Саба?ты? та?ырыбы: Сандарды? арифметикалы? ортасы, ?згеріс ау?ымы, модасына есептер шы?ару Саба?ты? ма?саты: 1.?ткен та?ырыптан ал?ан білімдерін жина?тап, тияна?тау 2.О?ушыны ??ыпты ты?дау?а, с?ра?тар?а на?ты жауап беруге, ?з білімдерін к?рсету ?асиеттері
Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасына есептер шығаруСабақтың мақсаты:1.Өткен тақырыптан алған білімдерін жинақтап, тиянақтау2.Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, өз білімдерін көрсету қасиеттерін ашуға үйрету3.Оларды ойлау, еңбек ету қабілеттерін жетілдіру, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеуСабақтың өту әдісі: Сұрақ-жауап, топтық, практикалық - проблемалық, іздену, ой қозғауСабақтың түрі:Қайталау сабағыСабақтың көрнекілігі:Нақыл сөздер,даналық ағашы,үлестірме материалдарСабақтың барысы:I.Ұйымдастыру:Оқушыларды екі топқа бөліп,ынталарын сабаққа аударуII.Үй тапсырмасын тексеру: №1269 (1,2)1)(11,8-у)•2,9=18,47311,8-у=18,47311,8-у=6,37у=11,8-6,37у=5,43(11,8-5,43)•2,9=18,4732)(3,2у-13,78)•6,8=1873,2у-13,78=187:6,83,2у-13,78=27,53,2у=27,5+13,783,2у=41,28у=12,9(3,2•12,9-13,78)•6,8=1871.Даналық ағашы:1.Санның арифметикалық ортасы дегеніміз не?2.Өзгеріс ауқымы дегеніміз не?3.Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан қалай аталады?4.Мына берілген сандардың модасы неге тең:1,3; 0,4; 5; 3; 0,4; 2;5.10 мен 12 сандарының арифметикалық ортасы неге тең?III.Негізгі бөлім:2.Бақытты сәт:I кезең:Бой сергіту(Әр топқа 10 сұрақтан қойылады)1. Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?2. Тік төртбұрыштың ауданы неге тең?3. Шаршы дегеніміз не?4. 2-ге қандай сандар бөлінеді?5. Жай сандар дегеніміз не?6. Радиус дегеніміз не?7. Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса,ол бөлшек қалайАталады?8. Аликвоттық бөлшектер дегеніміз не?9. Бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысы үлкен?10.10 дм-де қанша мм бар?1. Теңдеу дегеніміз не?2. Тік төртбұрыштың периметрі неге тең?3. Үшбұрыш дегеніміз не?4. 9-ға қандай сандар бөлінеді?5. Құрама сандар дегеніміз не?6. Диаметр дегеніміз не?7. Бөлшектің алымында,бөлімінде олардың 1-ден өзге ортақбөлгішіне бөлу қалай аталады?8. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?9. Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысы үлкен?10. 10см - де қанша мм бар?II кезең:Бөшкеден шыққан бас қатырғылар1. Әлібек бір сан ойлады. Сол санды 2,5 есе кемітіп, нәтижесінен 18,25 санын азайтқанда 13,95 саны шықты. Әлібек қандай сан ойлады.2.Данияр аулаған балықтарын жеке-жеке өлшегенде массалары: 1,2 кг; 3,24кг; 1,9кг; 2,16кг; 2кг болды. Даниярдың аулаған бір балығының орташа массасы неше килограмм?3.Машина бір күнде 8,5 га жерге картоп отырғызды. Ол 102га жерге неше күнде картоп отырғызады?4.6,4 пен 2,9 санының көбейтіндісін 4,8 бен 1,6 санының айырмасына бөліңдер.5.Ұзындығы 3,2 см, ал ені 1,7 см болатын тік төртбұрыштың ауданы неге тең?6.6,3; 06;7;15,9; сандарының өзгеріс ауқымы неге тең ?7.2,1;3,5;4,6;2,1;0,3;2,1 сандарының модасы неге тең?8.Есептеңіз 7,389 : 0,01III кезең:Жұмбақ тас(Логикалық есептер)1.5 пен 7 сардарының арифметикалық ортасы неге тең?2.Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса қанша бұрыш қалады?3.Қандай бөшкеге су құюға болмайды?1.Қосындысы 12-ге, ал көбейтіндісі 35-ке тең өзара жай сандарды ата:2.Қатар тұрған натурал үш санның қосындысы және көбейтіндісі 6-ғатең. Бұл қандай сандар?3.Бөлмеде 4-мысық бар, әр мысықтың алдында 3-мысықтан. БөлмедеБарлығы қанша мысық бар?IV кезең: Сен-маған, мен-сағанӘр топ үйден дайындап келген тапсырмаларын(сөз жұмбақ н/е ребус)бір-бірімен алмасып шешеді.Көп сөз шешкен топ 1-ұпайға ие болады.V кезең: Көсемдікке ұмтылу1. Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды,қаншасы қалды?2. 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарының қосындысы көп пе,көбейтіндісі көп пе?3. Төрт қайың қатар өсіп тұр.Әрбір қайыңда 4 бұтақтан.Әр бұтақта 4 алмадан, барлығы қанша алма?4. Екі бестің арасына қандай таңба қойғанда 5-тен үлкен,6-дан кіші сан шығады?5.Ағаш үстінде 100 торғай отыр.Аңшы біреуін атып алды.Қанша торғай қалды?6. Ол нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенен гөрі басқалар көбірек қолданады, ол не?7.86-санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.Ол қалай?8. Электр поезы батыстан шығысқа қарай жүріп келе жатты және оған қарсы бағытта жел соғып тұрды. Жел поездің түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді?9. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады.Мұны қалай түсінуге болады?10. Бір жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?11. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг, ал екі аяғымен тұрса қанша кг?12. Қосындысы 651-ге тең болатын қатар тұрған екі натурал санды атаңыз...IV. Қорытынды:Үй тапсырмасы түсіндіріліп,сабаққа белсенді қатысып,есептер шығарғаноқушылар бағаланады.V.Үй тапсырмасы: №1282 . №1283