Педагогикалы? о?у ?зін-?зі тану п?нін бас?а п?ндермен интеграциялау жолдары


Жоспар
1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а. Интеграциялаудың әдістемелік негіздері.
ә. Пәндердің интеграциялауына ғылыми көзқарастар
б. «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндермен интиграциясының мәні.
3.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
«Қазіргі балалар оқығысы келмейді» деп мұғалімдер жиі наразылық білдіреді. Алайда бізге балалардың әуел бастан білімге құмарлығы, жаңа нәрсені білуге ұмтылатыны, қоршаған ортаны зерттегісі келетіні де белгілі.
Білімге қызыққан бала неліктен мектепте оқығысы келмейді? Себебі неде, оны қалай жеңуге болады? Жауабы қарапайым: балалар білімді көксейді, оларға жанды, қызығушылығын арттыратын, ынталандыратын білім керек.
Онда қандай білім жанды, қандай білім жансыз?
Ұлы педагог, ізгілік педагогикасын шабыттандырушы Ш.А. Амонашвили бұл сұраққа былай деп жауап береді: «Жансыз білім дегеніміз не?»
Бұл – біз алдын-ала білетін, алайда мүлдем білмесек те болатын білім.
Бұл – айтыла салысымен бірден ұмытылатын білім. Жалпы айтқанда, жансыз білім дегеніміз жасөспірімдер мектептің табалдырығын аттамай жатып, мектепте қалдырып кететін және оған қызықпайтын білім.
Жанды білім Білім беру Мәдениетін құрайды.
Жанды білім дегеніміз, ол:
адамды рухтандырады;
ғылымның көкжиегіне бастайды;
өмірді жаңаша құруға жетелейді;
іздену үшін ойларды шабыттандырады;
нұрландырады және дамытады.
Жанды білім қанат бітіреді, жансыз білім салмақ түсіреді. Біз балаларымызды құнды өмірлерін сарп ететін жансыз білімнің ауыр жүгін жаттауға және есіне сақтауға мәжбүрлейміз. Өмірлерінің қайсыбір кезінде емес, нақ осы сәтінде дамып және есейіп келе жатқан адамның қабілеттілігі мен дарындылығы, танымдық ниеттері мен көзқарастары қуатты түрде дамып, өзіне әлемнің тұтас бейнесін бейнелеген болар еді».
Негізгі бөлім
Ш. А. Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды..» деген пікірінен жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта отырып, оқытуда ұстазға қойылатын талаптың маңыздылығын байқауға болады.  Білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Сондықтан өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, интеграциялау қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара интеграциялау, пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді. Сол себепті үздіксіз білім беру жүйесін тұтас қамтитын және болашақ 12 жылдық білім беру жүйесіне негізгі пәндердің бірі ретінде ендірілгелі отырған «Өзін-өзі тану» мен басқа да пәндерді ықпалдастыру , кіріктіруді тиімді деп санауға болады.  Қазіргі кезде көп айтылып жүрген интеграция, яғни салалас пәндердің өзара ықпалдасуы, кіріктірілуі олардың мазмұндық, құрылымдық, ғылыми-теориялық, лингво-семантикалық және жалпыпедагогикалық аспектілерінің кірігуімен ерекшеленеді. Кіріктірілген пәндердің өзара байланысын төмендегідей белгілеріне қарай сипаттауға болады: – ықпалдасу негізділігінің пәндік мазмұнға, оқыту нысаны мен әдістеріне сәйкестігі; – білім мазмұнын сұрыптауда білім, білік дағдыларының құндылықты бағдарлы мәнділігін сақтау ұстанымының ескерілуі; – оқушылардың компетенттілігін, тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің жиынтығы болуы қажет.  Қай пән болмасын кіріктірілген сипатта қызмет ете алатындықтан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын өзге пәндермен интеграциялауда пәнаралық, пәнішілік байланыстар мен оқушының іс-әрекеттік қызметін арттыруға баса назар аударылады. Мұғалім өз пәні арқылы оқушыларды қалай рухтандырады ? Мұғалім немен шабыттанады? Бұл сұраққа жауап беруде мен рухани-адамгершілік құндылықтарды әрбір пәнмен интергациялау мысалдарымен бөліскім келеді. Мына екі суретке назар аударыңыздар: екеуінде де күн, тал, адам және кірпі бейнеленген. Бірақ, бірінші суретте олар бір-бірімен байланыссыз және қозғалыссыз. Ал, екінші суретте Күн тал мен адамға сәулесін шашып тұр, адам талды суарып және кірпіге қолын созып тұр. Бұл суреттер арқылы кең мағынаны түсіндіруге болады: 
3128645-932815470535-1028065
1-сурет 2-сурет
1-сурет, бұл бір-бірімен байланыссыз, қозғалыссыз, тіршіліксіз фрагменттерге бөлінген әлем. Дәл солай, білім жүйесіндегі әлемді осылай сипаттайды: бір-бірімен , өмірмен байланыстан тыс, барлығы абстрактілі. Математика жеке, физика жеке, биология жеке, өмір, махаббат, жақсылық, бір-біріне көмектесу- барлығы да байланыссыз.  2-сурет, бұл біртұтас тірі, қайырымды және сүйіспеншіліке толы әлем. Білім үрдісінде біздің балаларымыз әлемнің дәл осындай көрінісін танығысы келеді. Олар бір-бірінің қарым-қатынасында және іс-әрекетінде осындай барлығы бір-бірімен байланысты, бірлікте, махаббатта нақты білім күтеді. Мысалы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру, әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді құзіреттерді дамыту арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қарастырады. Сондықтан пәнаралық ықпалдастыруды, кіріктіруді әр пәннің мазмұндық ерекшеліктеріне орай ойластыру қажет.
Жалпы оқушылар ересектерге, мұғалімдерге, білім беру саласының қызметкерлеріне үндеу тастаған: «Ұстаздар, мені сүйетін физика керек; мені жанындай жақсы көретін биология керек; мен десе жанын беретін математика керек! Маған мені қамқорлығына алатын, мен үшін өмір сүретін ғылым керек! Ол менімен маған ерекше етене жақын түсінікті тіл – жүрек тілімен сөйлесуі керек».
Өкінішке орай, көптеген мұғалімдер алдымен міндетті түрде пәнді оқыту керек деп санайды, ал өзінің қызметі туралы сұраққа: «Мен математиканы оқытамын», «Мен физиканы оқытамын», «Мен тарихты оқытамын» және т. б. деп жауап береді. Бірақ дұрыс жауап «Мен балаларды оқытамын» болуы қажет. Қандай пәнді оқытсақ, та, бірінші кезекте балаларды оқытатынымыз есімізде болу керек. Сондықтан да тұлғаның белгілі бір білімдердің қосындысын жинауы емес, ішкі ар-ұжданының үніне сәйкес өмір сүретін, ізгі мінезді болуы оқу үдерісінің ең маңыздысы болып табылады.
Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беру .
Білім беруде жалпыадамзаттық құндылықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының авторы С.А. Назарбаева осындай мәселелерді пайымдау барысында былай деп жазды: «Ғасырлар тоғысында біз ойда-жоқта тәрбиенің басты мақсаты – бала компьютер тетіктерін басып, ағылшынша былдырлап сөйлей білсе жеткілікті деп шештік. Міне ол дап-дайын – жаңа формация адамы! Ал сол баланың мейірімділік пен зұлымдықтың айырмашылығын ажырата алмайтыны, жақынының ауыртпалығын бөліспейтіні бізді ойландырмайды да... Мен балалардың жастайынан салауатты және бақытты болу өнерін меңгергенін, өмір даналығын бойына сіңіріп, адамзатқа риясыз қызмет ету арқылы бақытқа бөленуді үйреніп өскенін қалаймын. Өздерінің кім екенін, не үшін өмір сүретінін, неге ұмтылатынын терең түсінуі керек. Әр адамның өзін-өзі тануы қажет».
Шынында қазіргі таңда білім өмір сүру үшін қаражат табу емес, өмір сүру үшін берілу керек.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің басқа пәндермен интеграциясы – ол, ең алдыменен мектептегі білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол – біртұтас білім, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау және алуандылықтың біртұтастығын көре білу. Мәңгілік құндылықтар білім берудің ошағына айналуы керек, басқаша айтқанда, біз оқытатын нәрселеріміздің барлығының біртұтас екендігін көрсетуіміз керек.
Гуманитарлық, жаратылыстану – математика циклдеріндегі пәндердің мазмұнын «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім мазмұнымен интеграциялауға айтарлықтай мүмкіндіктер бар. Осы пән уақыт өте келе білім беру үдерісіндегі өзекті пәнге, яғни біртұтастықты, адами және руханилықты қамтамасыз ететін метапәнге айналады деген сенімдеміз.
Кейде мұғалімдер «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндердің интеграциясын сабақ барысында «Шаттық шеңбері» немесе ойын, оқушылардың көңілін көтеретін немесе демалдыратын тәсіл деп түсінеді, мысалы, химия пәнінің мұғалімі өзін-өзі тануды интеграциялау деп химия пәнінен сұрақ бере отырып допты лақтыру және оқушылардың допты кері лақтырғанын айтады. Бұл интеграция емес! Бұл – қарапайым әдістемелік тәсіл, оның өзін-өзі тану мен химия пәндерінің интеграциясына ешқандай қатысы жоқ. Интеграция терең деңгейдегі мазмұнда, мағынада және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жүзеге асуы тиіс. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұндық негізі жалпыадамзаттық құндылықтардан, ал барлық әдістемелік тәсілдері, атап айтсақ: жағымды көңіл күй, шағын әңгіме, ән айту, шығармашылық жұмыс, ойын терең рухани-адамгершілік мағынада жүргізілуі тиіс. Егер де біз сабақта ойын ойнасақ, ол құндылықтарға бағытталуы, ән айтсақ, оның мазмұны сананы тазартып, жағымды бейнелермен толықтырылуы, егер де оқиға немесе өсиет әңгіме айтсақ, онда осындай әңгімелеу оқушының рухани дамуына көмектесуі керек. Ойынды тек ойнау үшін, әнді тек көңіл көтеріп, демалу үшін шырқасақ, онда ол «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің мақсатымен сәйкес келмейді.
Мұғалімнің интергацияны жеңіл-желпі түсінуі, оның дүниетанымдық көзқарасымен байланысты. Егер мұғалім өзі ізденіп, рухани-адамгершілік тұрғысынан дамымаса, әлемнің көп алуандылығындағы біртұтастықты көре алмаса, тек кітаптағы білімді меңгеруді мақсат етсе, тек қана бақылау жұмысына, емтиханға дайындық пен мектептің рейтингісін, нарықтық экономика талаптарына қалай сәйкес келуді ойласа, онда ондай мұғалім өзінің пәні мен рухани-адамгершілік білім беруді интеграциялай да, өзінің қызметін жандандыра да, рухтандыра да алмайды. Осыдан кейін ол өзін ешкімнің үйретпегенін, қажетті әдістермен қаруландырмағанын алға тартады. Қалайша жабық есікке жарық кіреді? Терезеңіз бен есігіңіз жабық болса, үйіңізге күн нұры қалай түседі?
Мұғалімнің дүниетанымдық ұстанымы – интеграцияның барлық әдістемесінің негізі. Физика пәнінің мұғалімі Ирина Стульпинене «Физика жүрек тілімен» атты кітабында былай дейді: «Пәннің негізін анықтағаннан кейін, өз дүниетанымыма сәйкес оның мазмұнын түсіндіремін. Арнайы ешнәрсені жаттаудың қажеті жоқ, ол түсінік менің бұрыннан бойымда, мен соның негізінде өмір сүремін. Алдыңғы қатарлы ғылыми ізденістер мен деректерді жоғалтпай, жинақтау қажет. Түсінік шексіз ұлғая беруі мүмкін, бірақ та негіздерін сақтау керек. Сабақтың мәтіні оқулықтың мазмұны мен ғылымның жаңа деректері болып табылады. Алайда дүниетаным дегеніміз осы білімдерге адами рең беру, жылыту, игілендіру, рухтандыру мүмкіндігі – бұл сабақ мәтінінің астары».
Халқымыздың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтына қызмет ететін болғандықтан,тәрбиеші баланы өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиелеу керек» деген қанатты сөзі бір ғасыр уақыт өтсе де өз мәнін жойған жоқ. Қазір жаһандану мәселесі тұрғанда ұлттық тәрбиенің баланы ұлтжандылыққа тәрбиелеуде маңызы  зор деп есептеймін. Сондықтан  ұстаз да  өткен тарихтан сабақ ала отырып, оқушы жүрегіне жол таба алса, нұр үстіне нұр болар еді  дегендей өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен интеграциялау түрлерінен мысал келтіріп отырмын.
Қазақ тілі пәні мен өзін-өзі тану пәнін интеграциялау: Мысалы Синоним сөздер
* Мағыналары бір-біріне жуық, бірақ дыбысталуы басқа – басқа сөздерді синоним дейміз.
Мысалы: әдепті, тәртіпті, ақылды, білімді, сыпайы.....
 Түйін: «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала», деген мақалдың мәнін ашатын болсақ, егерде бала өз ісінде дұрыс әрекет жасайтын болса, атқаратын істеріне сүйіспеншілікпен қарап, әрдайым өзін тек қана тыныштықта ұстайтын болса,  ешкімге ешқашан да қиянат жасамайтын болса онда сол баладан дұрыс әдепті, тәртіпті адам шығатынымен  түйіндеу.
Дүниетану пәні мен өзін-өзі тану пәнін интеграциялау. Адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері  туралы түсініктері болуы, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарым – қатынас жасай алуы;
Мысалы: “Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ” деген мақалдың мәнін ашу.
Түйін: егер біз табиғатты дұрыс аялап, сақтай білсек қана табиғаттан алатын нәрселерімізді ала аламыз деп балаларды дұрыс әрекет жасауға, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, табиғатқа қиянат жасамауға, ішкі тыныштықтарын сақтай білуге  үйрету арқылы түйіндеу.
Дене тәрбиесі пәні мен өзін-өзі тану пәнін интеграциялау: Денені дамыту қажеттігін түсініп, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алуы;Өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы;
 Мысалы: «Шынықсаң, шымыр боласың»
Түйін: Осы мақалдың мәнін ашатын болсақ, баланың салауатты өмір салтына  деген сүйіспеншілігі мен дұрыс әрекеті арқылы жақсы жетістіктерге жете алатынына көзін жеткізу арқылы түйіндеу.
 География және өзін-өзі тану пәнін интеграциялау. Мысалы: Мұхит, өзен, жер асты сулары, мұздықтар мен атмосферадағы су булары - жердің гидросфера қабатын құрайды.  Судың негізгі қорын мұхит пен теңіз сулары алып жатыр. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді.  Су – түссіз, мөлдір, иісі дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады.
Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса тіршілікте жоқ. «Су-өмір көзі» , су-жанға сұлулық  береді, көңіліңді көтереді , тазалық көзі, шынығу көзі, су- тағам, табиғатқа сән,  өмірге  мән береді.      Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек нәр беретін байлық көзінің бірі- су. Бүгінгі таңда, өзен, көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының  таза болмауы адамдардан суға тиіп отырған зияндық. Одан су ластанады ,таза су ішпеген ,таза суда шомылмаған халық науқастанады. «Судың да сұрауы бар» дегендей, суды үнемдеу, су жағалауларын  таза ұстау, қамқорлық жасап, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда екендігін естен шығармау қажет. Судың  қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты құндылықтар көп болады.  
««Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары
Мектеп: Нұржау жалапы орта. Мерзімі: 7.10.2016
Мұғалім: Жамангарина Бақытгүл. Сынып: 2 «Ә». Оқушы саны: 20 Тақырыбы: Мен және басқалар. Әдептілік
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер:  Сыйластық, мейірімділік, бірлік
Сабақтың мақсаты: Адамдардың бір - біріне деген қарым - қатынасы жайлы түсіндіру, әдептілік ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәтін ашу
Сабақтың міндеттері:
1.Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеуге, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
2.Сөздегі дыбыстарды анық дыбыстап, байланыстырып сөйлеу әрекетін жетілдіру.
3.Ешкімді ренжітпей бірлікке әдептілікке тәрбиелеу Ресурстар: (материалдар, көздері)
Сабақтың барысы:
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту 5Т ережесі. сақтау.
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Тыныштық сәтi: Орманға ойша серуен.
Үй тапсырмасы: «Сыйға - сый» мәтінін оқып әңгімелеу.
Сурет салып келу, жасаған жұмыстарын көрсету. - «Сыйға - сый» мәтінінен не білдіңдер? - Ағашты біз өсіреміз, суарамыз, ағаш бізге жемісін береді,
ондай баланы біз не дейміз, әдепті бала дейміз.
Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)
Дәйексөз:
«Әдептілік-адамгершілік бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?
1.Әдептілік дегенді қалай түсінесіз?
2.Біздің әдептілігіміз неден басталады?
3.Адамгершілікті қалай түсінесіз?
4. «Әдептілік-адамгершілік бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Түйін: Дана халқымызда сәлем сөздің атасы деген сөз бар.Әдептіліктің, ізеттіліктің, адамгершілік, сыйластықтың бәрі-сәлемдесуден басталады. Сондықтан да әрбір оқушы амандасып, үлкенге құрмет, кішіге ізет ету керек. Қандай ортада болсақта өзіміздің адамгершілігі мол адам екенімізді көрсетіп жүрейік.
Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс: Ескерту
Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)
Мұғалім сыйы: Әдеп
Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.
Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.
Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.
1.Ал балалар сендер не істер едіңдер? 2.Арманның істеген ісі дұрыс па?
3.Әдептілікке жата ма?
4. Ал ,балалар, өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады?
5.Әдепсіз бала қандай болады? Өздерің айтыңдаршы?
Ендеше бұл әңгімеде жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн екен.
Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді, сол үйреткеннен қорытынды шығарайық.
Шығармашылық тапсырма:
Ітоп: Әдептілік ережесін құрыңыз.
Ітоп: Суреттер сөйлейді.
ІІІ топ: «Жақсы деген немене, жаман деген немене» кесте толтыру.
Үй тапсырмасы: Үйіміздегі әдептілік ережесін құру.
Ойын ойнату. Жақсы қасиеттерге қолымызды 3рет соғамыз. Жаман қасиеттерге ештемеде жасамаймыз.
1.Таза жүру және ұқыпты болу.
2.Досыңның іс-әрекетін келемеждеу, мазақтау.
3.Қоғамдық орында, көшеде қатты дауыспен сөйлеу.
4.Білмегенге көмектесу.
5.Үнемі сағыз шайнау.
6.Дастарханда тамақ ішіп отырып сөйлеу.
7.Жығылып қалған адамға жәрдем беру.
8.Жасы кіші баланы көше қиылысынан өтуге көмектесу.
Жүректен – жүрекке.
Балалар шеңбер болып, өздерінің үлкенгдерді қалай сыйлайтынын, ал кішкентай балаларға қалай көмек көрсететінін жұмсақ жүрекше арқылы айтып өтеді.
-Мен үлкендермен сәлемдесемін.
-Мен үлкендерге орын беремін
-Мен қыздарды сыйлаймын
-Мен өзімнен кішілерге қамқор боламын
-Мен қыздарға жол беремін
-Мен үнемі достарыма көмектесемін.
Жарайсыңдар балалар. Сендер өздеріңнің қандай әдепті бала екендеріңді көрсете білдіңдер. Олай болса, балалар «Мен әдепті баламын» әнін бірге орындайық.
Топпен ән айту: Мен әдепті баламын.
Сөзі – У. Бекетовтікі
Әні – И. Нүсіпбаевтікі
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.
Қайырмасы: Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен әдепті, мен әдепті баламын.
Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,
Қашанда мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол заматта сүйеніш боп қол берем.
Қайырмасы: Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен әдепті, мен әдепті баламын.
Бағалау ( оқушылар сабақты бағалайды)
Сабақтың қорытынды сәті:
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. (әуенмен)Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл –күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта жақсы көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзінде асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде. Рахмет. Сабақ аяқталды. Енді жайлап көздеріңізді ашуға болады. «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған география сабағының жоспары
Мектеп: Нұржау жалпы орта . Мерзімі:12.10.16. Мұғалім: Г.Гумарова Сынып:8. Оқушы саны:16. Тақырыбы: Қазақстанның жер бедерінің сипаты.
Құндылық: сүйіспеншілік. Қасиеттер: қамқорлық, әсемдік, жанашырлық
Сабақтың мақсаты: қазақстанның жер бедері, оның алуан түрлілігімен оның таралу ерекшелігіне сипаттама беру
Сабақтың міндеттері:
-қазақстан аумағындағы ірі жер бедері пішіндерінің орналасуы туралы білімдерін жүйелеу
-өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту
-табиғатқа қамқорлық жасай білуге, әсемдікті сезінуге, жанашырлық көрсетуде риясыз сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Ресурстар: бейне көрініс, карта, слайд т.б
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру.
Тыныштық сәті.Орманға саяхат
ІІ. Үй тапсырмасы.
Біліміңді байқап көр.Тест тапсырмасы
1.Қазақтың тұғыш географ саяхатшысы
А) Ш. Уалиханов
Ә) Әбу Насыр Әл-Фараби
Б) Махмуд Қашқари
2. “Жоңғария очерктері”, “Алтыншар” туралы еңбектерін жазған ғалым
А) В.Мушкетов
Ә) Ш.Уалиханов
Б) Н.Северцов
3.Тян-Шань тауымен Балқаш көлі маңы шөлді аймақтың өсімдіктері
жамылғысын зерттеген ғалым
А) А.Краснов
Ә) Л.Берг
Б) В.Мушкетов
4. Тянь-шань тауын алғаш рет зерттеп Хан-Тәңірі шыңына жеткен ғалым
А)С. Тянь-Шанский
Ә)Ш.Уалиханов
Б)Страбон
5. Арал теңізі мен оның маңындағы құмды шөлдерді зерттеген ғалым
А) С.Берг
Ә) Н.Северцов
Б) Ш.Уалиханов
6.Орталық Қазақсатандағы мыс кенін ашқан ғалым
А) Қ.Сатпаев
Ә) М.Қашқари
Б) Ш.Уалиханов
7.Ұлы Жібек жолындағы ірі қалалар
А) Тараз, Отырар, Сарайшық, Құлан, Қойлық, Саудакент
Ә) Тараз, Отырар, Сарайшық, Құлан, Қойлық, Алматы
Б) Сарайшық, Қызылорда,Алматы,Құлан
8.Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұзды мұхитының шығанағы деп санаған
А) Страбон Ә) Әл-Идриси Б) Геродот
5. Арал теңізі мен оның маңындағы құмды шөлдерді зерттеген ғалым
А) С.Берг
Ә) Н.Северцов
Б) Ш.Уалиханов
6.Орталық Қазақсатандағы мыс кенін ашқан ғалым
А) Қ.Сатпаев
Ә) М.Қашқари
Б) Ш.Уалиханов
7.Ұлы Жібек жолындағы ірі қалалар
А) Тараз, Отырар, Сарайшық, Құлан, Қойлық, Саудакент
Ә) Тараз, Отырар, Сарайшық, Құлан, Қойлық, Алматы
Б) Сарайшық, Қызылорда,Алматы,Құлан
8.Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұзды мұхитының шығанағы деп санаған
А) Страбон Ә) Әл-Идриси Б) Геродот
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бейне көрініс.
ІV. “Мұғалім сыйы”. Ішкі интеграция.
Тау мен тасты жел бұзар, Адамзатты сөз бұзар
Ішкі интеграция.
Қазақстан аумағындағы жер бедерінің ірі пішіндерінің орналасу ерекшеліктерін, яғни республика аумағының үштен бір бөлігін ойпатты жазықтар, аумақтың жартысынан астамын көтеріңкі жазықтар, үстірттер мен шоқылар, ал республика жерінің 10пайызын биік таулы аймақтар алып жатыр. Бір кездердегі биік таулар миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен суық, қар мен ағын су күші әсерінен мүжіліп, аласаруы
нан, яғни сыртқы күштердің әсерінен пайда болған жер бедері.Тау –биік, әдемі, адамдарға пана болады.
Адамдар да айналадағы адамдардың ішкі жан-дүниесіндегі сұлулықты сезіне білсе, рухы биік болса, бір-біріне қамқор болып, қол ұшын беріп, қамқорлық жасап жүрсе, жер бетінде тыныштық болар еді. Олардың арасында бір-біріне қиянат жасамау болмас еді.
V. “Ғажайып шаршы”
VI. Топпен ән айту
Әні:Е.Хасанғалиев Сөзі:Қ.Мырзалиев
Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,
Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.
Мaңдaйымнaн сипaп өткeн сaмaлды,
Қaзaғымнын aлaқaны дeп білeм.
кaйырмaсы:
Кaйдa жүрсeм aтa мeкeн,
Көкeйімдe жaтaды eкeн.
Күннін өзі ұясынa,
Қимaй oны бaтaды eкeн.
Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,
Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.
Күннін нұрын, aйдын aппaқ сәулeсін,
Қaзaғымнын мaxaббaты дeп білeм.
кaйырмaсы:
Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,
Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.
Aскaр тaуым, aспaныммeн aстaсқaн,
Қaзaғымнын мәртeбeсі дeп білeм.
VIІ. Үйге тапсырма. Кескін картаға ірі таулар мен жазықтықтарды түсіру.
VIIІ. Сабақты бекіту, бағалау
ІХ. “Соңғы тыныштық” сәті
Бүгінгі сабақтан әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Қорыта келе, «Өз өмірің өз қолыңда» -демекші  әркім өз тағдырын өз қолымен жасайды. Адам – бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артынан ылғи да жақсы сөз бен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Бұл үшін ол әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп-тұруы тиіс. Екі жүзді болмай, сөз бен істі бір жерден шығару керек.              
  Мен осы өзін-өзі тану пәнінен сабақ бергеннен бері адамдарға деген көзқарасым  өзгерді. Яғни мен жалпыадамзаттық кұндылықтарға мән бере бастадым. Абай айтқандай: «Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен байланысты. Яғни, ішкі жан дүниені жетілдіру керек».
Адам сыртқы әлемге тұрақтамай, мәңгілік құндылықтарға тұрақтау керек, өйткені ол өзгермейді. Қандай ұрыс – керіс, жанжал қарсылық болмасын барлығын сүйіспеншілікпен жеңу керек және де  мұғалімнің мынандай заңдарын өзіме керек еттім: Баланы сүю, түсіне білу, шабыттандыра білу. 
Мұғалімге мынандай парыздарды  білу міндет: Баланың бойындағы шексіз кемелдену  мүмкіндігіне сенім, өз бойындағы жоғарғы рухани бастауға сену, тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім.
Ішкі үйлесілімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адамның аспектілерімен сәйкес және құндылықтарға сай болуы тиіс, олар ақиқат, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, ішкі тыныштық, сүйіспеншілік.
Жанашыл – педагог Ш.А. Амонашвили айтқан екен: «Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді және әр бір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата – ана мен педагогтың міндеті  сол сәулесінің жағылып кетуіне жол беріп, өз өмір жолына бағыт көрсету».
Адам жақсы өмір сүру үшін адамға алдымен мынадай қасиеттер қажет: адал еңбек, ар – ұят, ақыл - ой, таза жүрек. Онсыз бұл өмірде тыныштық пен татулық болмас.
«Өзін-өзі тану» пәні метапән болғандықтан, басқа пәндермен ықпалдасуы үнемі жүреді. Сондықтан да сабақтағы негізгі тақырыпты өмірмен байланыстырса, теория практикаға айналары сөзсіз. Яғни, қоғамға бейімделгіш, рухани бай, белсенді тұлға қалыптасады деп сенемін.
              
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Қазақстан мектебі». Ғылыми – педагогикалық журнал №2,3, 2010 ж
2. «Өзін – өзі тану» әдістемелік құралдары
3.«Бастауыш мектеп» ғылыми – әдістемелік журнал
4.«Өзін – өзі тану» тану оқулықтары 1 – 11 сыныптар 2010 ж.
5. «Өмір әдебі» С.А. Назарбаева
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Нұржау жалпы орта мектебі
XVIII Педагогикалық оқу
«Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау жолдары
Секция: Өзін-өзі тану
Жумагалиева Арайлым Алтаевна
«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі
2017жыл