Елта?ба мен Ту туралы жыр


Тақырыбы: «Елтаңба мен Ту туралы жыр» Кеңес Оразбекұлы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды жаңа тараумен таныстыру. «Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтінімен таныстыру арқылы, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылық: Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйспешілін арттыру. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ынтымақтастыққа, патриоттыққа, рәміздерімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: топтық Сабақ әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, көрсету. Көрнекілігі: тақта, оқулық, слайд. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сабаққа назарларын аудыру. Мұғалім: Психологиялық дайындық жасату. Оқушылар: Ана тілім – бала шағым, өркенім, Ана тілім – болашағым, ертеңім, Ана тілім – сайын далам, жер, көгім, Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.Үй тапсырмасын тексеру: «Мен не үйрендім?» тақырыбына шағын эссе жазып келу.
Мен не үйрендім?
1.Мына үзінділер қай қлеңнен алынған? Бұл екі өлеңде қандай ұқсастық бар?
Кәсіпкер болсам егер мен, Бөбектерін оқытып,үйрететін
Бар әлемді кезем де: Мұғалима боламын.
Бар пайданы ойламай,
Барымды берем мен елге.
2. Берілген мақалдарды аяқта?
Өнерлінің қолы алтын, Қына тасқа бітеді,
Өлеңшінің ................... Білім ....................
3.Ержан еденге еңкейіп, шашылған акварельдерді жинастырып жатыр. Еңкейіп,күш түскеннен бе,ұялғаннан ба, беті қып-қызыл.... Бұл үзінді қай шығармадан алынған.
4. Табиғат құбылыстарын адам кейпінде жандандырып суреттеген шығарманы белгіле.
А) Н.Айтов. «Алтын күз» Б) Қ. Дәрібаев «Шөже»
В) Ж.Аймауытов «Әнші» С) Т.Айбергенов «Аппақ қыс»
5.Анықтаманы аяқта «Портрет дегеніміз көркем шығармада кездесетін адамнің......... »
6. Мүлкібай атаның портреті берілетін шығарманың аты қалай аталады?
7.Осы бөлім бойынша өзіңе ұнаған өлеңді (үзінді) жатқа айт.
8. Бөлім бойынша «Мен не үйрендім» тақырыбына шағын эссе жаз.
Сөзжұмбақ. «Рәміздер»
Жаңа сабақМұғалім: Бүгін жаңа тарауды бастаймыз. Тарау – «Туған өлкем – Тұғырым» деп аталады.«Туған өлкем – Тұғырым» дегенді қалай түсінесіңдер? Көз алдарыңа не елестейді?Оқушылар: Отанымыз, Туған жеріміз, ауылымыз, өскен жеріміз, тұрып жатқан жерімізге деген сүйіспеншілігіміз. Мемлекетіміз, Елбасымыз, Рәміздеріміз.Мұғалім: Рәміздер туралы не білесіңдер, балалар?Оқушылар: Өз білгендерін ортаға салады.Туған ел, Туған жер, Отан туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер? 1. Туған жердей – жер болмас,Туған елдей – ел болмас. 2. Туған жердің түні де ыстық, күні де ыстық. 3. Отан – оттан да ыстық. 4. Отан үшін отқа түссең - күймейсің,Арың үшін алыссаң - өлмейсің.... Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс.«Елтаңба мен Ту туралы жыр».Кеңес Оразбекұлы туралы слайд. Мұғалім: Мәтінді оқу ережесін сақтап оқы.Ел рәміздері слайд арқылы көрсетіледі. Есту және көру қабілеттері арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын, мақсатын ұғындыру.
Мұғалім: Мәтінді талдау. Түсінік сұрау.Сұрақ-жауап.
1-тапсырма. Сұрақтар.
1.Қос Пырақ қандай елдерді аралапты?
2.Қыран олардан не деп сұрайды?
3.Пырақ не деп жауап береді?
4.Мәтіндегі мақалдар не туралы айтылады?
5.Еліміздің Елтаңбасы мен Туы қалай пайда болды? Оқушылар: сұраққа жауап береді1. Шығыста Амурды, батыста Дунайды, Румды аралапты.2. Не көрдіңдер, не түйдіңдер? деп сұрайды.3. Көргенімізді айтсақ көп сөз. Түйгенімізді айтсақ, «Әркімнің өз жері – жұмақ» екен, - депті.4. Туған ел, туған жер туралы. Сергіту сәті.
2-тапсырма.
1.Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құрыңдар. Диалогке мәтіндегі мақалдарды қатыстырып айтыңдар, Дәптермен жұмыс.Мұғалім: Тапсырма
2: Мәтінге сүйеніп, мақалдармен нақыл сөздерді аяқтап жаз.1. Ат ердің -....2. Бергеннің..., бермегеннің....3. Ел аралаған... болар.4. Отан -... ыстық.5.... – өлең төсегім. Оқушылар:1. Ат ердің - қанаты.2. Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан.3. Ел аралаған сыншы болар.4. Отан - оттан да ыстық.5. Өз елім – өлең төсегім. Топтық жұмыс: Мәуелі ағаш. Ағашқа стикер жабыстырылады.1. Елтаңбаның авторы кім қай жылы қабылданды?2. Тудың авторы ата қай жылы қабылданды?3. Әнұранның авторы кім қай жылы қабылданды?
4. Қ.Р конституция туралы заңы кай жылы қабылданды?
5. Қ.Р президенті қай жылы сайланды? Оқушылар.
1. Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов2. Шәкен Ниязбеков3. Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан НазарбаевӘні: Шәмші Қалдаяқовтікі4. 1991 жылы 16- желтоқсанда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.
5. 1991 жылы 1 -желтоқсандағы жалпыхалықтық сайлауда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Сабақты қорытындылау. Көк туым көтерілді бағым жанып,Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.Шырқадым Әнұранды бар дауыспен,Арманым Ата Заңым қабылданып Бағалау:Белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Бүгінгі өтілген тақырып бойынша эссе