Жапсыру саба?ы. Та?ырыбы: ?жеме арнал?ан т?рлі т?сті монша? Анарбай Н?рг?л


Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы : Әжеме арналғантүрлі түсті моншақ..
Мақсаты:
Білімділік: түстер туралы түсініктерін нақтылау;
Дамытышылық: моншақтар туралы, халықаралық мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік:әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу;
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:халықаралық әйелдер мерекесі туралы әңгімелесу,өлеңдер жаттау,моншақтардың түрлерін көрсету.
Көрнекіліктер:үлестірмелі материалдар,дайын аппликация үлгілері,сүрткіш.
Сөздік жұмыс:моншақ.
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық –
қозғаушылық Шаттық шеңбері.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз
Қонақтарды көргенде
«Сәлеметсіздер ме!»-деп
сәлемдесіп аламыз.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталайды.
Ұйымдастыру-
шылық-ізденістік -Балалар,наурыз айында болатын қандай мерекені білесіңдер?
-8 Наурыз кімдердің мерекесі?
-Ал сендер әжелеріңе сыйлық жасағыларын келе ме?
Олай болса, әжелеріңе арнап моншақ жасайық.
Сөздік жұмыс:моншақ.
-моншақты неден жасасақ болады?
-Дұрыс айтасыңдар, түрлі түсті дөңгелектерден жасайық. Бізде қызыл,жасыл, сары,көктүстер бар екен. Осы дөңгелектерді түстері бойынша тізбектеп, дөңгелетіп жапсырамыз.
Сергіту сәті.
Қос бұрымға тағылған
Шашбау сылдыр етеді.
Шолпыларың лағылдан
Бір ырғалып өтеді.
-Балалар,үйдегі әжелерімізді қуанту үшін моншақтарды әдемілеп тізбектеп жапсырайық.
Әжелеріміз мерекеде қуанып қалсын.
Педагог балалармен жеке жұмыс өткізеді.
Балалалрдың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп, талданады.

-8 Наурыз.
-аналардың,
әжелердің мерекесі.
Балалардың педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.
Қимылмен жасайды.
Тапсырманы орындайды.
.
Рефлексиялық түзетушылық
-Балалар,біз бүгінгі іс-әрекетімізде не істедік?
-Моншақтарды неден жасадық?Моншақтарды кімге арнап жасадық?
- Жарайсыңдар,сендер өте әдемі моншақтар жасаған үшін рақмет айтамын.
Әжемізге арнап түрлі түсті дөңгелектерден жапсырып моншақ жасадық.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: түрлі түсті дөңгелектерден;
түсінеді: 8 Наурыз аналар,әжелер мерекесі екенін;
қолданады: дөңгелектерді қолдана отырып жапсыру;