Ма?ала, Орта сынып о?ушылары бойына этносаралы? толеранттылы?ты ?алыптастыру


ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭТНОСАРАЛЫҚ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Шынболат Ф.Р.
«Казрис» негізгі мектебі, Қызылорда қ.
Елбасы Н.Назарбаев халқына Жолдауында «оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен, сонымен қатар, «бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс» делінген.
Тарихи даму барысында Қазақстан қоғамы күрделі конглемерат ретінде қалыптасты. Қазіргі уақытта оның құрамына 100-ден астам ұлттар мен ұлыстар кіреді, олар бірнеше діни-конфессионалдық бірлестіктерге біріккен. Осындай әртектілік жағдайында әлемді алаңдатып отырған ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарға ұшырамай, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін күш қандай? Ғылымда «толеранттылық» атауымен белгілі ұғым, міне, осы жерде маңыздылыққа ие болады.
«Толеранттылық» (лат. «tolerantia» - шыдам, төзім) терминіне шет тілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі: 1) бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау; 2) биологиялық, медициналық тұрғыда – иммундық реакцияның жартылай немесе толықтай болмауы, яғни ағзаның ауруға қарсы тұратын антиденелер шығару қабілетінің төмендеуі. Ал педагогикалық сөздіктерде бұл ұғымға «қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі» деген анықтама беріледі[1, 344 б.].
Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын ескеру арқылы қазіргі мектеп оқушыларына көпұлтты әлемде оңды бағдар беру және оларда ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін дамыту қажеттілігі туындайды. Бұған сәйкесті орта сынып оқушыларына этносаралық толеранттылықты қалыптастыруға байланысты теориялық зерттеулердің аздығы мен өмірде болып жатқан оқушылардың өзге этнос пікіріне, мәдениетіне сыңаржақты қарауы арасындағы қарама-қайшылық тақырыбымыздың қазіргі қоғамдағы көкейкестілігін туындатады.
Орта сынып оқушыларының толеранттылығын қалыптастыру мақсатында алдымен олардың бойларындағы этносаралық толеранттылық деңгейін анықтап алу үшін эксперименттік зерттеу жұмысын жүргізген болатынбыз. Эксперименттік жұмыс Қызылорда облысы, Досан ауылы «Казрис» негізгі мектебінің 7, 8, 9 сыныптың 15 оқушысына жүргіздік. Зерттеу 3 кезеңнен тұрды:
Орта сынып оқушыларының этносаралық толеранттылығын анықтау мақсатында сауалнама алу;
Этносаралық толеранттылықты қалыптастыруға байланысты дәріс, дөңгелек үстел өткізу;
Дәріс пен дөңгелек үстел өткізіп болғаннан кейінгі оқушылардың этносаралық толеранттылығын қайта анықтау мақсатында бірінші кезеңдегі сауалнаманы қайта алу.
Этносаралық толеранттылықты анықтауда сауалнама әдісі қолданылды. Оқушылардан төмендегі мәтінде сауалнама алынды:
Сіз Қазақстанда басқа ұлт өкілдерінің тұруына қарсысыз ба?
Басқа ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері сізді қызықтырады ма?
Басқа ұлт өкілдерінен достарың барма?
Егер басқа ұлт өкілдерінен досың жоқ болса дос тапқың келе ме?
Басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарайсың ба?
Алынған сауалнама қорытындысы бойынша 1 сұраққа 60 пайыз оқушы «иә», 20 пайыз оқушы «жоқ», 20 пайыз оқушы «жауап бере алмаймын» деп жауап берді. 2 сұраққа 40 пайыз оқушы «иә», 23 пайыз оқушы «жоқ», 27 пайыз оқушы «жауап бере алмаймын» деп жауап берді. Келесі 3 сұрақтың 100 пайызына оқушылар «жоқ» деп жауап берілді. 4 және 5 сұрақта «жоқ», «жауап бере алмаймын» деген сұрақтар басымдық көрсетті (Сурет 1).

Сурет 1. Сауалнама нәтижесі
Сауалнама нәтижесі шыққаннан кейін аталған сыныптарға «Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің Қазақстандық үлгісі» тақырыбында дәріс жүргіздік және «Ұлт бірлігі ұлы байлық» тақырыбында семинар-тренинг жүргізілді. Дәріс пен семинардың басты мақсаты - әлемдік қауымдастықпен мойындалған ұлтаралық ауызбіршіліктің қазақстандық үлгісінің мол мұрасын жас ұрпаққа жеткізу, оқушыларды этносаралық толеранттылыққа тәрбиелеу болатын. Дәріс пен семинар-тренингтен кейін оқушылар өзге ұлтқа деген өз пікірлерін өзгертіп, қайта жүргізілген сауалнама нәтижесі төмендегідей көрсеткішті көрсетті (Сурет 2).

Сурет 2. Дәріс пен семинар-тренингтен кейінгі сауалнама нәтижесі
Толеранттылық – ол қайырымдылық пен мейірімділік екенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс.
Сонымен, оқушыларды этносаралық толеранттылыққа тәрбиелеудің қажеттілігі бүгінгі күнде шешімін қажет ететін өзекті мәселелердің бірі екені дәлелденді.
Эксперименттік жұмысымыздың бірінші кезеңінде оқушылардың өзге ұлт өкілдеріне деген немқұрайлы көзқарасын анықтадық, ал дәріс пен тренинг өткізілгеннен кейін оқушылардың өзге ұлтқа, олардың дәстүріне деген көзқарастары өзгеріп, өзге ұлт өкілдерінен дос тапқысы келгендердің қатары өсті. Мектеп оқушыларының этносаралық толеранттығын қалыптастыруғы арнайы дәріс сабақтарын енгізсек өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарайтын, ұлтаралық мәдениеті дамыған, өзге ұлт дәстүрін құрметтейтін азамат тәрбиелер едік.
Сонымен қатар, қандай да болмасын тәрбиенің түрі ең алдымен отбасынан бастап беріледі. Баланың жеке тұлғасының дара қасиетерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі [2, 37 б].
Отбасында толеранттылыққа тәрбиелеу жолдарына келетін болсақ, М.И.Рожков пен М.А Ковальчук толеранттылыққа тәрбиелеуде оқушылармен ата-аналардың өзара қарым-қатынасының сәтті шешу үшін педагог-психологқа субъектілік, тепе-теңдік, жекелеу, рефлексивтік көзқарас, толерантты орта жасау принциптерін ұсынды.
Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата-аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер[3, 93 б.].
Қазақта «Ынтымақ болмай іс оңбас», «Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді», - деген балалардан қалған нақыл сөз бар. Өзімен қатар өзге ұлтты да сүйіп сыйлау – біздің мәдениетіміздің жоғарылығын, тұғырымыздың биіктігін, еліміздің тәуелсіздігі мен ынтымақтастығын көрсетеді.
Татулықсыз толеранттылық жоқ, толеранттылықсыз татулық мүмкін емес. Толеранттылық идея сырт көзге қарапайым болып көрінгенімен, шындығында жай төзімділік қана емес, ол өмір талабынан туындап отыр. Оның сапалы жүзеге асуы әрдайым әрбір отбасы мен білім беру жүйесі саласындағы зиялы қауымның қолында.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтенудің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. -344 бет.
Педагогикалық ізденіс. Ғылыми – әдістемелік журнал. №1 (11) 2015 жыл. -37 бет.
Шерьязданова. Х.Т.Қарым-қатынас психологиясы. Алматы 2014. -93 бет.