Презентация по русскому языку на тему ?зін ?зі тану п?нін бас?а п?ндермен интеграциялау


Өзін өзі тану пәнін басқа пәндермен интеграциялау Жоспары: 1.Ғылымдағы ұлы ғалымдардың, ойшылдардың ұлағатты сөздері. 2.Қазіргі жаңа білімдегі ықпалдастыру жолдары. 3.Сыртқы әлемнің ішкі әлеммен өзара байланысы. 4.Рухани – адамгершіліктің немесе жалпы адамзаттық құндылықтардың басқа пәндермен ықпалдасуы туралы./мысал/   «Ақпейіл және ықыласты жүрек адамды жетелеуі тиісті,сонда ғана оның еңбегі және табыстылығы ерекше мәнге ие болады. Адам болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу қиын» Абай Құнанбаев (1845-1904) «Адам бойындағы рухани даму мүмкіндігін көрсететін тағы бір жайт – оның айқын өмірлік позициясының болуы. Егер ол тек қана баюға ұмтылатын, бірақ еліне өз отандастарына қол ұшын беруді, көмектесуді ойламайтын, имандылық пен адамгершіліктен аулақ тұрған болса, қанша кітап оқыса да, бәрібір, ондай адамның руханилығы туралы сөз болуы да мүмкін емес» Ә.Нысанбаев “Білім берудің – тек ақпараттық емес, ойлау қабілетін дамыта отырып мінезін қалыптастыру маңызды болып келеді”Сергей Рубинштейн /1889 - 1960/ Интеграция ұғымының жалпы ғылыми мәнін және оның басқа философиялық ұғымдармен өзара байланысында қарастырылады. Интеграция ( лат. integratio – восстановление, восполнение, integer – целый) жекелеген дифференцияланған бөліктердің тұтаспен байланыс күйін әрі осы байланысқа алып келетін үдерісті білдіретін жүйе теориясының ұғымы. Ықпалдасу негізділігінің пәндік мазмұнға, оқыту нысаны мен әдістеріне сәйкестігі; Білім мазмұнын сұрыптауда білім, білік дағдыларының құндылықты бағдарлы мәнділігін сақтау ұстанымының ескерілуі; Оқушылардың компетенттілігін, тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің жиынтығы болуы қажет. Интеллектуалды білім- (сыртқы білім ақыл үшін.)Рухани – адамгершілік – (ішкі білім, жүрек үшін)Сыртқы ықпалдас у – ( өзін - өзі тану пәнінің әдістерін қолдану)Ішкі ықпалдасу- ( дүниетанымды, мәнді, мағыналы) География пәні: Сулар Судың біздің табиғатымыздағы рөлін айтып кетеміз. Судың адам өміріндегі тазалық символы екендігі, адамды рухани - адамгершілік тұрғыдан су арқылы жуып - тазалауға болатынын айтуға болады. Таулар Таудың біздің табиғатымыздағы рөлін айтып кетеміз. Адам ғана сана - сезімнің иесі емес, әлемдегі табиғаттың, яғни жан – жануарлар, өсімдіктер мен материяның бәрінің де сана – сезімі бар екендігін түсіндіріп өтемін. Назарларынызға рахмет!!!