Технологическая карта по английскому языку на тему body parts
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Body parts. I have»
Мақсаты: «My body» тақырыбындағы жаңа лексикамен таныстыру, 10-ға дейін санау дағдысын бекіту, I have ….. тіркесін енгізу. Жаңа: eyes, ears, nose, fingers, toes, hands, legs лексикалық бірліктерін беру. «My body» тақырыбында сөйлеу және монолог құру дағдыларын дамыту. Өз дене мүшесіне сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап.
Керекті құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер.
Оқу қызметінің кезеңдері Педагогтің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы Балалар шеңбер тұрып, педагогпен амандасады.
Hello, children.
Шеңберге тұрып, дене мүшелерімен амандасуды ұсынады:
Сәлеметсің бе, қолдарым –clap, clap, clap! Сәлеметсің бе –nod, nod, nod! Балалар шеңберге тұрып, педагогпен амандасады: «Hello, teacher».
Балалар педагогтің соңынан қимылдарды және сөздерді дауыстап қайталайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Педагог барлығымызда аяқ, қол, бас, саусақтар және т.б. бар екенін айтады.
«My body» тақырыбында жаңа лексикалық бірліктерді және «I have» тіркесін енгізеді.
Педагог «I have» сөз тіркесімен таныстырады.
Hello children. Look at me. I have 2 eyes, 2 ears, one nose, 2 hands, 2 legs, 10 fingers and 10 toes.
I have little fingers, I have little toes.
I have little ears, I have little nose.
Педагог жаңа сөздерді атайды: (a leg, toes, a nose, eyes, a hand, an ear.).
Сергіту сәті.
Clap 6 times.
One, two, three, four, five, six.
Step 3 times.
One, two, three.
Hop 4 times.
One, two, three, four.
Stamp 7 times.
One, two, three, four, five, six, seven.
Баланың суреті бойынша мынандай сұрақ қояды?
How many toes?
How many legs?
How many fingers?
Балалар дене мүшелерін көрсетіп, педагогтің соңынан сөздерді қайталайды.
Мәтінге сәйкес қимыл қозғалыстар жасайды
Рефлексиялық түзетушілік Педагог оқу қызметін қорытындылайды. Ол дене мүшелерімен қоштасуды ұнатады.
Қолдарым, сау болыңдар! –clap, clap, clap! Аяқтарым, сау болыңдар!-stamp, stamp, stamp! Басым, сау бол! – nod, nod, nod!The lesson is over. Goodbye, boys and girls.
Балалар дене мүшелерімен қоштасады. Одан кейін педагогпен қоштасады. Good bye, teacher.
Күтілетін нәтижелер:
Орындайды:жаңа: eyes, ears, nose, fingers, toes, hands, legs лексикалық бірліктерін:
Түсінеді: мәтінді тыңдау арқылы қабылдауды және мәтінге сәйкес тапсырманы орындауды:
Қолданады: дене және бет мүшелерін атап үйренуді, «How many … ?» сұрағына жауап беруді.