К?згі жапыра?тармен натюморт ??растыру. ?арама –?арсы немесе жа?ын т?сті гамманы та?дау. ЖЖЕ. Реттеуші ж?не оны? белгілері. Бейнелеу ?нері 3 сынып


Күні: .10.2015
Пәні: бейнелеу өнері
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы Күзгі жапырақтармен натюморт құрастыру. Қарама –қарсы немесе жақын түсті гамманы таңдау.
ЖЖЕ. Реттеуші және оның белгілері.
Сабақтың мақсаты Оқушыларға натюморт ұғымын кеңейту және қарама –қарсы немесе жақын түсті гамманы таңдай білу.

Сілтеме 3 сынып бейнелеу өнері «Атамұра»
Негізгі идеялар Өз бетінше ойлау ,есте сақтау,оқу,сөйлеу қабілеттерін дамыта алады.Өз ойын жинақтап,қағаз бетіне бейнелеуді үйренеді.Тақырып бойынша білімдерін жетілдіре алады.
Қолданылатын құралдар Оқулық, ақ парақ,суреттер,қаранаштар,маркерлер.
Оқыту әдісі Топтық және жұптық жұмыс,диалогтік оқыту,СТО
Дерек көзі Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар
Кезең Сабақ бөлімдерінің мақсаты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу Бастапқы рефлексиялық кезең
Үй тапсырмасын сұрау Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Бағдаршам арқылы топқа бөлу.
Түрткі сұрақтар қою.
1.Суық және жылы түстер.
2. Контрастқа қандай түстер жатады?
3.Ньюнсқа қандай түстер жатады. Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы қарым қатынасқа түседі.
Топтардан бір оқушы жауап береді.
Түсіну Жаңа сабақты тереңірек түсіндіру
Оқулықпен жұмыс Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстырады.
«Аялдама» стратегиясы
Үш топ бір-біріне жазбаша сұрақтар береді.
Тапсырманың мазмұнына қарай бір-бірін толықтырады,өзара пікіралмасады.
Қолдану Сурет дәптермен жұмыс
«Күзгі жапырақтар» натюморт бейнелеу. Оқушылардың топта бір-біріне көмек көрсету,жұмыстарды бірігіп қорғайды,ортақ пікірге келеді.
Сергіту сәті Гуми,гуми » биі Биден үзінділер
Талдау Суретпен жұмыс. Топтарға өз жұмыстарын талдау.
ЖЖЕ Реттеуші және оның белгілері. Әр топ берілген тапсырма аясында өз жұмыстарын қорғайды,талқылайды,
әңгімелеседі,диалогтік сөйлеуді қолданады.
Жинақтау Алған білімдерін жинақтау «Конверт сұрақ» стр-сы. Топпен сұраққа жауап іздеп,жауап береді.
Бағалау Сабақ барысында оқушы пікірін ескеру Формативтік бағалауды сабақ бойы жүргіземін.
Жиынтық баға шығару. Топтар бір-бірін бағалау.Үш рет шапалақтау.
Үйге тапсырма Оқулықтан мәтінді түсініп оқу мазмұнын айту.
Рефлексия Оқушылар бүгінгі сабақтан не алғандарына кесте бойынша қорытынды жасайды. Оқушылар жауап жазып,өз пікірлерін білдіреді.
Білдім Үйрендім Білгім келеді