?аза? тілінен саба? жоспары Са?аттар (3 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Сағаттар
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: «Сағат» тақырыбы төңірегінде байланыстырып сөйлей білуді үйрету. Сағаттың түрлерімен таныстыру. Сұрақ қоя білуге, сұраққа дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру. Грамматикадан алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Логикалық ойлау қабілетін арттыру. Өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Әдептілік, сыпайылық туралы әңгіме жүргізу. Бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға, баға беруге әдептендіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Блум жүйесі бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ әдебиеті.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, оқулықпен жұмыс, талдау, жинақтау, бағалау.
Сабақтың технологиясы: Блум жүйесі.
Сабақтың көрнекіліктері: Сағат, сағаттың түрлері бойынша слайд, суреттері, сандар, жалғаулар (көптік, тәуелдік)
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) амандасу(оқушыларды ортаға шығарып, шеңбер құрап, сағат тілі бойынша бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.
ә) Оқушы назарын сабаққа аудару.
Кезекші сұрақтар: 1. Бүгін нешесі?
2. Аптаның қай күні?
3. Қазір қай жыл мезгілі?
4. Ауа райы қандай?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Енді, өткен сөздерді еске түсірейік. Ол үшін мен сендерге сөздерді таратып беремін.
Сөздер орысша беріледі. Аудармасын жазады, оқиды.
Месяц
Год
Время
Неделя
день
Ай
Жыл
Уақыт
Апта
Күн
Жұмыс соңында бір-бірін тексеріп, баға береді. Бағалау парағына белгілеп (3,4,5 бағасы бойынша) тақтаға апарып іледі.
2.Сурет бойынша мына сөздерді қатыстырып сөйлеңдер.
Сағат – тілі –– ұзын – минут.
Қысқа – сағат - жіңішке - секунд.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушыларға сабақтың мақсатын іске асыру үшін, яғни оқушының оқудағы іс-әрекетін, ойлау дағдысын жетілдіру үшін Блум жүйесімен былайша көрсетуге болады.
Білу. Оқушыға «Ой шақырту» стратегиясы бойынша сұрақтар қою.
Тіл дамыту бойынша сұрақтар.
Жұмбақ шешу.
Тық-тық ұрып,
3018155-553720Шегесін қадап.
Мезгілді саған,
Айтады санап. Ол не?
Сағаттар қандай болады?
Сағат не үшін керек?
Слайд. Сағаттың түрлері көрсетіледі.
3.Оқулық бойынша жұмыс.
Мәтінді оқу. Мәтіннен сағат түрлерін теріп жазу
Дәптермен, тақтамен жұмыс.
Уақыт сөзіне дыбыстық талдау жасайды
Түсіну. Сонымен сағаттар қандай болатынын білдік. Дыбыстарды еске түсірдік
Оқулық бойынша 3 - тапсырманы орындату.
Үлгі бойынша сөйлем құраңдар
Қол сағаты, Қабырға сағаты
Сергіту сәті.
Тапсырма: Сағат неше сұрағына жауап беру.

Жинақтау. Тапсырма бойынша сұрақ қоя білуге үйрету. Астында сөздер жазылмаған сағаттарды көрсетіп сұрау.
Бұл қандай сағат?
Бұл қол сағаты ма?
Бұл кімнің сағаты?
Сағат қайда?
Бағалау. Сабақты бекіту.
- Сонымен, балалар ,сағаттар қандай болады?
- Олар нені көрсетеді?
- Өмірде пайдасы бар ма?
- Көшеде кездескен кісіден сағатты қалай сұраймыз?
Үйге тапсырма: 45-бет, 4-тапсырма (жазбаша) ,5- тапсырма оқу