Онтогенез – организмдерді? жеке дамуы
Онтогенез-организмдердің жеке дамуыНегізгі идея : Жатырда қанды емізген,Ауызсыз қорек жегізген.Туғызып, түзеп өсіріп,Өзімді – өзім дегізген. (Шәкәрім)
1.Эмбриология ғылымының дамуы туралы қысқаша тарихи мәліметтерЭмбриология (грекше embryon – ұрық, logos – ғылым ) – организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым.К.Бэр – Ресей Ғылым академиясының академигі, 1828 жылы «Жануарлар дамуының тарихы» деген еңбегінде сүтқоректілер мен тауық ұрықтарының даму ерекшеліктері туралы зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялаған болатын. «Ұрықтық ұқсастық» ілімінде барлық омыртқалы жануарлардың ұрықтық дамуының бастапқы кезеңі өте ұқсас екендігін дәлелдеді. Нәтижесінде «ұрықтық ұқсастық заңын» ашты. Бұл заң бойынша ұрықтық даму кезінде, алдымен типтің, одан кейін кластың, туыстың, түрдің, ең соңында организмнің өз белгілері пайда болады.А.О.Ковалевский – ланцетниктің эмбрион жасушаларын зерттеді. Зерттеудің нәтижесінде, ұрықтың бастапқы кезінде пайда болған жапырақшалар соңынан эктодерма, энтодерма және мезодерма қабаттарына айналатындығын дәлелдеді.Ф.Мюллер, Э.Геккель – биогенетикалық заңды ашты. Биогенетикалық заң бойынша онтогенез (жеке даму) дегеніміз – филогенездің (тарихи даму) қысқаша қайталануы болып табылады.А.Н.Северцов – пікірі бойынша, организмнің жеке дамуы кезінде ататектерінің ересек формалары емес, олардың ұрықтарына тән белгілер қайталанады.Г.Шмидт – омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың эмбриондық дамуын зерттеді.
Онтогенез – организмнің жеке дамуыа) эмбриогенез(ұрықтық даму) Бір қабатты ұрықтың – бластуланың түзілуі. Ұрықтанған жасуша, алдымен, екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі бөліну көлденең бағытта жүріп, сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде, 16,32,64,128,т.б бластомерлерге айналады. Бір қабатты іші қуыс бластулаға айналады.Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы Гаструла – іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Гаструла сатысындағы сыртқы қабатты – энтодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішектің, ал оның сыртқы ашылатын тесігі бірінші реттік ауыздың бастамасы болып есептеледі. Нейрула. Нейрула сатысы кезінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды. Эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады.
Онтогенез – организмнің жеке дамуыӘ)Постэмбриондық даму: 1) тура даму (ересегіне ұқсас болу) 2) түрленіп даму (дернәсілінің ересегіне ұқсас болмауы) Тура даму Тура даму-организмнің бірден ересек түріне ұқсап тууы. Бұған омыртқалы жануарлардан жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің және т.б. дамуы, ал омыртқасыздардан сүліктердің, көпаяқтылардың, өрмекшілердің және т.б. дамуы жатады. Түрленіп даму - толық Түрленіп даму – эмбриондық дамудан соң дернәсілдің пайда болуы. Дамудың бұл түрі омыртқасыз жануарларға, сондай-ақ омыртқалылардан қосмекенділерге тән. Түрленіп даму – шала Жұмыртқа – дернәсіл – имагоМысалы: шегіртке, таракан, т.б.
Органогенез (мүшелерінің қалыптасуы)
Сәйкестендіру тесті: Митоз жыныс жасушалары Мейоз тікелей бөліну Амитоз дене жасушасы Жынысты екі дара Филогенез тарихи даму Онтогенез ұрықтың дамуы Эмбриогенез жеке даму
Мағыналық диктант1.Ұрықтану дегеніміз не?Жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың қосылуы2.Ұрықтанған жұмыртқа жасушасында қандай процесс басталады?Бөлшектену3.Бұл процестің мейоздан айырмашылығы неде?Жасушадағы хромосомалар саны өзгермейді4.Ұрық дамуының алғашқы сатысы қалай аталады?Бластула5.Бұл сатыға не тән?Жасушалардың бір қабаты 6.Екінші саты қалай аталады?Гаструла7.Бұл сатыда ұрықтың қандай қабаттарын ажыратуға болады?Эктодерма мен энтодерма8.Онтогенезді қандай екі ірі кезеңге бөлуге болады?Эмбриондық және постэмбриондық9.Көкек(а) пен (б)қоңыздың постэмбриондық дамуы қалай жүреді?а)Метаморфозсыз;б)Метаморфозданып.10.Метаморфозданып дамудың маңызы неде?Дернәсіл қоректік заттардың жетіспейтін орнын толтырады
Рефлексия «Бәрі сенің қолыңда»Өзіңіздің қолыңызды параққа қойып, алақандарыңыздың бейнесін қағаз бетіне түсіресіздер. Әр саусақтың өзіндік пікірлеріңізді білдіретін ұстанымы бар.Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты.Балан үйрек – маған қиын болды (ұнаған жоқ).Ортан терек – мен үшін жеткіліксіз болды.Шылдыр шүмек – менің көңіл – күйім.Кішкентай бөбек – менің ұсыныстарым