-қозғалыс )қажет. ІХ.Үйге тапсырма. “Тірек-қимыл жүйесінің дамуы және организмді шынықтыру”тақырыбын оқып келу. Х.Бағалау.Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.