Бейнелеу ?нері п?нінен саба? жоспары Ою-?рнек т?рлері (5-класс)


Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек түрлері
Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек түрлерімен таныстыру,оны салып үйрету.
Білімділік: Оқушыларға ою-өрнек туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ой өрістерін, ойлау қабілеттерін,икем-дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Ұқыптылыққа, әдептілікке, шапшандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: С.Т.О. стратегиясы, көрнекілік.
Пән аралық байланыс: музыка, ана тілі, математика, тарих.
Сабақтың көрнектілігі: ою түрлері,қол өнер бұйымдары,слайдтар.
Сабақтың барысы:
а)ұйымдастыру кезеңі
ә)оқушылардың назарын сабаққа аудару
І.Қызығушылығын ояту фазасында «ассоцация» стратегиясы қолданылады.Мақсаты:
Оқушылардың сабаққа ынтасын, белсенділігін арттыру.

Зооморфтық
Космелогиялық а)құс,жәндіктердің а)космос денелері символдық бейнесі ә)жер көрінісінің
24631655080000126682550800001388745187325Ою-өрнек түрлері
00Ою-өрнек түрлері
элементтері


24745951289050012553958318500 б)табиғат құбылыстары
ә)жабайы және үй
жануарларының
символдық бейнесі
Геометриялық Өсімдік тектес
а)сызық түрлері а)жапырақтар
ә)геометриялық фигуралар ә)гүлдер
б)дәндер мен
жемістер
ІІ.Мағынаны тану фазасында ЖИГСО стратегиясы қолданылады.Мақсат:сабақта оқушылар өздеріне керекті ақпараттарды өз бетімен алуын шығармашылықпен жұмыс жасай білуін қалыптастыру.
Классты 5 топқа бөліп,мәтінді оқып, түсіну үшін он минут беріледі.
І-топ. Ою-өрнектің шығу тарихы.
Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу. Сонымен ою-өрнек дегеніміз – әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.
Ал шығу тарихына келер болсақ. Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы, тарихы бар. Тарихы-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алған. Академик Әлкей Марғулан ағамыз бұл өнер туындысы сақ, ғұн, үйсін, түрік, қаңлы, қыпшақ секілді көне көшпелі тайпалардың өнерінің негізінде қалыптасты дейді.
Ата-бабаларымыз жазу, сызуды білмей тұрғанда тау, тасқа белгі, таңбалар салған. Ол белгі, таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Қазақ ою-өрнегі ғасырлар бойы дамып, қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай жалғаса дамып келе жатқан, ірі мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. Мысалы, әрбір қазақтың үйіндегі сандық, алаша,киіз,құрғақ көрпешелер, апаларымыздың зергерлік бұйымдары, ат әбзелдері.Сонымен қатар мемлекеттік рәміздеріміз соның белгісі.
Халқымыз ою-өрнек ою, салу арқылы табиғат сырларын терең үңіліп, өзін қоршаған ортаға үнемі бақылау жасап, жан-жануар, өсімдік белгілерімен әсемдік құрылымына ой жүгіртіп, соны дөп басып, керекті бұйымдарға, заттарға дәл бастырып көрсете білген.Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар ою-өрнекпен безендірілмегені өте аз кездеседі. Мысалы: киім-кешек, үй жиһаздары, қару-жарақ, ат әбзелдері, зергерлік әшекей заттарын, сәулетті ғимараттарын(Тараз қаласындағы Тараз моншасы үш жапырақты өрнекпен, Айша-бибі күмбезіндегі геометриялық өрнектер, Ахмет Иассауи кесенесіндегі өсімдік тектес, геометриялық өрнектер), т.б. тұрмыстық тұтынатын заттарын безендіріп отырған. «Қазақ халқы кілең ою-өрнек дүниесінің ортасында өмір сүреді» деген Ә.Марғұланның сөзінің астарында үлкен шындық бар.
ІІ-топ.Ою-өрнектің топтары.
Ою-өрнек үлгілерінде әр халықтың ерекшелігі, тұрмыс-тіршілігі, халықтың келбеті анық танылады. Осы жерде әр халықтың ою-өрнектерін салыстырайық.Мысалы: өзімізге көршілес қырғыз, өзбек ою-өрнектерін салыстырайық. Ою-өрнек топтары.
Зооморфтық ою-өрнек – жан-жануарлардың табиғи және қиялы бейнелері (қошқармүйіз және оның түрлі нұсқалары);
Өсімдік тектес ою-өрнек – жапырақ, үш жапырақ, гүл, ағаш т.б.
Космологиялық ою-өрнек – көк әлеміне байланысты ою-өрнектер (жұлдыз, айшық, дөңгелек, шимай,т.б.)
Геометриялық ою-өрнек – үшбұрыш, тұмарша, ирек, жіліншек, балта т.б. Жасалу жолдарына қарай ою-өрнек: қима ою, ойма ою, сызба ою, шексіздікке ұластыра ою болып бөлінеді.
Қағаз немесе былғарыдан, матадан, картоннан тұтас қиып алынған ою-өрнек қима ою деп аталады.Қағаз немесе матаны қайшымен ойып, ою-өрнек жасауды ойма ою деп атайды.Сызылып барып кесілген ою үлгілерін сызба ою деп атайды.Бір-біріне жалғастыра сызып, кесілген ою-шексіздік ұластыра ою деп аталады.
ІІІ-топ. Ою-өрнектің қасиеті.
Ою-өрнектің қасиетіне келер болсақ, бұл жерде Ою хан мен Жою хан туралы ертегі, Макендонский туралы аңыз, Су өрнегі туралы аңыз, ою-өрнектің би өнеріне қатысты, Бауыржан Момышұлы атамыздың ою оятын өнері жайлы және ою туралы шығарған өлең жолдарын әңгімелесу оқушыларға үлкен әсер етеді.
Бауыржан Момышұлы ою туралы өлең жолдары:
Өткендері еске алып, ойға толам,
Сұрыптан тезге салып, көп ойланам,
Ой түбінде жете алмай титықтасам,
Қолымды қайшы алып, ою оям.
ІV-топ.Ою-өрнек ойып көрсету.
Оюды ою сызбасымен таныстыру.Вертикаль, горизонталь, симметрия осьтерін жүргізу.Оюды ойып көрсету.Қазақ ою-өрнегін жасаудың өзіндік принциптері бар.
Олар: композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру. Колорит дегеніміз – ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы. Осы жерде әр түстің нені білдіретіні жайлы айтамын. Мысалы: көк түс – оттың, ақ түс – ақиқаттың, сары түс – ақыл парасаттың, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Симметрия дегеніміз – ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Ритм дегеніміз – ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.
V-топ.Ою-өрнекпен әшекейлеу жұмыстары.
Әшекейлерді түсіре білу – үлкен өнер. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Тіпті күнде ине ұстап, киім тігіп отырғандардың өзі әшекейлеуге келгенде шорқақтық танытады. Бұл заңды да, өйткені әшекей салу – өнер. Әшекейлеудің түрлері көп. Олар: ою, зерлеу, сыру, теру, көз салу, бастыру, гүлдеу, шаршылау, ілмелеп қайып, бүгіп өткермелеп, тепшіп шалып, торлап тігу әдістерімен атқарылады. Сондай-ақ өру, бұрау, жону, құю, сызу, бояу, күмістеу, бедерлеу сияқты өрнек үлгілерінің үй тұрмысында, өнеркәсіпте, құрылыста, мәдениет саласында, сәулет өнерінде жалпы әлем аспайтын жері жоқ. Соның ішінде көп кездесетін түріне келетін болсақ: олар – кестелеу, жапсырмалау, бау, бисерлеу және ришелье (торлы тоқыма).
Әрқайсысына жеке-жеке тоқталамын.
Мәтіндерді оқуға 10 минут беріледі, жанұяға қайтады.
Негізгі түсінік Қосымша түсінік
Ақпаратты жұппен алмасуға 5 минут топпен ақпарат алмасуға 5 минут беріледі. Әр топ ақылдаса отырып 1 оқушыдан шығарады. Толықтыруға болады. Жіңішке және жуан сұрақтар қою арқылы.
ІІІ Сарамандық жұмыс.
Әр топ өзі дайындаған шаблон арқылы түстік үйлесімділігін тауып, ою-өрнекті түрлі-түсті қағаздан қию.
Галереяға саяхат аяқталған соң топтар жұмыстарға шолу жасап өз жұмыстарына жазылған кластарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.