ИНФОРМАТИКА КУРСЫН О?ЫТУДЫ? ТЕОРИЯЛЫ? НЕГIЗДЕРI


Информатика курсын оқытудың теориялық негiздерi
Қазiргi әлемнiң ғылыми бейнесiнiң негiзгi сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролiн мойындау болып табылады.
Бұл жағдай бiздiң ғасырдың басында әлемнiң бейнесiн жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы негiзгi мәселе ұйымдастырушылық немесе қазiргi айтылып жүргенiндей информациялық факторларға байланысты. Дәлiрек айтсақ алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесi қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталды. Сонымен информатика – компьютердiң көмегiмен информацияны iздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудiң әдiсi, тәсiлдерi мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым.
Қазiргi кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетiн саланың бiрi халық ағарту жүйесi. Ал, жоғары оқу орындарында информатиканың проблемаларын қарастыратын сала кәсiби информатика деп аталады.
Кәсiби информатика информатика ғылымының бiр саласы ретiнде жоғары оқу орындарындағы оқу процесiнде пайдаланылатын компьютердi программалық, техникалық оқу-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етудi зерттейтiн сала ретiнде анықталады.
Компьютердi пайдалану жағдайында оқу процесiн тиiмдi және өз мақсатына жете алатындай етiп ұйымдастыру үшiн бiрқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлi қағидалары қосымша зерттеудi талап етедi. Бұл жерде оқытуды компьютерлендiрудiң екi түрлi негiзгi бағыты бар екенiн ескеру қажет, олар компьютер оқу объектiсi және компьютер оқу құралы ретiнде.
Қазiргi кезде РБАО негiзiнен бiлiм жүйесiнiң барлық сатылары үшiн электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келедi. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы (профессор Г.Нұрғалиева жасаған) оқыту процесiнiң заңдылықтарына негiзделiп жасалып, бiр-бiрiмен тығыз байланыстағы төрт бөлiктен тұрады, олар: мотивациялы –мақсаттық, мазмұндық операциялық және нәтижелiк бақылау компоненттерi.
Электронды оқулықтың мотивациялық-мақсаттық компонентi модульдердi (микромодульдердi) құрастырудан тұрады. Модуль дегенiмiз –жергiлiктi (локальды), жүйелiк және функционалдық бiлiм жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетiн ұйымдастыратын “ түйiнi” болып саналады.
Электрондық оқулықтың мазмұндық компонентi гипермәтiн арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтiн-терминдерден, ұғымдардан, әртүрлi концепциялардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәлiметтер базасы ретiнде берiлетiн ақпараттық оқыту ортасы. Мәтiндердi қазақ, орыс, ал кейбiрiн ағылшын тiлiндегi дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтiн бейне материалдарымен толықтырылған.
Электронды оқулықтың операциялық компонентi интерактивтi формада берiлген тапсырмаларды орындау арқылы iске асырылады. Электронды оқулықтың нәтижелiк бақылау компонентi тест алу жолымен жүргiзiледi. Электронды оқулықта тесттердiң екi түрi берiлген: бiр дұрыс жауап немесе бiрнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында өзi қателескен сұрақтарды тексерiп көре алады, әрбiр тестен соң сұрақтардың реттiк орны ауыстырылып отырады.
Оқушылар үшiн электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздерi толықтырып отыра алатын және нәтижелiк емтиханға дайындалуға көмектесетiн мәлiметтер базасы болып келедi. Электронды оқулықтармен жұмыс iстеу әрбiр оқушының өз мүмкiндiгiн есепке ала отырып, оқып үйрену iсiн жеке дара жүргiзу болып саналады.
Мұғалiм үшiн электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегi әдiстемелiк жүйе, оны әрбiр оқытушы өз педагогикалық тәжiрибесiндегi материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетiлдiре алады. Сол себептi электронды оқулықтарды әзiрлеп оны дамытудағы РБАО жұмысы да қайта оралып келiп түсiп жатқан ұсыныстар мен пiкiрлер арқылы тиiмдiлiгiн бiрте-бiрте арттыратынын талас тудырмаса керек.
Электрондық оқулықтарды дайындаудың бiр жүйеге келтiрiлген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескру керек секiлдi.
белгiлi бiр пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннiң типтiк бағдарламасына сәйкес болуын;
электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектiсiн қамтитын негiзгi; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекшi; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тiзiмдерi бөлiмдерiн қамтуын;
электрондық оқулықтың кәдiмгi оқулықтар мазмұнын қайталамауын яғни, берiлетiн тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрi қысқа берiлуiн ескеру керек;
белгiлi бiр тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиiс. Егер мәтiн көлемi бiрнеше экрандық беттi қамтитын болса онда экранда пайда болатын он жақ тiк төменгi көлденеңiнен жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келедi. Мұның өзi пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледi және мәтiндi жоғары-төмен оңға – солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етедi.
бiр қатардағы мәтiн 62-65 таңбадан аспауы тиiс. Себебi материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемдi параққа дұрыс түсетiндей болуы керек.
оқулықты шектен тыс иллюстрациялық анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға керi әсерiн тигiзуi мүмкiн, бiрақ кейбiр пәндерге атап айтқанда физика, химия, биология секiлдi пәндерге қатысты процестердi анимациялап көрсету, тiптi кинофильмдер мен диафильмдер үзiндiлерiн MPEG,AVI типтi файлдар ретiнде сақтап, оларды гипермәтiндi формат арқылы электрондық оқулықа кiрiстiру оқулықтың көркемдiк әдiстемелiк деңгейiн арттырады.
Жоғары мектепке арналған информатикадан мемлекеттiк бiлiм беру стандарты осы мәселенi көздейдi. Ал, стандарт осы пәндi жоғары мектепте үздіксіз бiлiм беру тұжырымдамасына негiзделiп жасалынған.
Жалпы информатика пәнiнiң мазмұны мынадай екi үлкен дидактикалық мәселенi шешуге бағытталуы керек: 1) компьютер - оқыту объектiсi; 2) компьютер – универсал таным құралы.
Болашақ информатик маман таным субъектiсi болған кезде Бұл екi мәселе бiрiн-бiрi толықтыра отырып курстың негiзгi мазмұнын құрайды.