Ана тілі п?нінен саба? жоспары.Та?ырыбы: «Елта?ба мен Ту туралы жыр»


Тақырыбы: «Елтаңба мен Ту туралы жыр»Мерзімі:
Сынып:4 «А»
Пән: Ана тілі
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларды жаңа тараумен таныстыру. «Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтінімен таныстыру арқылы, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту.Дамытушылық: Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйспешілін арттыру. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды ынтымақтастыққа, патриоттыққа, рәміздерімізді құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақ түрі: Аралас сабақСабақ әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, көрсету.Көрнекілігі: тақта, оқулық, слайд.Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу. Сабаққа назарларын аудыру.Мұғалім: Психологиялық дайындық жасату.Оқушылар: Ана тілім – бала шағым, өркенім,Ана тілім – болашағым, ертеңім,Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.Үй тапсырмасын тексеру: Сүйем,сені Отаным өлеңін мәнерлеп оқып келу.Жаңа сабақ:Мұғалім: Бүгін жаңа тарауды бастаймыз. Тарау – «Туған өлкем – Тұғырым» деп аталады.Ассосация әдісі.«Туған өлкем – Тұғырым» дегенді қалай түсінесіңдер? Көз алдарыңа не елестейді?Оқушылар: Отанымыз, Туған жеріміз, ауылымыз, өскен жеріміз, тұрып жатқан жерімізге деген сүйіспеншілігіміз. Мемлекетіміз, Елбасымыз, Рәміздеріміз.Мұғалім: Рәміздер туралы не білесіңдер, балалар?Оқушылар: Өз білгендерін ортаға салады.Мұғалім: Ел рәміздері слайд арқылы көрсетіледі. Есту және көру қабілеттері арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын, мақсатын ұғындыру.Туған ел, Туған жер, Отан туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?Оқушылар:1. Туған жердей – жер болмас,Туған елдей – ел болмас.2. Туған жердің түні де ыстық, күні де ыстық.3. Отан – оттан да ыстық.4. Отан үшін отқа түссең - күймейсің,Арың үшін алыссаң - өлмейсің....Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен жұмыс.«Елтаңба мен Ту туралы жыр».Мұғалім: Мәтінді оқу ережесін сақтап оқы.Оқушылар: Мәтінді іштей, түсініп, шапшаң оқиды.Мұғалім: Дауыстап оқыту.Оқушылар: Тақтаға 1 - 2 оқушы шығып дауыстап, дұрыс, мәнерлеп оқиды.Қалғандары қолмен жүгіртіп отырады.Мұғалім: Мәтінді талдау. Түсінік сұрау.Оқушылар: түсініктерін айтады.Сергіту сәті.Дәптермен жұмыс.Мұғалім: Тапсырма 2: Мәтінге сүйеніп, мақалдармен нақыл сөздерді аяқтап жаз.1. Ат ердің -....2. Бергеннің..., бермегеннің....3. Ел аралаған... болар.4. Отан -... ыстық.5.... – өлең төсегім.Оқушылар:1. Ат ердің - қанаты.2. Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан.3. Ел аралаған сыншы болар.4. Отан - оттан да ыстық.5. Өз елім – өлең төсегім.Сабақты пысықтау.Слайдта Елтаңба мен Тудың суреттері көрсетіледі. Артына сұрақтар мен тапсырмалар жасырынған.1. Қос пырақ қандай елдерді аралапты?2. Қыран олардан не деп сұрайды?3. Пырақ не деп жауап береді?4. Мәтіндегі мақалдар не туралы айтылған?5. Елтаңбаның авторы кім?6. Тудың авторын ата7. Әнұранның авторы.Оқушылар:1. Шығыста Амурды, батыста Дунайды, Румды аралапты.2. Не көрдіңдер, не түйдіңдер? деп сұрайды.3. Көргенімізді айтсақ көп сөз. Түйгенімізді айтсақ, «Әркімнің өз жері – жұмақ» екен, - депті.4. Туған ел, туған жер туралы.5. Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов6. Шәкен Ниязбеков7. Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан НазарбаевӘні: Шәмші ҚалдаяқовтікіСабақты қорытындылау. Оқушылардың жауаптарын толықтыру. Сұрақ-жауаптар.Бағалау:Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Бүгінгі өтілген тақырып бойынша эссе жазып келу немесе сурет салып келу.