Негізгі мектеп бітіру кеші та?ырыбында сынып са?аты
Негізгі мектепті бітіру кеші
1-жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар,ата-аналар!
2- жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді қонақтар,9-сынып түлектері.
1- жүргізуші: Баршаңыз куәлік алу рәсіміне қош келдіңіздер! Бүгінгі салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2- жүргізуші: Еңбегін ел мерейін асыруға жұмсаған аяулы ұлдары мен қыздарының даңқын асырған тарихи кезеңдердің айтулы мерекелерінің бірі саналатын куәлік тапсыру кеші біздің мектебімізге де келіп жетті.
жүргізуші: Күтсін дейміз алдыңнан күліп бағың,
Жоғалмасын ата-салтың, ғұрыптарың.
Кір келтірме ата-ана,мектебіңе,
Өскен ұя, ордаңды ұмытпағын.
2- жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға Жан сәулесін тарататын баршаға. Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп, Түлектерді қарсы алайық ағайын (түлектер бір - бірден шығады)
жүргізуші: ҚР-ның ән ұраны орындалсын!
Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік
1.---------------------------------------------
2---------------------------------------------
3.------------------------------------------------1- жүргізуші: 9-сыныпта 20 оқушы бар.12 ұл бала, 8 қыз бала. Ұл балалар-«Жарқын өмір игілігі - жақсылық» деген мақсат бойынша өмір сүреді.
2-жүргізуші: Қыз балалар мінездері жағынан – сабыр періштелер. Олар асықпайды, сабақтарда ұстамды, «ақырың жүрсең алысқа жетесің» деген мақсатпен өмір сүреді.
1- жүргізуші: Өмірде өшпейтін іс балаға берген – білім , мейірім,қамқор,пейіл.
Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрі мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай парызым деп түсінген ұстаздар.
Ұстаздарға сый (слайд):
1.Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз
Мектебіміздің мәңгілік жүрегі боп
Әрқашан қолдап бізді тілеуіңіз
2. Өмір тәтті,өмір деген шырын гүл
Тілек деген-жүректегі діріл бір
Оқушыға білім нәрін берсеңдер
Болашағы болмау ұшін бұлыңғыр
3.Анамыздай сыр шерткен
Ақыл-білім үйреткен
Қазақ тілін оқимын
Ерекше зор құрметпен
Ол мұғалім-Дания
4.Пәндердің бірі шет тілі
Шетелден келген пән түрі
Қуана оны оқимыз
Ағылшын тілін шаттана
Ол мұғалім-Жанбота
5.Алгебра сабағын
Жақсылап ұғып аламын
Өмір сырын үйреткен
Мәнінен ой табамын
Ол мұғалім-Айгүл
6.Тарих деген түп қазығым тамырым
Тамырымды білу менің парызым
Бұл ғылымды аянбай жүріп үйреткен
Маниға апай көп қой сізге қарызым
7.Ой жіберген мәніне
География пәніде
Жер жаһанды үйретер
Пәннің жақсы бәрі де
8.Бар ғұмырын химияға арнаған
Ол білмейтін элементтер қалмаған
Аятжан ағай сізге де үлкен мың алғыс
Химияны ойға түйіп оқытудан талмаған
9.Табиғаттың сәніне
Таң қалып мол әніне
Жақсы лебіз білдірсін
Биология пәні де
10.Меңгеремін механиканың қыр-сырын
Мен ғарышқа жетермін
Айтқаныңды ұғып ап
Оған мені жетелеп үйреткен
Ол мұғалім Бекболат
11. Пәндердің бірі – орыс тілі
Өткен алдан ғұламалар, ғалымдар
Басын иген құдіретіне дарыңдар
Орыс тілін ерекше ұғып алаыңдар
12.Шыңдап күде біл елді
Сурет саламыз талпынып
Әрқашанда көмек береді
Парида-сызу апайы
13. Ұстазым екінші анам аялаған
Біздерден бар білімін аямаған
Жеткші апай сізге ерекше көп алғыс
Таңертең күнде құшай жаяр алдан
жүргізуші: Домбырам,
Қоңыр қазым,аққуымсың!
Арманым, мұңым, сырым, шаттығымсың!
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Домбырамен күй: « Күйтартыс » Озат Мерай, Аманбеков Диас
жүргізуші : Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз береміз құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз – деп келесі сөз кезегін мектеп директоры Байтажикова Құралай Аманкелдіқызына беріледі.
1 – жүргізуші : Негізгі мектепті бітіру туралы бұйрықпен таныстыруға директордың оқу ісі жөнінен орынбасары Култаева Ләззат Муханбетқызын ортаға шақырамыз .( куәлік тапсыру сәті)
Би: Вальс
2 – жүргізуші: Ұстаз- жақсылықтың жол ашары,
Қолында шәкіртінің болашағы.
Өмір алға қарай жалғасады,
Сынып жетекшісі Шагатаева Шолпанай Төлегенқызы сөз алады.
« Оқушылар сөздігінен сыр шертейік» (слайд)
Ата Заң-Директор
Сырсандық-оқу ісінің орынбасарлары
Дөңгелек үстел-тәрбие ісінің орынбасары
Сынып жетекші-қаһар
Оқушылар-Робинзон Крузо
Мұғалімдер – желкен
45 минут сабақ-шықпа жаным шықпа
Тақтаға шығу-өлгендер қайтып келмейді
Қоңырау үні-сүйінші
Үзіліске шығу-табиғатпен тілдесу
1 – жүргізуші: Алдарыңда жол жатыр таралған мың,
Шақырады қол бұлғап сан арманың.
Жеткіншектер жеткізіп мұраттарға,
Орындаңдар әке мен ана арманын – деп келесі құттықтау сөз ата-ана Миллет Гүлнарға беріледі.
Мектеп маңы толыпты жарасымға
Ізгілікте мейірім бәрі осында
Өмірге қанат қақты жас өрендер
Асыл арман, гүл атын саласында-деп жүректері лүпіл қаққан 9 сынып түлектеріне сөз кезегін береміз.
Ән: « Қазақстан»