Презентация Т?ты?пасы бар адамдарды ?леуметтік о?алту процессіні? психологиялы? негіздері.
Тұтықпасы бар адамдарды әлеуметтік оңалту процессінің психологиялық негіздері. №1 А.С. Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының логопеді:Мауленова Меруерт Әдебиетке шолу НекрасоваЮлияБорисовна:Психологические основы процесса социореабилитации заикающихся : автореферат диссертации ... доктора психологических наук : 19.00.01 Рос. психол. институт Бұл диссертацияда :Үш этапқа бөліп. Барлық даму кезеңдері бала дүниеге келген кезеңнен басталады. Постнатальді кезеңдегі толысу белгілі бір маңызға ие: оның қоршаған ортаға бірден бейімделе алмауы оның баяу дифференциалды бейімделуіне байланысты екенін қарастырған. Тұтықпа- Сөйлеу аппараттарының тыртысуы салдарынан, сөйлеу жылдамдылығы мен ырғақтылығының бұзылысы. Қазіргі кезде тұтықпаның себептерін екі топқа бөледі:бейімдеуші және қоздырушы. Біріншісіне баланың нерв жүйесінің әлсіретіп, нерв жүйесінің бұзылуына әкеліп соғатын жағдайлар жатады (құрсақта жатқанда, туу кезіндегі зақымдалу; инфекциялық аурулар; тұқымқуалаушылық яғни ата-аналарының нерв жүйесінің әлсіздігі, ерекшелігі; констуционалдық бейімділігі, педагогикалық қараусыз қалу)Қоздырушы себептерге жататындар: күшті жүйке күйзелісін тудыратын кенеттен психиканың зақымдалуы, тәрбиелеу тәсілдерін дұрыс қолданбау, сөйлеу ортасының жағымсыздығы, сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеуі. Тарихы Тұтықпа сөйлеу тілінің пайда болған кезінен бастап болған деп болжау жасалынады. Египеттік фараондарда, Персия патшасы Бат, Моисей пайғамбар, Римдік ақын Вергилий, философ және оратор Демосфенде тұтықпа байқалған. Осы уақытқа дейін тұтықпаның этиологиясына бірдей көзқарас жоқ. Дегенмен, барлық зерттеушілер, тұтықпаның пайда болуына бірқатар факторлардың маңызын айтады.Баланың жасы.Баланың орталық жүйке-жүйесінің зақымдалуы.Жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты сөйлеу онтогенезінің өтуі.Бас миының функционалдық ассимитриясының қалыптасы ерекшеліктері.Психикасының зақымдалуы.Генетикалық фактор.Жыныстық деморфизм. Тұтықпа балалардың психологиялық ерекшеліктеріР.Е.Левинанаң пікірі бойынша сөйлеу тілінің бұзылуы әрқашан тұлғаның дамуына және психикасының дамуына әсер етеді, оның әсері ақаулықтың табиғатына, деңгейңне сонымен қатар баланың өзінің ақаулығына көңіл аударуына байланысты болады. Қазіргі кездегі психологиялық-педагогикалық сипаттаманы ескере отырып, өзінің ақаулығына көңіл аударуын негізге ала отырып тұтықпаларды 3 топқа бөледі:нольдік, біркелкі, орташа және айтарлықтай немесе жоғары деңгейде көңіл аудару. Бірінші топтағы балалар өздерінің ақаулығын байқамайды,көңіл аудармайды. ОЛар үлкендермен де өздерінің құрдастарымен де, бөтен адамдармен ұялмай қарым-қатынас жасайды. Екінші топтағы балалар тұтықпаға байланысты іштей қайғырады, әр түрлі амал арқылы тұтықпаны байқатпауға тырысады. Дегенмен ақаулықты сезінуі, іштей қайғыруы тұлғаның дамуына оншалықты әсерін тигізбейді. Үшінші топтағы балалар өздерінің ақаулығын сезінеді. Ондай балалар әрдайым сөйлеу қиыншылықтарына көңіл аударып, ұзақ және терең қайғырып ренжиді.Соның салдарынан олар өздерін кем санайды, секемшіл келеді және сөйлеу алдында қорқыныш пайда болады. Сонымен, тұтықпады тек сөйлеу функциясының бұзылуымен қатар нерв жүйесінің, жалпы және сөйлеу моторикасының бұзылуы, психологиялық ерекшеліктері байқалады. Тұтықпаны түзетудіңзаманауи әдістемелері.Қазіргі кезеңде тұтықпаны түзету әдістемелік ықпал етуіне және терапиялық ықпал етуәне байланысты бірнеше бағытта қарасытырылады:ЛогопедиялықПсихологиялықПсихотерапиялықЛогопсихотерапиялықӘлеуметтік-реабилитациялықДәрімен емдеуФизиотерапиялықКешендіДәстүрлі емес әдістемелер. Рефлексотерапия келесі схема бойынша жүргізіледі: Тұтықпасы бар адамдарды әлеуметтік оңалту процессінің психологиялық негіздері. Бала алғашқы жылдары шарасыз нәрседен нағыз кемел, әлеуметтік адамға айналуға дейінгі жолды жүріп өтеді. Ерте балалық шақта жалпыадамзаттық тәжірибе компоненттерін меңгереді. Ол адамның келесі өмір сүру жылдарында қажетті іргетас : психикалық іс-әрекеттің негізі, эмоциясы, мотифациялық-қажеттілік сферасы қалыптасады. Осы кезеңде қоршаған ортамен қатынастың жеткіліксіздігі баланың психикалық дамуына кері әсер етеді. Ерте балалық шақ – психологиялық, педагогикалық әсер етудің маңызды кезеңі. Осы кезеңде ерекше ескеретін жай – даму кемістігінің дифференциалды диагностикасы. Бала дамуында жарақат немесе жеткіліксіздік болған жағдайда ерте диагностикалау ақаулықты ерте кезеңнен бастап түзетуге мүмкіндік береді. Мұның себебі, ерте жаста баланың миының ерекше иілімді болуы. Ол сыртқы әсерді тез қабылдап алады. Тұтықпа тіл кемістігі ретінде өте күрделі және баланың қарым-қатынасқа түсуіне кедергі келтіреді. Ондай балалардың өзін бағалау дәрежесі төмен, олар ортамен қарым-қатынасқа түсуден қашып жүреді. Сондықтан біз негізгі механизм ретінде балалалрдың психикалық жағдайын аламыз. Оларды әлеуметтік оңалту процесі жөнінде сөз қозғай отырып тұтықпасы бар балалардың психикалық өзгерістерін, олардың пайда болу себептеріне көңіл аударамыз. Алғашқы кезеңде Бастапқы кезең – әлеуметтік динамикалық психотерапевтикалық диагностика. Ол патциенттің психикалық жағдайын анықтауға өте қолайлы. Психотерапевт балаға психикалық диагноз қою үшін 3-6 ай шамасында уақыт арнайды. Тұтықпасы бар баламен міндетті түрде 3 маман бірігіп жұмыс жасайды. Олар – невропотолог, психолог, логопед. Сол уақыт аралығында психолог балаға арнайы теріп алынған жаттығуларды жасайды: көркем шығарма оқу (кітап терапиясы), психологиялық тест қолданылады. Бұл диагностикалық блок деп аталады. Екінші кезең Әлеуметтік оңалтудың екінші кезеңнің тапсырмасы - жұмысты жүргізу әдісіне көп мән беру және оны жүзеге асыруға белсенді кірісу. Негізгі қолданатын тәсіл «синдромды өткінші кезеңдегі жағдайға қарай шақыру» - жағдайды сөз арқылы және сыртқы орта көрінісімен модельдейді. Үшінші кезең Үшінші кезеңнің міндеті саногенді психикалық қалыпты мотивация көмегімен сақтау. Оған мүмкіндік беретін тәсіл – қайталау, психикалық қалыпты жеңу, оны әр кезде жаңадан қолдану керек.Бұл кезеңнің ерекшелігі, оның барша топқа жалпы қатыстылығында. Бұл мағынада олардың әр қайсысы қатынастық потенциялға ие: топ қатысушылары жетістікке жетуде бір бірі үшін уайымдайды, топта бірігіп шығармашылық жұмыстар жасайды, қуанышын ортасымен бөліскісі келеді. Үшінші кезеңнің соңы саногенді психикалық қалыпты дағдыландыру және түрақтандырумен аяқталады. Ол:Бала өз бойында пайда болған психикалық жағдайды түсініп, қарым-қатынасқа түскенде қолдана білуі – психикалық қалпын басқара алуы;Ішкі денсаулықты ары қарай дамыту;Тұтықпасы бар балалар сабақ барысында алынған білімдерін тәжірмбеде қолдануы. Ол баланың болашақта тұлға ретінде дамуына жағымды әсер етеді. Қорытынды Коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу үшін баланы кешенді түрде ұзақ зерттеу қажет. Нәтижесінде медициналық, генетикалық және әлеуметтік факторлардың қауіптілігі анықталады, қызметтік теңестіру жүзеге асады, баланың психофизикалық даму деңгейі анықталады. Ол баланың бойындағы жасырын кемістіктерді анықтап қана қоймай, бала дамуының түрлі қызметтік аймақтарының арақатынасының қалыптасуын қадағалайды.