Открытый урок по самопознание на тему смелость и решительность(4 класс)
Мектеп № 372 Мерзiмі 10.02.2017ж № 20 сабақТақырып: Өзімшілдік пен көпшілдік. Құндылық :БірлікҚасиеттер: КөпшілдікМұғалiм: Салахиева А.Т
Сынып :4 «а»Оқушылар: саны 16
Сабақ мақсаты: Оқушылардың «бірлік»құндылығы және «көпшілдік»адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері:- Өзімшілдік пен көпшілдік ұғымдары туралы түсінік беру;-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;-көпшіл болуға тәрбиелеу
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) үнтаспа,ақ қағаздар,оқулық ,дәптерСабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Көз алдарыңызға не елестеттіңіздер?-Қандай сезімде болдыңыздар?
Шаттық шеңбер
-Күн ,кімнің досысың?-Бәріңе ортақпын!-Сен кімнің жолдасысың?-Бәріңе ортақпын!Кәдімгі көліңдей түсетін,Кәдімгі суындай ішетін,Ауадай бәріміз жұтатын,Барлығы әулие тұтатын,Бәріңе ортақпын! Сұрақ: Күн неге бәріңе ортақпын дейді?Балалар, яғни бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік.
Мұғалім: -Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды, тек өз мүддесін ойлайды. Ондай адам туыстары, достары, сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді. Бұл жақсы қасиет емес.
-Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып, айналасындағылармен тіл табысады. Кеңпейіл, көпшіл болу, сыйласа білу жақсы қасиет.Оқып үйренейік. Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқушы әңгімелеп береді. Тақырыптың мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады.
Қызғаныштың кесірі.
Маржан бүгін өте қуанышты. Кеше кешкісін алыста тұратын әпкесі үйіне қонақ болып келгенді. Сол әпкесі Маржанға өңі тұрсын түсінде көрмеген кереметтей ақмоншақ әкеліп берді. Маржан моншағын тағып алып, жүгіре далаға шықты да: Назгүл ,Жанерке , Айгерім қайдасыңдар? Келіңдер, бірге ойнайық ,-деп шақырды. Алқынып жеткен үшеуі бірден Маржанның мойнындағы күнмен шағылысқан ақмоншақты тамашалауға кірісті.
-Тұра тұрыңдар! Бұл-менің мошағым. Ұстамаңдар, үзіп тастарсыңдар,- деді. Маржан ашуланған түр байқатып.
-Одан да, -деді сонан соң ,-бір ойын ойнайық. Мен-сатушы, ал сендер –алушы, яғни тұтынушы болсыңдар,-деді. Олар осы сөзді құптап ойынға кірісті. Әйткенмен ,үш қыздың мкөзі әлгі моншақта тұр еді.
-Маржан сатуға үстел үстіне біраз заттар қойды. Бірақ бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты.
-Еее –деді ол шаттанып ,-ол менің моншағым екен ғой .
-Жарайды, мына жерге қойғаннан моншақ үзіліп қалмаса, -деді.
Бір уақытта Жанерке, Назгүл, Айгерім үшеуі келді. Олар бірден ақмоншақты алуға таласты. Ең алдымен моншақты қолына Назгү ұстап еді, оған Айгерім жармасты. , іле- шала Жанерке де моншақты алуға қолын созды. Жанерке мен Айгерім моншақты қолынан шығара бергені сол еді, Маржан өзінің алғашқы ойынан айнып, «Моншақты сендерге бермеймін, ол меніңкі»- деп , оны тартып қалды. Сол кезде мошақ үзіліп, аппақ түйіршіктер жерге шашылды.
Алты ойлау қалпағы әдісімен жұмыс жасаймыз.
Ақ қалпақ тобы. Мәтіннен түсінгендеріңді айтыңдар.
Мәтіннің ішінен қажеттісіне назар аудар.
Сары қалпақ тобы.Маржанның жағымды жақтарын,жақсылықтарын айтасыңдар.
Қара қалпақ тобы.Маржанның жағымсыз жақтарын айтасыңдар.
Қызыл қалпақ тобы.Қыздар моншақты Назгүл алсын деп шешті ,бірақ Маржан шешімді өзгертті осы шешімге қөзқарасың қандай?
Жасыл қалпақ тобы .Қызғаншақтық жақсы қасиет па?
Көк қалпақ тобы.Барлық қалпақтар тобының жұмысын бақылап, бағалап өз ойыңды ортаға сал.
Дәйек сөз
Абай Құнанбаевтың «Болмағын кекшіл,
болсайшы көпшіл» деген даналық сөзінің мәнісі мынада: Көпшіл адам көптің көңілінен шығып, көппен бірге жұмыс істеп, барын көппен бөлісіп, айналасындағылармен тез тіл табыса алатын , жеке басының ғана емес көптің қамын ойлайтын адамдарды айтуымызға болады. Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспай,тек өз мүддесін ойлайды. Мұндай адам достары, сыныптастары, туыстарының арасында тек өзінің ғана қамын көздейді.
Жаңа ақпарат.
Тапсырма.Өзімшіл адаммен көпшіл адамға тән қасиеттер ажыратыңдар.
Бауырмалдық, өркөкірек, ақкөңілдік, өз басының пайдасын ойлау, жомарттық, менмендік, белсенділік, басқалармен санаспау, тәкаппарлық, жанашыр, кешірімшіл,кекшіл
Өзімшіл Көпшіл
өркөкірек, Бауырмалдық,
өз басының пайдасын ойлау ақкөңілдік,
менмендік, жомарттық,
басқалармен санаспау белсенділік,
тәкаппарлық жанашыр,
кекшіл кешірімшіл
Тапсырма.
«Өзімшілдік пен көпшілдік» туралы күнделікті өмірден мысал келтіріп
айтыңдар.
Өзімшіл адамдар өзгенің халіне бейқам қарайды. Оларды ешқашан жетім-жесірлер мен жыртық-жамаулар алаңдатпайды. Шарасыз күйде жүргендер бақытсыздыққа ұшыраса, «өз тағдырынан» деп ойлайды. Бастысы – өз басын көлеңке шалмаса болғаны. Ал қалғанының халі ол үшін «Екі қойың – бір сом»...
Көпшілдік – адам бойындағы бауырмалдық қасиетті білдіретін ұғым. К. адамның адамгершілік мұраттарды ардақтап, қоғамдық істерді жүзеге асырудағы қауымшылдығынан, белсенділігінен көрінеді. “Болмашы кекшіл, Болсайшы көпшіл, Жан аямай кәсіп қыл!” (Абай). Отбасы мен ағайын-туыс, жекжатымен ой бөлісіп, ақылдасып атқаратын игі істердің бәрі көпшіл мінез иесіне тән қасиеттер. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”, “Көп білемін деме – көптен артық білмейсің”, “Көпті сөкпе, кенді төкпе” деген халқымыз кейінгі өскелең ұрпақ бойына сіңіріп, тәрбиелеуге ден қойған.
Психологиялық тренинг.
Оқушылар әртүрлі түсті қағаздарды таңдап алады.Қандай мінезді адам екенін қай түсті жақсы көретіні айтады
Тапсырма.
Оқушыларға сөзжұмбақ берілген. Сөзжұмбақтың жауабын шешіп, плакатқа жазып отырады.
Бос шаршыларға қандай баланы жақсы бала деп атайтынын жазыңдар.
А қ ы л д ы
Р а қ м д ы
М е й і р і м д і
А р л ы
З е й і Н д і Ш ы н ш ы л
Ы н т а л ы О й Л ы Ойын
Интерактивті тақтада суреттер шығып отырады. Суретке қарап өз ойларынан мақал құрастырып отырады. Берілетін суреттер:
Дәптермен жұмыс
Оқушылар дәптерде берілген кестеге өзімшіл адам мен көпшіл адам туралы өз ойларын жазады.
Сергіту сәті .
Балаларджы өнерге талпындыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.
Домбырам күмбірлеп (Қолдарымен домбыра тартады.)
Күй шерте аламын. (қолдарымен домбыраны шертеді. )
Бұрала би билеп, (екі қолын кезекпен көтеріп билейді.)
Сурет те саламын (қылқалам ұстаған қимыл көрсетеді.)
Ұқсатып кілемге (Ауыды қолдарымен төртбұрыш сызады.
Кесте де тігемін, (Ине ұстап тігін тіккен қимыл жасайды. )
Актерше ролде(қолұстасып бір біріне күле қарайды. )
Ойнай да білемін. (қолмен шашын әдемілейді,киімін түзейді.)
Жалықпай талай күн, (құлашын ашады.)
Жасаймын мүсін де (қолдарымен қүмыра жасаған мүсін көрсетеді.)
Тыныштық сәті
Балалардың денесі, ойы сергітіледі.
Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, көздеріңді жұмыңдар ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар.Барлық тіршілік иесі сендерді аялап,қоршап, қамқор болып тұрғанын сезініңдер.Тұла бойларың жақсылыққа,махаббатқа толғанын сезінуге тырысыңдар.
Осылай 2 минуттай отырады.