Саба? жоспары Антропогенезді? ?оз?аушы к?штері
«Қ.Дамитов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Биология пәнінің мұғалімі
Кабдыкаримова Гульназ Сабыржанқызы
Сабақтың тақырыбы: Антропогенездің қозғаушы күштері. Ф.Энгельс маймылдың адамға айналуындағы еңбектің рөлі.
Сабақтың мақсаты: Антропогенездің қозғаушы күштері және Ф.Энгельс маймылдың адамға айналуындағы еңбектің рөлі туралы түсінік беру. Адамның қалыптасуындағы сөздің, ақыл-ойдың және қоғамдық қатынастардың рөлімен таныстыру.
-50165205740
Сабақтан күтілетін нәтиже: Антропогенездің қозғаушы күштері, Ф.Энгельс маймылдың адамға айналуындағы еңбектің рөлі туралы түсінік алып, адамның қалыптасуындағы сөздің, ақыл-ойдың және қоғамдық қатынастардың рөлін топтық және жеке жұмыс жасау арқылы қалыптастырады.
Сабақта берілген тапсырмалар: Тест жұмысы, биологиялық диктант, мәтінмен жұмыс, кластер жасау, топтық, жұптық жұмыстар, графиктік диктант.
Оқыту әдістері: «Баспалдақ» әдісі, «Миға шабуыл», «Рөлдік ойын», түсіп қалған сөздерді тап, өзіңді тексер, тірек-сызба т.б
Дереккөздер: Антропогенездің сызбанұсқасы, адам эволюциясының қозғаушы күштері бойынша суреттер, презентация, үлестірмелі материалдар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топқа бөлу, психологиялық ахуал тудыру. (Сүтқоректі жануарлардың суреті бойынша, үй жануарларын, жабайы жыртқыштар және шөпқоректілерге топтай отырып, үш тілде атауларын атау)
Рефлексия: «Баспалдақ» әдісі арқылы сабақ басындағы және сабақ соңындағы нәтижелерін баспалдаққа түсірту
Негізгі бөлім
1.Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау. (Тест түрінде)
2. Жаңа сабаққа кіріспе
Интербелсенді тақтадан Ф.Энгельстің сөзі беріліп, «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтармен жұмыс жасау, жаңа сабақтың мәнін ашу
Адам эволюциясындағы биологиялық факторларды ата?
Антропология нені зерттейді?
Антропология терминін ғылымға енгізген кім?
Антропогенез нені зерттейді?
Қазіргі кезде қандай әлеуметтік фактор шешуші рөл атқарады деп ойлайсыңдар?
ІІ. Жаңа сабақ.
Үлестірмелі материалдар таратып беру.
Ресурс бойынша 3 топ «Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторлары», «Еңбек-адам эволюциясының маңызды факторларының бірі», «Қоғамдасып тіршілік ету-адам эволюциясының қозғаушы күші» сұрақтары төңірегінде кластер жасап қорғау.
Критерийлер бойынша топ басшысы топ мүшелерін бағалау.
1.Кітаппен жұмыс. 3 топқа 3 тапсырмадан беру. «Сөйлемдегі түсіп қалған сөздерді тауып жаз»
Мысалы: Адам органикалық дүние__________ең соңында пайда болған______________
Антропогенезді тек қана_____________ заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Екінші хабаршы жүйе адамның __________________ тікелей байланысты _______________дамуына ықпал етеді.
Сергіту сәті. «Рөлдік ойын» арқылы антропогенездің қозғаушы күштерін көрсету. (берілген сурет бойынша антропогенездің қозғаушы күштерін мимикамен, қимыл-қозғалыспен көрсету)
Ежелгі адамдар
Ертедегі адамдар
Осы заманғы адамдар
Өзіңді тексер. 7 сұрақтан тұратын «Графикалық диктант». (^иә,-жоқ белгісін қою)
1.Адам –органикалық дүние эволюциясында ең соңғы пайда болған түр.
(иә, жоқ)
2.Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады.
3.Дара жүріп еңбек еткендіктен, араларында өзара қауымдастық қарым-қатынас қалыптаса түсті.
4. «Еңбек-адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды –адам еткен еңбек» деген көзқарасты айтқан Ч.Давин.
5. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері тұқым қуаламайды. Тек қана адамның морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым қуалайды.
6.Адамның қоғамнан тыс тәрбиеленуінде ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлдем дамымайтыны анықталды.
7. Органикалық дүние болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алатынын Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді.
Тексеріп, қорытындысын шығару, бағалау
Биологиялық диктант алу арқылы сабақты қорытындылау.
Рефлексиялық кезең.«Баспалдақ» әдісі арқылы сабақ соңындағы нәтижелерін баспалдаққа түсірту.
Кері байланыс.
Бүгінгі сабақтан күткен нәтижелерінің орындалғанына, сабақ басында баспалдақтың қай жерінде өздерін көргілері келетіндіктерін, сабақ соңында қай жерден көргендіктеріне талдау жасау.
Топ басшыларының бағалауы, жиынтық бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Адам организмінде еңбекке байланысты морфологиялық және физиологиялық өзгерістердің пайда болуы, жануартекті тағамдардың адам организміне енгізген өзгерістері (дәлелде).
Тақырып бойынша «Сөз жұмбақ» құрастыру.