Бейнелеу ?нері. Та?ырыбы: «Пейзажды? ?ркендеу тарихы» 4 сынып
Пәні: Бейнелеу өнері
Мұғалімі: Байжигитова А.Т
Сыныбы: 4 е
Мерзімі: 25.12.14 ж
Сабақтың тақырыбы: «Пейзаждың өркендеу тарихы»
Сілтеме: Раупова Н.А., Төлебиев Ә.Т., « Атамұра», 2011 ж
4-ші сыныпқа арналған бейнелеу өнері оқулығы
Жалпы мақсаты:
Табыс критерий: Оқушыларға пейзаждың өркендеуі жайлы мағлумат беру, бұған дейінгі менгерген білімдері мен байланыстыра отырып, бейнелі ойлау арқылы сурет салуға үйрету, танымдылық белсенділігін арттыру, ойлау әрекетін дамыту.
Топтық жұмыс барысында көшбасшы балалар анықталады, өз ойларын анық жеткізуге білуге үйренеді.Байқампаздығы, көңіл аударушылығы, елес, қиял, еркі, алдында мақсат қоюы, оған жетуге талпынысы ұлғаяды. Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ізденеді, жеке топпен жұмыс жасағанда өз ойларын ашық айтуға, өзінің, басқалардың іс- әрекетін бағалауға үйренеді.
Күтілетін нәтижелер: Ізденуге деген қызығушылықтары оянады, шығармашылық қабілеттері,таным белсенділігі артады, көркем бейнелеуге үйренеді.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын модульдер: - Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды ( Акт ) пайдалану
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Құрал -жабдықтар: Интербелсенді тақта, суреттер,үлестірмелік карточкалар.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының
іс - әрекеті Ресурс
тар мен жабдық
тар
I. Ұйымдас
тыру:
3 мин 1. Психологиялық дайындық
2. Топқа бөлемін. Топтың аты жазылған қима қағаз таратамын.
1 – топ «Пуантилизм»
2 – топ «Монотипия»
3 - топ «Гуашь»
4- топ « Ашық хат»
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Достық жырын
Біліңдер,
Ту ғып ұстап
Бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
2. Топқа бөлінеді
Қима қағаздар
II.Үй жұмысын тексеру
5мин Үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақ-жауаптар
1 – топтың сұрақтары:
1. Суық түстер? ( көк, күлгін,сия көк, көгілдір, жасыл)
2. Жылы түстер? ( қызыл, сары, қызғылт, сары, қоңыр)
3. Живописьтің басты құралы?
( түс)
4. Су әлемін бейнелейтін жанр?
(маринист)
5. Қысы- жазы жасыл болып тұратын ағаш? ( шырша)
2 – топтың сұрақтары:
1. Жануарларды бейнелейтін суретші? ( анималист)
2. Көк пен сары түстің қосындысы?( жасыл)
3. Адам келбетін бейнелейтін жанр? ( портрет)
4. Жылдам жүгіртіп салатын сурет? ( нобай)
5. Суға езілетін бояу түрі?
(акварель)
3. Топтың сұрақтары:
1. Графиканың тамаша құралы?
( қарындаш)
2.Жансыз заттар мен бұйымдар бейнеленген шығарма?
( натюрморт)
3. Табиғат көрінісін бейнелеу?
( пейзаж)
4. Үйлестіру,орналастыру қалай аталады? ( композиция)
5. Бір түсті бояу? ( графика)
4- топ сұрақтары
1.Аспан мен жердің қиылысқан сызығын не дейміз? ( көкжиек)
2. Матаға сурет салу? ( батик)
3.Ғимарат, үйлерді салу? (сәулет өнері)
4.Бояумен жұмыс істеуге арналған құрал? ( қылқалам)
5.Жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындалған көркем шығарма?(аппликация) Сұрақтарға жауап береді. АКТ,
Д.О.
Ж.Е.
Қызығушылықты ояту
3мин Өткен сабақтағы тапсырманы пысықтай отырып жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
Атақты пейзажист суретшілерге , олардың шығармаларына тоқталу. Тыңдайды, сұраққа жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды Акт
Презентация
III. Жаңа сабақ жоспары:
Білу 3 мин « Ой шақыру»
« Табиғат деген сөзді естігенде, көз алдарыңа нені елестетесіңдер?
Оқушылар табиғат туралы өз ойларын білдіреді. Ж.Е
Түсіну
Қолдану 6 мин
5 мин «Пейзаждың өркендеу тарихы»
Электронды оқулықпен жұмыс
Мәтінмен жұмыс
1-топқа XV ғас. Пейзаждың қалыптасуы.
2-топқа XVI ғас. Пейзаждың
қалыптасуы.
3- топқа XVII ғас. Пейзаждың
қалыптасуы.
4- топ XVIII ғас. Пейзаждың қалыптасуы. Тыңдайды
Оқушылар өз топтарына берілген мәтінді оқиды, қорғайды. Қима қағаздар
Д.О
Сергіту 3 мин Ән ырғағымен би қимылдарын жасау. Интер- белсенді тақтадан көрсетілген қимыл- қозғалысты әуенімен орындап қайталайды. Талдау
15 мин 1. Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау.
2. Әр топ әртүрлі техникада
сурет салады.
топ « Пуантилизм»
топ « Монотипия»
топ « Гуашь»
топ « Ашық хат»
Топпен жұмыс
К.О.
Жинақтау
2мин Оқушылар өздері салған суреттеріне тақырып қойып,
қорғайды. Топ жұмыстарын қорғайды. К.О
Бағалау 2 мин Тест алу, қорытындылау. Бағалайды Д.О.
IV. Бағалау
2 мин 1. Бір сурет, бес сөз арқылы
бағалау.
2.Бағалау парағы бойынша бағалау
Бағалайды
Бағалау парағы ОБ
Кері байланыс
1 мин Тақтадаға өз ойларын жазып іледі. Бағалайды Стикерге өз ойларын
жазады
Стикер
мен жұмыс
V. Үй тапсырма
сын беру
1 мин Пейзаж жанры туралы сурет
сурет салу тапсырылады.
Бағалау парағы
Оқушының аты- жөні: --------------------------------------------------------------
Пәні: бейнелеу өнері
Күні Үй тапсырма
сын тексеру Жаңа сабақ
Сабақты
қорытындылау
Бағалау
Балл
Баға
25.12.14 жыл Сұраққа жауап беруі Жанр түрлерін анықтау Мәтінмен жұмыс Өзіндік жұмыс Өзіндік жұмыстарын қорғайды Тест алу Бір сурет, бес сөз арқылы бағалау
Суретті орналастыру тәртібі Түстер үйлесімділігі Эстетикалық талғамы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 – 7 балл-« 5»
6 -4 балл – «4»
3 -1 балл – «3»