?МЖ д?ниетану Адам денесіні? негізгі б?ліктерін ж?не оларды? ?ызметтерін атау


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
САБАҚ: Дүниетану Мектеп №2
Күні:12.07.2016 Мұғалімнің аты-жөні:
СЫНЫП: 1 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:
Оқумақсаттары 1.2.3.1 Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау
Бағалау критериилері:
Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атауды біледі
Адам денесіндегі сезім мүшелерінің қызметін түсінеді
Ойлау дағдыларының деңгейлері:
Білу
Түсіну
Қолдану
Тілдікмақсат:
Адам денесіндегі мүшелерді сөздеріне байланысты тілдік сөздермен таныстыру.
Адамның әрбір сезім мүшелерін ,дене бөліктерін үш тілде танып білу, үйрену.
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:Адамның 12- мүшесі,
Талқылауғаарналғансұрақтар:
Екі көзің не үшін керек?
Екі құлағын ше?
Адамның дене бөліктерін атап жібірейікші
Не себепті ..... деп ойлайсың?
«Көзің ауырса –қолыңды тый» мақалын қандай жағдайға негізделіп құрылған деп ойлайсың?
Есту арқылы біздің қандай сезім мүшеміз жұмыс істейді?
Ащы және тәтті заттарды не арқылы ажыратамыз?
ишара:
Алдыңғы оқу: 1.2.2.4 Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың дайындығын түсіндіру
ЖоспарЖоспарланғанУақытесебіЖоспарланғанжаттығутүрлері (төмендегіжазбалардыөзіңізжоспарлағанжаттығутүрлеріменауыстырыңыз) Ресурс-тарДерек-көздер
БасыШаттық шеңбері: Ынтымақтастық атмосферасын орнату
• Ал, балалар, күндей жадырап,Жұлдыздай жарқырап,Судай таза, мөлдір көңіл - күйменБүгінгі сабағымызды бастайық.Оқушылар әрекетіАмансың ба, алтын күн!Амансың ба, көк аспан!Амансың ба, достарым!Сендерді көрсем шаттанам!
Жұмбақтар шешу1) Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін. (Көз)2) Екі шырақтың арасында бір өзім. (Мұрын)3) Күмбір, күмбір, қарағым, қартайғанша жарадың. (Құлақ)4) Денесі жұмсақ, сүйір, көп сөйлеуге үйір. (Тіл)5) Бунақты көсеу, тармағы бесеу.(Қол мен саусақ)
Ендеше әр топтың атауы осы жұмбақтардың шешуіне байланысты болады. Сонымен І топ – «құлақ», ІІ топ – «көз», ІІІ топ – «мұрын», ІҮ топ – «тіл», Ү топ – «тері».
Ортасы
Тапсырмалар:
«Миға шабуыл» АКТ мен жұмыс слайд
Бағалау критериилері
Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атауды біледі
Дескриптор:
Көз- көру мүшесі екенін айта алады
Құлақ -есту мүшесі екеніні біледі
Тіл -дәм сезу мүшесі екенін айта алады
Мұрын- иіс сезу мүшесі екенін айта алады
Тері -сипап сезу мүшесі ажыратады
Осы атаулардың ажырата алады Оқулық
Слайд
суреттер Тапсырмалар: Мәтін
-Мұрын –иіс сезу және дем алу мүшесі. Ол иісті сезеді, адам мұрынмен дем алады..-Құлақ – дыбыстарды естиді. Ол – есту мүшесі.-Көз – көру мүшесі. Көз арқылы заттың түсін, пішінін көреміз.-Тіл – дәм сезу, сөйлеу мүшесі. Тілмен біз ащыны немесе тұщыны сеземіз.Онымен сөйлейміз.-Терімен ыстық пен суықты, қатты мен жұмсақты сеземіз. Тері – сипап сезу мүшесі. 
Балалар сендердің парталарыңның үстінде әр топтың атауына байланысты сурет берілген. Бұл суретте сезім мүшелерінің құрылысы көрсетілген. Осыны топпен қарастырыңдар да, интербелсенді тақтаға 1 оқушы шығып, баяндап бересіңдер Бағалау критериилері:
Адам денесіндегі сезім мүшелерінің қызметін түсінеді
Дескриптор:

Мынау – көз. Көзде көз алмасы, ақ қабаты және қарашығы бар. Көз – көру мүшесі екені айта алады
- Мынау – тіл. Тілдің ұшы және екі ағы бар. Тілдің ұшы – тәттіні, ал екі жағы – ащыны сезеді. Тіл – дәм сезу және сөйлеу мүшесі екенін айта алады.
Мынау – мұрын. Мұрында танау бар. Танаудың екі тесігі бар. Олар арқылы иісті сеземіз, дем аламыз. Танау тесігінің ішінде түкшелері бар. Олар шаң-тозаңды енгізбейді.Мұрын – иіс сезу, дем алу мүшесі екенін айта алады
-Бұл – құлақ. Құлақта қалқан мен дабыл жарғағы болады. Қалқан – дыбыстарды жинайды, ал дабыл жарғағы – дыбыстарды естиді. Құлақ – есту мүшесі екенін айта алады-Бұл – тері. Тері жасушадан тұрады.Терінің тесіктері мен түкшелері болады. Терінің тесіктері арқылы тері дем алады, ал түкшелер теріні қорғайды. Тері – сипап сезу мүшесі. Екенін айта алады Сергіту сәті:
АКТ бойынша Тыңдалым: «Дауыстап ойлану» стратегиясы бойынша
Олай болса Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін?» деген өлеңін тыңдап көрейік
Екі көзің не үшін керек?Жақсыларды көру үшін.Құлақ деген не үшін керек?Ақыл-кеңес тыңдау үшін.Екі қолың не үшін керек?Елге көмек беру үшін. Тыңдалым
Көз:*Үшкір затпен ойнауға болмайды, себебі көзге кіріп кетуі мүмкін.*Қолмен көп уқалауға болмайды, көз ауыра бастайды.*Көзге бірдеңе түссе, жылы қайнатылған сумен шаю керек.*Қараңғыда кітап оқуға болмайды, көз көруі нашарлайды.*Теледидар және компютерде көп отыруға болмайды, себебі көздің көруі нашарлайды.Тіл:*Өткір затты ауызға салуға болмайды, себебі кесіп алуың мүмкін.*Тамақты асықпай жеу керек, өйткені тілді тістеп алуымыз мүмкін.*Тамақтан кейін ауызды шаю керек, өйткені тамақ қалдықтары қалады.*Ыстық тамақты суытып ішу керек, себебі тіл күйіп қалады.Мұрын:*Мұрынды үшкір затпен тазалауға болмайды.*Мұрынды жылы сумен шайып отыру керек.*Оны арнайы құралмен тазалау керек.*Жылы киіну керек, құлаққа суық ттиіп қалуы мүмкін.Тері:*Теріні үшкір заттардан сақтау керек, себебіжараланып қалуы мүмкін.*Өткір заттардан сақтану керек.*Ашық жиі жуынып отыру керек.*Жылы киіну керек.Құлақ:*Құлақты үшкір заттармен тазалауға болмайды, себебі дабыл жарғағына тиіп кетуі мүмкін.*Оны арнайы құралмен тазалау керек.*Жылы бас киім кию керек, өйткені суық тигізіп алуымыз мүмкін.*Құлақты жылы сумен жуып отыру керек, себебі құлық жиналып қалады. Соңы
Бағалау
«Бас бармақ» әдісі
Мадақтау сөздер арқылы «Жарайсың, жақсы, әттеген-ай»
Геометриялық фигуралар арқылы бағалау. Кері байланыс
«Екі жұлдық , бір тілек»
Қосымша мəліметтер оқулықтан тыс
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
«Сырлы бояу» айдары бойынша сурет салыр келу
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
2 жұлдыз 1 тілекпен бағалау. Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.
Өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі.
Құндылықтарменбайланыс
(тəрбиеэлементі).
Отбасында үлкенді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Рефлексия
Сабақтың мақсатымен оқу міндеттеріорындалды ма?
Бүгін оқушыларне үйренді?
Сабақ қалай өтті,қандай деңгейдеөтті?
Жоспарланғансаралаужақсыіскеастыма?
(тапсырмаларсəйкесболдыма?)
Уақыттықалайпайдаландым?
Жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжəне
неге? Өзсабағыңыздыталдауүшін осы босорындыпайдаланыңыз. Солжақтаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.
Сабақтың мақсатымен оқу міндеттері орындалды.
Бүгін оқушылар отбасы туралы толық мағлұмат алды.
Сабақ оқушыларға қызықты, жақсы деңгейде өтті.
Жоспарланғансаралаужақсыіскеасты. Тапсырмалар сәйкес болды.
Уақытты тиімді пайдаландым.
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз;
Бейнематериал.
«Мен бақытты баламын» тақырыбында сурет салу.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалы тигізер еді?
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
Топтық жұмыс;
1 – топ:
2 – топ:
3-топ: