Ма?ала: Кембридж ба?дарламасы бойынша…


КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Елімізде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқа да өзгерістер білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатыр. Бұл өзгерістер білім беру жүйесінеде әсерін тигізіп жатыр. Бұл өзгерістер жаңа пәндерді енгізіп қана қоймай, сонымен бірге оқыту әдісін өзгертуді де талап етіп отыр.
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл дегеніміз, ұстаз жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден, бос сөздермен үндеулерден бас тартылады, артық теориядан, ғибратты бірізді сарыннан тежелуді, оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді.
Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға қажырлы табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылуда. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру, біздің басты мақсаттарымыздың бірі болып саналады. Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар ертеңгі ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың саналы да сапалы білім алуына жағдай жасау мұғалімнің басты міндеті.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деп ұлы Абай айтқан озық ойлы, білімді азаматтар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық-әлеуметтік, мәдени өзгерістер, жан-жақты дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез-келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пәндер қаншалықты жаңа, бағалы болған күннің өзінде, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өмірде адам ретінде қалыптасуы белсенділік танытуы арқылы жүзеге асады. Осы жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – оқушыны оқыта отырып ой еркіндігін, белсенділігін, ізденушілік қасиетін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету.
«Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымдарды ұстайды. Бұл жерде оқушы – өзі ізденуші, бір-біріне үйренуші, ал мұғалім – бағыт- бағдар беруші. Бұл бағдарламаның ерекшелігі: жеті модуль арқылы іске асатындығында.
Бүгінгі педагогикада «Сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйрету қажет !» деген ұстаным басым. Ал қазіргі күні сөз өзінің бұрынғы беделін жоғалтқан,бүгінгі нарықтық заманда сөзден әбден жалыққан,айтылған сөздің жауапкершілігін сезінбейтін қауым пайда болған.Сондықтан мына бір қытай халқының нақыл сөзі мәнін жоғалтпаған. «Маған айтшы –мен ұмытып қаламын,маған көрсетші –менің есімде қалады,менің өзіме істет – мен сонда түсінемін».
Ендігі жерде білімді әрекет арқылы ғана игеруге болады.Әрбір адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды жадында сақтайды.Осындай әрекеттердің негізінде туындаған білік пен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады.
Сондықтан да әр сабақта оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқаруы керек: ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру арқылы білімдерін шыңдай түседі. Осы бағдарламадағы сыныптағы диалогтің маңызы. «Өмір өз табиғаты бойынша диалогтық құбылыс. Өмір сүру дегеніміз диалог арқылы қарым-қатынас құру...Барлығы да құрал, ал диалог мақсат». М.М.Бахтин
Бұл тұжырым өмірге деген көзқарасты түбегейлі өзгертуі мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды «Өмірдің мәні – қарым-қатынас пен диалог. Өмірдің өзі де қарым-қатынас диалог» деген өмірлік қағиданың үстемдігіне бастайды. Ал бұл дегеніңіз әр оқушыда басқаға деген ынта мен ықыластың пайда болуына алып келеді, оқушыға өз өмірінің мәнділігін және өмірде толыққанды азамат болуы үшін жанындағыларымен байланыс пен қарым-қатынас орнату маңызды екенін ұғындыру. Ол басқалар үшін өзінің ішкі жан дүниесін айқара ашып, басқаларды тануға ұмтылады. Ол өзінің «Мен ғана» деген ішкі ойынан және көзқарасынан арылып, өз жүрегінде адами қасиеттерді ұштай түседі, адамгершілікке негізделген құндылықтарға бағытталады.
Әр мұғалім – өз сабағының көшбасшысы. Көшті бастау оның өз еркінде. Ал көшті дұрыс жолға салу – оның шеберлігіне байланысты.
Сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:
1) Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу, бұйрық беру әдісінен арылуы керек.
2) Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілік тудыру, оның беретін пайдасы туралы пікірлесу (Бұл маған не береді? Пайдасы қандай?)
3) Оқушылардың қызығушылығын тудырып, оны үнемі қолдап, қыздырып отыру керек.
4) Сабақта алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыру.
5) Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи дамуына, талабына, ынтасына, тиянақты жұмыс жүргізуіне, адами қасиеттеріне дер кезінде көңіл бөлу керек.
Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі әлсіз тұстарын өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп, жан-жақты білім алуына көмектесді.
Қолданылған әдебиеттер:
1 «Мұғалімге арналған нұсқаулық». Астана 2012ж
2 «Абайдың өлеңдер жинағы» 1том 1997ж
3 «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару»