Мені? с?йікті ісім (3 сынып)


Мектеп :№36 мектеп-гимназиясы
Мерзімі:21.09.14ж
23.09.14ж
Сабақ саны: 4
Сабақтың тақырыбы:Менің сүйікті ісім
Құндылық:дұрыс іс-әрекет
Қасиеттер:еңбексүйгіш
Мұғалімі:Намазова.Д
Сынып:3"а,ә,б,в,г"
Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты:Балалардың "еңбек" құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
-сүйікті іс туралы түсініктерін қалыптастыру .
-еңбек ету іскерліктерін дамыту.
-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар,материалдар)
оқулық,дәптер,әр түрлі іспен айналысқан балалардың суреті.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті.
Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.
Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз!
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптермен жұмыс.Әңгіме мазмұны бойынша Білім мен өмірді салыстырмалы тұрғыда жазып талдау.
Сабақтың жүрісін талқылау:
3.Әңгімелеу
Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер?
Сендердің сүйікті істерің бар ма?
Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет?
Балалардың жауаптары тыңдалып болғаннан кейін сүйікті іс туралы мағлұмат беру.
Әрбір адамның ұнататын сүйікті ісі болады. Бірі ән салуды, екіншісі би билеуді, үшіншісі гүл өсірумен шұғылданса, келесісі кітап жинаумен айналысуы мүмкін. Кесте тоқу – біреудің сүйікті ісі болса, қолөнер бұйымдарын жасау – екіншісінің, тағамдар даярлау -үшіншісінің, үй жануарларын күту –төртіншісінің сүйікті ісі болуы да мүмкін. Сол іспен шұғылданғанда адамның бойында ерекше ынта , жігер, қызығушылық, сүйіспеншылык сезімдері артады. Сүйікті ісі адамға қанат бітіріп шығармашылыққа жетелейді.Сүйікті іс үлкен жетістіктерге қол жеткізеді, сондықтан бос уақыттарыңды сүйікті істеріңе арнауға тырысыңдар.
4.Мәтінмен жұмыс
А.Қайырханованың «Өнерлі балалар» әңгімесін оқыту.
1. Ата-аналар, ұстаздар балаларға не үшін риза болды?
5.Дәйек сөз
«Сүйіп істеген іс шаршатпайды» Халық мақалы
6.Тапсырма
Кітаптағы суреттерге қарап, әңгіме құрастыру, өздерінің істері туралы айтып беру тапсырылады.
7.Жаттығу- ойлану
Оқушыларүш топқа бөлінеді.Үш топқа үш түрлі дәйексөз беріледі.Дәйексөздің айтылуына мән беріп,өз пікірлерін айтады.
1 топ. «Ерекше іс істесең, ел таңырқайды» Қ.Айнабеков
2 топ. «Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» Халық мақалы
3 топ. «Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет» М.Горкий
8.Үйге тапсырма
Дәптермен жұмыс
«Мен сүйікті ісіммен шұғылданғанда...»
9.Соңғы тыныштық сәті
Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.
- Балалар, бүгінгі сабақта сүйікті іс жайында әңгімілестік. Сүйікті іс адамды көптеген жақсы қасиеттерге баулитынын білдік. Сүйікті іс адамды ұлы мақсаттарға жетелейді. Сондықтан да айналаңды сүйсінтер, өзіңе бақыт сыйлар сүйікті ісің болсын. Ол еңбекпен келеді.