«?улиек?л ауданыны? ?кімдігіні? Аман?ара?ай «Б?бек» балаба?шасы І кіші тобына арнал?ан
Бірінші кіші тобында сәби жастағы балаларды сенсорлық дамыту бойынша ашық сабақ «Көңілді саяхат»
Мақсаты: Сенсорлық тәжірибені қалыптастыру.
Міндеттер: Балалармен негізгі түстерді бекіту. Шағын моториканы дамыту, түсттерді сезу қабілеттерін қалыптастыру, зейінін арттыру, кейіпкерлерге эмоционалдық жағымды қарауға үйрету, мейірімділікке тәрбиелеу.
Материалдар және жабдықтар: обруч, түрлі түсті пластмастан жасалған шарлар, түрлі түсті шаралар, картоннан жасалған әтештер және 4 түсті қыстырғыштар, ас бұршақпен, үрме бұршақпен, ұңтақ жармамен тәрелкелер, әтештің,әженің үйі, орманның декорациясы, ойыншық қоян, әтеш, пірәндік толған себет.
Сабақтың барысы:
Т-ші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Қараңдар, бізге қаншама қонақтар бүгін келді. Қонақтармен амандасайық, балалар.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Т-ші: Балалар, қараңдар, не көріп тұрсыңдар? Бұл не?
Балалар: Күннің көзі.
Т-ші: Балалар, амандасайық! (Сәлеметсің бе, күннің көзі!). Балалар, ол бізге жай келген жоқ. Күннің көзі бізге сүйікті әжемізге бару үшін жол көрсетеді.Дайынсыңдар ма?(иә). Ендеше саяхатқа шығайық.
Балалар жолда келе жатып бір бөгетке кезігеді.
Т-ші: Бұл не? Балалар біреу бізге жол бермей тұр. Қараңдар, қаншама түрлі түсті тастар. Оларды жолдан жинау керек.Ол үшін менде табақтар бар. Бізге табақтардың түстері бойынша тастарды салу керек. Тастарды жинап болғасын біз әрі қарай бара аламыз.
Балалар үш түсті табақтарға : көк, қызыл, жасыл тастарды жинайды.
Т-ші: Жарайсыңдар, балалар! Міне біз орманға келдік. Балалар біреу жылап отыр. Не екен ол?
Балалар: Бұл қоян.
Т-ші: Сәлеметсің бе, қоян! Неге сен жылап отырсын?
Қоян: Мен адасып қалдым!
Т-ші: Сен қайда тұрасын?
Қоян: Мен әжемен тұрамын.
Т-ші: Қоян, сен уайымдама, біз де сол жаққа қарай бара жатырмыз, иә, балалар, біз сенің үйін тауып береміз.балалар, қоянның көңілін көтеру үшін біз қоянмен бірге ойын ойнаймыз.
Балалар шеңберге тұрады
Сергіту сәт «Ұзын құлақ сұр қоян»
Т-ші: Мінеки, балалар біз қоянның көңілін көтердік.енді бізге әрі қарай баруымыз керек.
Балалар бір үйдің қасында жақындап, бір сыбдыр естиді.
Т-ші: балалар бұл үйде кім тұрады екен?
Петя: Таңертең ерте тұрамын,
Аулада өзім тұрамын
Басымда айдарым бар
Алтын әтеш деген атым бар.
Т-ші: Сәлеметсің бе, әтеш!Ал біз де балалармен сен туралы тақпақ білеміз.
Балалар тәрбиешімен бірге «Әтеш» деген тақпақ айтады.
Т-ші: Балалар біздің әтештің айдары түсі қандай? (қызыл). Дұрыс, ал құйрығы қандай?
Петя: Менде құйрығым жоқ. Бұл қу түлкі біздің қорамызға кіріп барлық әтештердің құйрықтарын жұлып тастады.
Т-ші: Петя, сен уайымдама, біз балалармен бірге саған көмектесеміз, балалар әтешке құйрығын жасап береміз бе (иә)
Балалар үстелдің басына келіп әтештің пішіндеріне 4 түсті қыстырғыштармен әрқайсына 3 қыстырғыштармен әтешке құйрықтарын жасап береді.
Жарайсыңдар, балалар! Қандай әдемі әтештер болып қалды. Енді оларды тамақтандыру керек.Балалар, әтештер шоқып не жейді? (ас бұршақ)
Балалар үстелдің үстінде тұрған тәрелкедегі жармалардың (ас бұршақ, үрме бұршақ) қасына келеді.
Т-ші:Мұнда бәрі шатасып қалды әтештер үрме бұршақты шоқи алмайды, сондықтан оларды бос тәрелкелерге салайық.
Балалар жармаларды бөліп, теріп жинайды.
Т-ші: Жарайсыңдар, балалар, бәрін дұрыс жасадындар, енді біз асбұршақты әтештерге қалдырып әрі қарай саяхат жасаймыз.
Балалар әженің үйдің қасына келеді.
Т-ші: Қоян, қара, бұл сенің үйің, мінеки біз әжеге де келдік.
Әже:Сәлеметсіңдер ме, қонақтарым!
Т-ші: Сәлеметсіз бе, әже! Біз сізді көруге өте қуаныштымыз, біз сізге қоянды тауып бердік.
Әже: Менің қоянымды! Мен өте ризамын,Рахмет, балалар, қандай жақсы іс жасадыңдар, сендерге жолды кім көрсетіп берді?
Т-ші: Біз айтпаймыз, бірақ көрсетеміз.
Балалар үстелдің үстінде тұрған тәрелкедегі ұнтақ жарманың қасына келеді де, саусақтармен күннің көзін салады.
Т-ші: Білесіз бе неге ұқсайды?
Әже : Дөңгелек және сәулелері бар, бұл күннің көзі ғой. Рахмет күннің көзі, қонақтар үшін. Балалар сендер менің қоянымды тауып берген үшін мен сендерге тәтті пірәндік бергім келеді.Алыңдар, балалар!
Т-ші:Рахмет, сізге, әже, бізге әрі қарай баруымыз керек, күн батып қалады, пірәндіктерді жолда жейміз. Сау болыңыз!
Готовое оформление для рефератов, папок-передвижек
Конкурсы на сайте