Елта?ба мен Ту туралы жыр


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы К. Оразбекұлы. Елтаңба мен Ту туралы жыр.
Мақсаты Мақсаты: Түрткі сұрақтар қою арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыру. Шығарманы талдауда сұрақтарға жоғары деңгейде жауап бере отырып, проблеманы анықтап, оны шеше білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Өзін-өзі реттеу дағдысы қалыптасады. Проблеманы анықтауда және шешуде ашық сұрақтарға жауап бере алады.
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Көтеріліп шаңырақ,Уықтары шаншыларКерегелер керіліп,Өрімдей боп өрілер.Бәріміз жүрсек айналып,Киіз үй боп көрінер. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Оқушыларды «Атом-атом, молекула-молекула» тренингі арқылы төрт топқа бөлу. Бір-біріне сәттілік, қуаныш тілейді.Орындарына орналасады.
Елтаңба мен ту туралы мен не білемін?Нені білгім келеді?Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?Нені зерделеу керек?Одан әрі не істеу керек? Кестені толтырып нақты мақсатты анықтайды.Миға шабуыл. Жоғары деңгейлі сұрақтарды қолдану.Қазақстан Республикасының рәміздерінің авторларын атаңдар. Рәміздерді қай жерде, қалай қолданамыз? Оларды кез-келген жерде таптамай, күтіп ұстау үшін қандай іс-шаралар жасалып келеді?
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен танысады..Оқушылар тыңдайды.Мәтін желісі бойынша баяндау.Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.Басқа оқушылар тыңдайды.Мәтіндегі айтылған ойды айтады.
Сергіту сәті Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.  Ой толғаныс Мәтіндегі нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің мағынасын талдау. Байланыстырып сөйлеу. «Мақалды аяқта» ойыныОқушылар жасырын сөзді тауып мақалды аяқтайды.Мағынасын талдап айтады.Бейнефильм көрсету. Саяси жаңалықтармен таныса отырып өз білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді. Жаңалықтарды тыңдайды.Постермен жұмыс. Оқушыларға білімдерін пысықтау және көрсету мақсатында постермен жұмыс жасау беріледі. 1-топ. Елтаңба туралы не білдіңдер?2-топ. Ту туралы не білдіңдер?3-топ. Мәтіндегі мақалдарды және мәтіндегі ойға сай мақал тауып жаз.4-топ. Елтаңба мен туды суреттеу.Диалог құру. Оқушыларға мәтін бойынша диалог құруға тапсырма береді. Оқушылар диалог құрады. Пырақ пен қыран арасындағы диалогті жасайды.
Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау «Бағдаршам» арқылы бағалау.Мұғалім жұлдызшалар арқылы бағалайды. Кері байланыс 153007779407 Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады