8-сынып?а арнал?ан биология п?нінен саба? жоспарлары
Сабақ № 55-56
Сынып: 8
Күні: 11.04.14
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Тері аурулары. Көбеюдің маңызы, көбею мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды тері аурулары және көбеюдің маңызы жайлы білім беру;
Дамытушылық: оқушынылардың материалды оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ізденіске жетелеу;
Тәрбиелік: жеке бас гигиенгасын сақтауға баулу;
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, бор мен тақта
Сабақтың әдісі: өздігінен меңгерту
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру
VІ. Бағалау.
І. Амандасу. Оқушыларды түгелдеу. ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Теріде болатын аурулардың қандай түрлері бар?
2. Күбіртке қандай ауру оның п.б. себебі ?
3.Күйіктің қандай түрлері бар. Ол кезде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?
4.Үсіктің белгілері, ол кезде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?
Тері — жылу реттейтін мүше. Адам организмінде жылу үнемі өндіріледі, ал оның артық мөлшері тері аркылы және адам тыныс шығарғанда сыртқы ортаға белініп отырады. Жылудын бөлінуі адамның тіршілік ету жағдайына байланысты.
Ауаның температурасы жоғарылағанда — қан тамырларынын қабырғасы кеңейеді, соның нәтижесінде организмнің шеткі аймақтарына канның ағымы көбейеді де, өзіндегі жылудың артық сыртқа бөледі. Егер ауаның ылғалдылығы жоғарыласа, онда жылудың бөлінуіне кедергі туады. Мысалы, мұндай жағдай адамның ыстық, құрғак климат жағдайынан ылғалдылығы жоғары (өне бойы нөсерлеп жаңбыр жауатын тропикалық аймақ) климат жағдайына барғанда байқалады.
Суық ауа райы күндері қан тамырлары тарылып, жылуды ішкі мүшелер қызметіне сақтайды. Тер өте аз мөлшерде ғана бөлінеді. Өте ыстык климат жағдайында бір тәулікте организмнен 12 литрге дейін тер бөлінуі мүмкін. Көп терлегенде жүрек және қан тамырларына күні түседі. Сонымен бірге тердің құрамымен организмдегі маңызды тұздар көп бөлініл, онын қызметіне теріс әсерін тигізуі мүмкін.
Теріде болатын аурулар. Күбіртке — саусақтағы тырнақ көбесінің іріндеп қабынуы. Бүл Жұмыс үстінде жараланған саусаққа (тырнақ кәбесіне) микроб түсіп, оны іріндетеді, ірің солқылдатып, қатты ауырады. Адам тырнақ алғанда етін жарақаттап алуы мүмкін.Саусақ іріні асқынғанда — тамыр қуалайды, қолтық безі шошиды. жұмыс істегенде, қауіпсіздік ережелерін сақтап, қолдың терісі сыдырылғанда, пышақ кескенде, дереу, йод, бриллиант көгін жағып, таза дәкемен байлайды. Күйік ыстықтан, кайнаған су мен кызған темірден, оттан және химиялык заттардан (қышқыл, сілті, улы заттар және т.б.) болады. Тері кызарып күйеді, қол тигізбей ауырады, қызарған тері күлдіреп, ішіне су толады.
Алғашқы жәрдем: химиялық заттар күйдірсе, күйген жерді салқын сумен жуу керек. Егер денені кышқыл күйдірсе, ас содасы ерітіндісімен, ал сілті күйдірсе, онда сірке қышқылынын ерітіндісімен жуады.
Үсу — терінің аяздан, үскірік суық желден үсікке шалдығуы. Тері ауруларын зерттейтін ғылым дерматология.
Терінің әр қабатында орналасқан рецепторлар суықты, ыстықты, қысымды, т.б. сезеді. Жанасқы денешік қолдың саусақтарында, алақанда, табанда, ерінде, тілде болады. Тақташалы денешік дененін терісінің тереңінде орналаскан. Негізінен сіңірде, шажырқайда (брыжейка) болады. Ол дірілдеуді, теңселуді және қысымды сезетін рецептор. Жүйкенің бос жатқан тармақтарының ұшы да өте сезімтал.
Көбею — түрдің жалғасуын қамтамасыз ететін биологиялык құбылыс.
Жыныстык көбеюдің функциялык негізінде аталық және аналық клеткалар қосылып ұрықтанады, ұрық анасының организмінде дамиды. Адамның көбеюі ұрықтанудан басталып, бірнеше даму кезеңдерінен өтеді, оны онтогенез дейді. Онтогенез деп тірі организмнің жұмыртка клеткасының ұрыктануынан бастап адамның өмірінің соңына дейінгі кезеңдерді айтады. Онтогенез екі үлкен кезеңнен тұрады: біріншісі — анасының жатырында даму, екіншісі — анасынан туып, бөлек өмір сүру кезеңі. Екінші кезеңде организмде үлкен сапалы және сандық өзгерістер өтуінен оның денесінің және мүшелерінің салмағы мен көлемі артады, бала өседі. Сапалы өзгерістерге физиологиялық жүйелер мен бүтін организмнің дамуы жатады. клеткаларында клетканың көбеюін реттеуші химиялык зат пайда болады. Адам организмінің даму барысында ішкі секреция бездернің кызметіне бағынышты қалыптасады. Жыныс бездерінде ішкі секрециялық және сыртқы секрециялық кызмет қатар болады.
Жыныс жүйесінің дамып жетілуі нақты генетикалық бағдарлама бойынша етеді. Дегенмен бұған әлеуметтік, климаттық, экологиялык факторлар әсерін тигізеді. Жыныс жүйесінің жетілуінде оның екі жеке функциясын еске алу кажет: екінші жыныстық белгілер функциясы мен көбеюдің жыныс мүшелерінің функциясы. Жыныс бездерінің және бүйрек үсті бездерінің функциясының үдемелі болуынан соңғы жыныстык белгілер пайда болады. Олардың барлық жыныстық белгілері ересек адамдардың типіне сәйкестенеді. Мысалы, баланың алғашкы 10 жас өмірінде гипоталамустың (аралық ми) қызметі эпифиз безінің тежелтуші әсерінде болады. Эпифиз семген соң гипоталамустың қызметіне тежелту әсер болмағандықтан, ол жыныс жүйесі жетілуінің механизмін іске қосады. Балалық шақта жүйке және эндокриндік жүйелер белгілі мерзімге дейін ішкі фактор (эпифиз) әсерінен тежелуде болады. Эпифиз ми аралығында орналасқан. Ол адамның 7—8 жасына дейін ғана кызмет етеді Эпифиздін бөлетін гормондары ерлердің жыныс бездерінің дамуын баяулатады. Эпифиз ішкі секреторлық қызметі нашарлағанда — жыныс бездері мерзімсіз өсіп, жетіледі және мұрт шығады. Эпифиздің жұмысы жоғарылағанда адам семіреді. Тимус немесе кеуде ішкі безі адамның 13—15 жасына дейін, яғни жыныс бездерінің дамып жетілуіне дейін қызмет етеді. Тимус организмнің өсуіне әсер етеді. Тимус тимозин деп аталатын гормон боледі. Тимозиннің әсерінен тимуста Т-лимфоциттер дамып, иммундык реакция жүргізу қабілетін меңгереді. Тимус безі жетілмей туған баланың канынын кұрамында ақ қан түйіршіктері (лейкоциттер) аз болады.
Жаңа сабақты тест арқылы бекіту.
1. Тері қабаты нешеу? а) 1 ә) 3 б) 22. Тері қызметін атаңдар. а) Көру ә) Сезу б) Есту 3. Тері пигменті. а) Лизоцин ә) Меланин б) Хлоратин4. Тері қандай ұлпадан тұрады? а) Эпителий ә) Дәнекер б) Жүйке5. Терінің мүйізді түзілісі. а) Шаш ә) Тырнақ б) Тері6. Тері қандай мүше? а) Дәм сезу ә) Сипап сезу б) Көру7. Тері ауруының дәрігері. а) Уролог ә) Дерматолог б) Терапевт8. Нағыз тері қабаты а) Эпидермис ә) Дерма б) Май бездері9. Адам тәулігіне қанша литр тер бөледі? а) 1 литр ә) 1,5 литр б) 5 литр10. Терінің сыртқы қабаты а) Май қабаты ә) Эпидермис б) Май бездері
Үй жұмысы: Тері аурулары. Көбеюдің маңызы, көбею мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.