?аза? тілінен ашы? с аба? Етістік ж?не оны? т?рлері6-сынып
Етіcтік
Категориясы: Бастауыш сыныпСабақтың мақсаты:1. Етістік туралы берілген білімді жетілдіру, талдау, бекіту.2. Сауатты, көркем жазуға төселдіру, оқушылардың сөздік қорын молайтып, тілін, шығармашылығын дамыту.3. Әдептілікке татулыққа, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жарыс сабақКөрнекілігі: Суреттер, сызба. бұлт, ағаш, күн.Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру кезеңіӘр топ бүгінгі күнге тілек айтады.II Үй тапсырмасын тексеруIII Білімді жан – жақты тексеру.- Қандай сөз таптарын білесіңдер?- Өткен сабақта қандай сөз табын қайталадық?- ЕтістікЕндеше сол етістік сөзінен баспалдақ жасайық.Етістік дегеніміз не? Ережесін сұрау?IҮ Жаңа сабаққа даярлық:- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?- Көктемде қандай өзгерістер болады?- Ал біздің күніміз әлі жарқырап шуағын шашпай тұр. Өйткені күннің бетін бұлт торлап тұр. Бұл бұлттардың ашылуы үшін олардың тапсырмаларын орындаймыз.Ү. Жаңа сабақ.1 - тапсырма.7 - жаттығу.1 - топ жұмбақ шешуТүнде жортады,Жарықтан қорқады. (Жапалақ)2 - топ. Құстар қалай ұшады?Көп нүктенің орнына етістік қою.Қарға ұшар......Шағала ұшар........Үйрек ұшар..........Қаз ұшар...........2 - тапсырмаБерілген етістіктерді сұрақтарына қарай бөліп жазу.1 - топ. Не істеді?2 - топ. Не қылды?Не істеді? Не қылды?Сергіту сәті.Ойын. «Үш қапта»Әр топтағы бір - бір оқушы шығып, қимылды көрсетеді, ал бір оқушы сол қимылды сөзбен тақтаға жазады.3 - тапсырмаТөрт түлік малдың суретін көрсету.Мына малдың қайсысы қалай төлдейтінін айт.1 - топ. Малдың төлдеуін айтады, етістікті табады.Қой - қоздайды.Сиыр - бұзаулайды.Жылқы - құлындайды.2 - топ. Малдардың дыбыстауын айтады, етістікті табады.Қой - маңырайды.Сиыр - мөңірейді.Жылқы - кісінейді.Ешкі - маңырайды.4 – тапсырма: Ұйқасын табу.1 - топ. Тастан тасқа секіріп,Жем тереді...............(кекілік)2 - топ. Айбат шегер алыстан,Аң патшасы......(арыстан)5 – тапсырма: Өлеңді оқып жатқа жазу.Әр топтан бір - бір оқушы өлеңді жатқа айтып, етістіктерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айтады. Сөздік жұмысы.Төскей – таудың қия беткейі.6 – тапсырма: Шығармашылық жұмыс.1 - топ. Көктем туралы өлең шығару.2 - топ. Көктем туралы шығарма жазу.ҮI Қорытынды.Етістік ағашына етістік туралы білгенімізді жазайық.Балалар сендер бұлттардың барлық тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар.Міне күніміз жарқырап шыға келді.ҮII Бағалау.ҮIII. Үйге тапсырма:
Етістік
Категориясы: Қазақ тілі және әдебиетіСабақтың тақырыбы: ЕтістікСабақтың мақсаты:Білімділік: Етістік туралы берілген ұғымды кеңейту, етістіктің негізгі лексикалық мағынасымен қызметін меңгерту.Дамытушылық: Сөйлеу барысында етістіктерді мағынасына сай дұрыс жасай білу дағдысын дамыту.Сабақтың типі: Қайталау, бекіту.Сабақтың түрі: Саяхат.Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлері, суреттер, карточкалар, кодоскоп.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:А) Сынып оқушыларын түгелдеу.Ә) үй тапсырмасының орындалуын бақылау.ІІ. Ой ашар:1. Сұрақ - жауап әдісі: «Орамал тастау» ойыны:Заттың атын білдіретін сөзді...Заттың сынын білдіретін сөзді...Заттың қимылын білдіретін сөзді...- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Етістік»Сабағымыздың негізгі мақсаты: етістік түрлеріне берілген ұғымды кеңейту. Етістіктің түрлерін, оның қандай сұрақтарға жауап беретінін, қай сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын білу.2. Суретпен жұмыс:А) сурет бойынша 3 топқа сөйлем құратып етістікті табу. (Тақтада орындау)ІІІ. Қызығушылығын арттыру:«Ертегілер еліне саяхат» 7лақ ертегісін қолдану.1 - Тапсырма. 3 топқа 3 лақ тапсырма береді.І - топ. №381 ІІ - топ. №383 ІІІ - топ №387Тексеру2 - тапсырма. 3 топқа 3 лақ тапсырма береді.(Көп нүктенің орнына керекті етістікті қойып жаз. Оның етістіктің қай түрі екенін айт).І - топ. --------------------------------ІІ - топ.Құр береке ермекке ---------------Таза ауада ойна,Бос бесікті... ------------------------Сыпырғышты тұрғызып...Тұзды баспа, ------------------------Құдыққа түкірме,Шоқты... ------------------------------Үйге қарай...ІІІ - топСенде ақыл көп пе?Таңдайыңды...Күнмен таласып жатпа,Аққуды...Көп нүктенің орнына қойылған сөздер, етістіктің қай түріне жатады.- Бұл тапсырма қандай сөздер?- Тыйым сөздер.- Қай пәннен оқып үйрендік?- Ата дәстүрден.7 - ші лақ мынадай тапсырма береді.(Мәтінде көп нүктенің орнына керекті етістікті қойып жаз. Бастауыш пен баяндауышты тап. Мәтінге ат қой.)ҚыстаҚыста адамдар жылы.... Мал қорада.... Адамдар үй маңындағы қарды.... Ол қарды ағаш түбіне.... Балалар шаңғы.... Олар қардан аққала....Керекті сөздер: киінеді, тұрады, күрейді, үйеді, тебеді, жасайды.Тапсырманы тексеру.Сонымен 7 лақтың тапсырмасын толық орындадық. Енді зұлым қасқыр не дейді екен. Балаларр сендер бүгін сабақта не білдіңдер? Мен соны сұраймын дейді.Рефлекция1. Етістік дегеніміз не?2. Қандай сұраққа жауап береді?3. Ол қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?4. Етістіктің түрлерін ата.Негізгі етістік туынды етістік Дара етістіккүрделі етістік болымды етістік Болымсыз етістікБерілген тапсырмаларды толық орындап 7 лақты анасына аман - есен қостық. Сіздерге көп - көп рахмет!Үйге тапсырма беру: Мәтінді көшіріп жаз. Сөйлем мүшесіне талда.Оқушы білімін бағалау.
Өткен шақ
Категориясы: Қазақ тілі және әдебиетіСабақтың тақырыбы: Өткен шақМақсаты:Білімділік: Оқушыларға етістік шақтары, өткен шақ етістігі туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен етістіктің шақтарын тауып, оны ажырата білуге дағдыландыру.Дамытушылық: Сауатты көркем жазуға төселдіру, танымдық белсенділігін арттыру. Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.Тәрбиелік: Туған елін, оның табиғатын сүюге тәрбиелеу. Ұйымщылдыққа, достыққа тәрбиелеу.Сабақтың типі: Аралас сөйлем (Жаңа сабақ).Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ (саяхат).Әдіс: топпен, жеке, ұжымдық, шығармашылық жұмыс, сұрақ - жауап.Көрнекті құралдар: сурет, таблица, кодоскоп, бағалау парағы мен белгілері.Пәнаралық байланыс: дүние тану.Өту барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі.а) сынып оқушыларын түгелдеу;в) сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру;с) үй тапсырмасын сұрау «ой қозғау» стратегиясы бойынша.- Қане, балалар, алдымен мына сұраққа жауап беріңіздерші.- Ғарыш дегеніміз не?- Аспан әлемі.Көзімізді жұмып бір сәт ойланайық.- Аспан дегенде көзімізге не елестейді?- Ай, бұлт, жұлдыз.- Дұрыс айтасыңдар! Сол аспан әлемінде жай көзбен қарағанда 3000 - ға тарта жұлдыз көрінеді. Ғалымдардың болжауынша жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асады. Солардың бірі жерге ең жақын жұлдыз - күн.Күннің төңірегінде жермен қоса 9 ірі аспан дүниесі айналып жүреді.Оларды қалай атайды?- Планете деп атайды. Бүгінгі сабағымызды сол 9 планетаға саяхат жасау арқылы өткіземіз.Әр планетаның тапсырмасын орындай отырып, өз орындарына орналастырамыз да ол туралы қысқаша түсінік бересіздер.1 - планета. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексере отырып бекіту.а) Етістік дегеніміз не?ә) Олардың қандай түрлері бар?б) Осы шақ етістігі қандай сұраққа жауап береді?Оқушы: Меркурий туралы түсінік береді. Меркурий жер тобына жататын ғаламшардың ең шағыны. Оның диаметрі 4880км. Қашықтықтан алынған суреттері оның айға ұқсас екендігін көрсетті.2 – планета.а) Етісіктің жіктелуі дегеніміз не?ә) Етістіктің шақтары дегеніміз не?Оқушы: Шолпанның бетін жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиоәдіспен және ғарыштық зерттеумен алынған. Шолпанның массасы жердің, 0, 815 массасына тең, ал оның R=6050 км. тең.3 - планета.А) 410 - жаттығуды тексеру.ә) Кодоскоппен берілген тапсырманы орындау.Қыс түсті. Қар жауып тұр. Балалар аққала соғып жатыр. Машиналар көшені қардан тазартып жүр.Оқушы. Жер - күн төңірегіндегі үшінші ретте тұрған ғаламшар. Жердің пішіні, экваторлық радиусы Rо=6378 км. және орташа Rор=6371 км. Жер бетінің29, 2 - ын құрлық, 70, 8 - ын мұхиттар мен теңіздер алып жатыр.4 - планета. Жаңа сабақ.1. Күннің жадын жазу және көркем жазумен жұмыс.Ғ ғ Ғ ғ Ғарыш, ғалам, ғарышкер.2. Шығармашылық жұмыс. Сөз ұйқасын табу.1 топ. 2 топ.|_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ терді. |_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ күлдің.|_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ берді. |_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ жүрдің.3 топ.|_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ оқыдым.|_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ тоқыдым.(Етістікті тауып, қай шақта, қай жақта екенін айту)Оқушы. Марстың беті телескоптармен қарағанда жақсы көрінеді. Оның сызықтық диаметрі 6800 км. массасы 0, 107 жер массасына тең.5 - планета. Оқулықпен жұмыс.1. 411 - жаттығу ауызша орындалады.2. Оқулықтан ережені оқыту.Оқушы. Юпитер ғаламшары – алып ғаламшар. Оның массасы жер массасынан 318 есе үлкен. Оның экваторлық R=71400 км. Ол жер R - нан 11, 2 есе үлкен. Юпитер жер сияқты батыстан шығысқа қарай айналады.6 - планета. Тақтамен жұмыс.(413 - жаттығу. Сөйлем мүшелеріне талдау.)Аяжан атасының аулына келді.Жолда оған Ораз кездесті.Оқушы. Сатурн (қоңырқай ғаламшар). Бұл басқа ғаламшарларға қарағанда юпитерге ұқсас. Оның масасы Жердің масасынан 95 есе артық. Жер радиусынан 9, 5 есе артық. Сатурн энергияны күннен жерге қарағанда 92 есе аз алады.7 - планета.1. (Етістіктерді жекеше, көпше түрде бір топ жіктеп жазсын).412 - жаттығу. 413 - жаттығу. 418 - жттығу1 - топ. 2 - топ. 3 - топБиледі. Келді. Аңсады.2. Әр топтан бір оқушыдан шығып, 415 - жаттығуды орындайды. (тақтада).Оқушы. Уран мен Нептун бір - біріне ұқсас. Уранның R=25700 км - ге, массасы 14, 6 жер массасындай.8 - планета.1. 417 - жаттығуды орындау.2. 418 - жаттығу (ауызша өлеңді мәнерлеп оқу).Оқушы. Нептун R=24300 км. тең. Массасы жердің 17, 2 массасындай. Күн төңірегінде 165 жылда бір айналады.9 - планета.1. Сурет боынша әңгіме жазып, етістіктерді табу.2. Сұраққа жауап.А) Өткен шақ етістігі дегеніміз не?ә) Өткен шақ етістігі қандай сұраққа жауап береді?Б) Осы шақ етістігі дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді?3. Сабақты бекіту.Біз не үйрендік?1. Өткен шақ етістіктерінің бұрын болған іс - қимылды білдіретінін білдік.2. Етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп үйрендік.3. 9 планетеаның орналасуы және олар туралы мағлұмат алдық.Бізге не ұнады?1. Сөз ұйқасы бойынша 2 жол өлең шығару.2. Топпен жұмыс жасау.3. Сурет бойынша әңгіме құру.Оқушы. Плутон - күн төңірегінде 248 жылда бір айналып шығады. Оның диаметрі - 2200 км тең.Күн жүйесі - деген сөзді шығарып қорытындыға келу.Күн және оны айналып жүретін планеталармен оларды серіктерін Күн жүйесі деп атаймыз.Бағалау: Әр оқушыны, топты бағалау.Үйге тапсырма: 416 - жаттығу. Ереже.
Мақалаға белгі:қазақ тілі, өткен шақ, етістікЕтістік
Категориясы: Бастауыш сыныпСабақтың тақырыбы: ЕтістікСабақтың мақсаты: Оқушыларға етістік туралы түсінік беру, сауаттыжазуға дағдыландыру.Тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерінкеңейтуге үйрету.Оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: ДамытушылықСабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық, сын тұрғысынан ойлау т. б.Көрнекілігі: Топпен жұмыс, суреттер, сызбалар, ойындар, интерактивті тақта, электронды оқулық.Сабақ барысы:I. Ұйымдастырушылық кезеңіҚызығушылықты ояту.Оқушыларды 3 топқа бөлу.I топ. ТапқырларII топ. ОйшылдарIII топ. АқылдыларӘр топ тілге байланысты 3 шумақ өлеңін айтады.I топ.Ана тілім – ұраным.Ана тілім – құралым.Ана тілім болмаса,Болмас еді жыр – әнім.II топ.Ардақты ана тілі – туған тілім,Тербеліп ақ бесікте сезгем үнін.Мән беріп, қазағымның әр сөзінеОй түйіп, жинақтадым терең білім.III топ.Қаның, жаның – тіліңде,Арың, нәрің – тіліңде.Ұмтыл оны білуге.Тілден алып ғибрат,Құлшынасың білімге.II. Мағынаны тану кезеңіI топ.1. Зат есім дегеніміз не?2. Зат есімнің түрлерін ата.II топ.1. Септік жалғаулар дегеніміз не?2. Қазақ тілінде неше септік бар?III топ.1. Тәуелдеулі зат есімдердің септелуінде қандай ерекшеліктер болады?2. «Дәрігер» сөзін жікте.III. Жаңа сабақа) Етістік туралы не білеміз?Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?ә) Сөз таптары, оның сұрақтары айтылады.б) «Адасқан сөздер» ойыны.в) I топ.1. Етістік дегеніміз не?2. Дара және күрделі етістік дегеніміз не?II топ.1. Болымды етістік дегеніміз не?2. Болымсыз етістік денеіміз не?III топ.1. Негізгі етістік дегеніміз не?2. Туынды етістік дегеніміз не?г) I топ. II топ. III топ.Дара Күрделі Дара Күрделі Дара Күрделісыз... жыр... шақырды...жүр... би... жауды...бар... ой... өсті...тұр... шеге... тазалады...күл... ұсақ... оқыды...д) Оқулықпен жұмыс:380 – жаттығу. Әр топ 2 сөйлемнен жазып, етістікті тауып, астын сызады.«Пантомимо» ойыныI топ.Мен ұйқыдан тұрып, жуынып, тамақтандым.II топ.Біздер ән айтып, биледік, шапалақтадық.III топ.Мен сабақ оқыдым, жаздым, отырдым.и) «Ой түбінде алтын бар,Ойлай берсең табарсың».***Ақ түсті бояуы,Дауылы, бораныАйналаны орайды,Ақ түс басып даланы.Күрделі сөздерді табу. III топқа тапсырма.IV. ҚорытындылауКестемен жұмысЕтістік Дара Күрделі Болымды Болымсыз Негізгі ТуындыҰштыЖазыпОтырКелБардыОқыТұрыпКеттіV. Үйге тапсырма: 383 – жаттығу.VI. Бағалау. Мадақтау
Қазақ тілі.Тақырыбы: Етістік.Мақсаты: 1. Етістік сөз табы туралы толық теориялық білім беру.Міндеттері: 1. Етістіктің негізгі лексикалық мағынасы мен қызметі туралы ұғымдарын кеңейту.2. Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, ойлау жүйесін дамыту.3. Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге, тәрбиелеу. Ұлттық тәрбие берудің жолы - тыйым сөздерді білуді нығайту.Сабақтың түрі: аралас сабақӘдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмысы, Венн диаграммасы.Көрнекілік: суреттер, сызбалар, текшелер, қима қағаздар.Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық. Оқушыларды қазақ тілі сабағына даярлау. Өзін - өзі бағалау беттерін даярлау.Үй тапсырмасын тексеру: а) 378 жаттығу,ә ) Өтілген материалды пысықтау.Топтастыру стратегиясыЗат есімЗат есімнің ережесін айту, мысал келтіру. Мыс: домбыра, гүл, т. бЖаңа сабақ: Зат есімді еске түсіре отырып етістік сөз табына көшу.Жұмбақ шешу: Сөйлемнің соңында тұрамын. Не істеді? Неғылды? сұрағым, Сөйлемде тұрлаулы мүше боп, Қимылды білдіріп шығамын.Етістік.)Ал, енді зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрайық. Құраған сөйлемдеріміз заттың ісін - қимылын білдіретін болсын. Мысалдар келтіру. Мен домбыра тарттым.Оқушылардың өздеріне ереже шығарту. Заттың ісін - қимылын білдіретін сөздерді етістік дейміз. Сұрақтары не істеді? неғылды? қайтты?Сызбамен жұмыс.Мағынаны тану кезеңіТоптастыру стратегиясыКөркем жазу: Жж – дауыссыз ұяң.Жұма – қасиетті күн. Бұл күні үлкендер құраннан дұғалар оқиды.Аузымен сурет салады,Демімен ағаш жарады.1. оқ - етістіктің астын сызады.2. оқ - дараны күрделіге айналдырады.Оқулықпен жұмыс: Сурет ілу,«Қысқы тамашы»Болжау стратегиясын пайдалану. Проблемалық сұрақ.- Келесі тапсырма не туралы екенін анықтау. Мәтінді 3бөлікке бөлу. Әр бөлік бойынша болжау сұрағын қою. 1 бөлімді оқу. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? 2бөлімді оқу. Әрі қарай не болды? 3бөлімді оқу. Өздерің оқиғаны қалай аяқтар едіңдер.?Сергіту сәті:Поэзия минуты. Қыс мезгілі, ойындар туралы өлеңдер оқу. Қиялдарын дамыту.Сөйлем мүшесіне талдау. Ауылдың шетінде сырғанақ жасалған. Балалар сырғанақ теуіп жүр.Үлестірме қима қағазбен жұмыс:№1. Жыр, би, ой, шеге, тұз, жыр - ла.№2. Ақ, қара, жаңа, ірі, ұсақ, ақ - таНегізгі – туындыШығармашылық тапсырма. Ауызша сөйлем құрау.Тыйым сөздермен жұмыс:Көргенді жас, пәк бала,Дастарқаннан аттама!Жоқ әдетті шығармаТүнде көлден су алма!Үнтаспадан тыйым сөздерді тыңдау, тәрбиелік мәнін ашу.386 жаттығу оқулықтан.Болымды, болымсыз етістіктерді табу.- ма,- ме,- ба,- бе,- па,- пе жұрнақтары арқылы сабақты қорыту, ережені қайталау.Венн диаграммасымен салыстыру.Бағалау: өзін - өзі бағалау қорытынды тыңдау.Қорытынды: « Ой - қиял» дәптеріне әріп жасыру.Үй тапсырмасы: 388 жаттығу. Етістікті табу.
Етістік
Категориясы: Бастауыш сыныпСабақтың мақсаты: Етістік жайында түсініктерін пысықтау, етістің сұрақтары мен түрлерімен таныстыру; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу. Оқушыларды ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа білім беру.Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.Психологиялық дайындықШаттық шеңбері.Мынау менің жүрегімБәрі осында басталғанМынау басым ақылдыБәрін осы басқарған,Мынау менің оң қолымМынау менің сол қолымБарлық істі атқарған.Топқа бөлу.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:ІІІ. Мақсат қою кезеңі:1. Тақырып мазмұны бойынша ертегі айту.2. ЕтістікҒаламдағы асқан өнер айналадағы көркем сұлулықты бейнелей алу шеберлігі. Мұндай өнер шеберлері әншілер, жазушылар болса, осындай һақ шебер көсемі суретшілер болмақ.өткен заманда осындай сұлулықты бір суретші Зат есім атты бояумен келтірілген екен. Оның суреттерінде зәулім үйлер, асқан таулар, оқу құралдар мен небір заттар бейнеленген екен. Алайда, сыншылар бұл суреттерді табиғатты толыққанды бейнелемей тұрғанын айтады. Өз шеберханасында көп ойланып, толғанған шебер өз суреттеріне жаңа бояуларды қатыстыруды шешеді. Енді оның бұрын сонды болмаған етістік бояуын пайдалануды шешеді Енді оның суретіндегі заттар құбылысқа айналып, қозғалысты бейнелейтін болған. Манағы таудан өзен ағып, зәулім үйлер аспан тіреп, бұлттар ағып, күн шығып келе жатуы, жүгірген бала, күлген қыз бейнелері келеді. Көркем суреттер шығарылғаннан кейіноларда сыншылар да, халық та өмірді дұрыс әрі көркем бейнелейтініне тамсаныпты.1 - топ: оқиды, жүгіреді2 - топ: жүзеді, аулайдыҚимылмен көрсетіп түсіндіреді. Қалған топ мүшелері онның қандай сөз екенін табады, оларға сұрақтар қояды.Осылайша етістің ережесін шығару.2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.ІV. Жан - жақты білімдерін тексеру. Етістік дегеніміз не? (Етістік дегеніміз - заттың не құбылыстың қимылын білдіретін сөздер) Ол қандай сұрақтарға жауап береді? (Не істеді? Қайтті? Не қылды?)V. Жаңа материалмен жұмыс:А) Оқулықпен жұмыс1) Ой шақыру.412 - жаттығудағы. Сюжетті суретке сұрақтар қою арқылы етістікті табу. Олар қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді?)2. Ой толғаныс.413 - жаттығу. Жұмбақтарды оқы, шешуін тап.Жазда қыдырады, қыста тынығады (су)Таңмен көзін ашады,әлемге нұрын шашады. (күн)ә) Дәптермен жұмыс. 414 - жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.VІ. Сызбадан өзіңе қуаныш ізде.ТоптастыруІ топ. ІІ топ.Зат есім ЕтістікVІІ. Сергіту сәті.3. Ой ашар. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра415 - жаттығу.4. Венн диаграммасыЗат есім --------------------Етістік«Кім тапқыр» Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.Сабақты қорыту.Сөзжұмбақ шешу.VІІІ. Үй тапсырмасыБағалау.
Етістік
Категориясы: Бастауыш сыныпҚазақ тілі. 3 сынып. Дюсенгалиева ШолпанСабақтың тақырыбы: Етістік.Сабақтың мақсаты: білімділігі: Етістік туралы білетіндерін еске түсіру. Етістікке сұрақ қоя білуге, сөйлем ішінен етістікті таба алуға, етістікті қатыстырып сөйлем құрауға, етістіктің сөздермен байланысын сызбамен көрсете алуға жаттықтыру.Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылығын арттыру, тапқырлыққа жетелеу.Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, көркем жазуға тәрбиелеу, татулыққа, бірлікке ұмтылдыру.Сабақ көрнекілігі: суреттер топтамасы, сөздер тобы, кестелер, сызбалар, интерактивті тақта, слайдтар.Сабақ тың түрі: Жаңа сабақ.Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, ойындар, топтық сайыс, тест, салыстыру, топтастыру, семантикалық карта.Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру.II. Өткен сабақты пысықтау. «Шыбықтар отырғызу» ойыны арқылы пысықталады.1 - ші шыбықта - Тәуелдік жалғауы туралы не білесің? 2 - ші шыбықта – көз сөзін жекеше түрде тәуелде. 3 - ші шыбықта – сабын сөзін көпше тәуелде. 4 - ші шыбықта - Мына сөздердің қай жақта қалай тәуелденіп тұрғанын түсіндір. Өзені, табиғатым, кілттерің, анамыз.Неше шыбық отырғыздық?( 4 ) Төрт санына байланысты қандай нақыл сөздер білеміз? Төртеу түгел болса, төбедегі келер. Төрт құбылам түгел болсын.Иә, осылайша әрбір күнгі тапсырманы түгелдей орындап, меңгеріп жүрсек, білім жолындағы төрт құбыламыз түгел болады екен.Жаңа сабақ.Қазір қай мезгіл? Неше айдан тұрады? Айларды ата. Ендеше осы ай аттарын иеленіп үш топқа бөлінеміз. Бірінші топ - Наурыз. Екінші топ - Сәуір. Үшінші топ - Мамыр. Енді ребус шешелік.(Етік, тіс, үтік.) Бірінші сөзден соңғы әріпті, екінші сөзден алдыңғы екі әріпті, үшінші сөзден бірінші әріпті алып таста. Шыққан сөз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Етістік.Ойын «Көктем гүлін тереміз» Бірінші топ - Етістік дегеніміз не? Екінші топ - Етістіктің Сұрақтарын ата.. Үшінші топ – Етістікке сөздер ойла.1 - жаттығу. Суреттер топтамасы арқылы қандай тақырыпқа әңгіме құрауға болады? «Тірі табиғат бұрышы». Бірінші топ – Әңгіме құрастыр. Екінші топ – Әңгімеге ат қой.. Үшінші топ – Етістіктерді тап, сұрақ қой.2 - жаттығу. Бірінші топ – Жұмбақты оқып, шешуін тап. Екінші топ – Етістіктерді теріп, тақтаға жаз. Үшінші топ – Аққу туралы нақыл сөздер тауып айт.(Аққу киелі құс. Аққуды атуға, досты сатуға болмайды.)3 - жаттығу. Өз бетіндік жұмыс. Сөздерді сипатына қарай екі топқа бөліп жаз. Ата, ойнады, іні, балық, жинады, қуды, түйе, жарысты, шортан, айтты.4 - жаттығу. Шығармашылық жұмыс. Қонды, ұшты, жауды, секірді, тасыды.. Бірінші топ – Осы сөздерге сөйлем құрап айту. Екінші топ – Сөйлемдерді кезектесіп тақтаға жазу. Үшінші топ - Етістікке сұрақ қойып, астын сыз.5 - жаттығу. Сәйкестендіру тест арқылы.Бие қоздайды Сиыр боталайды Қой құлындайды Ешкі бұзаулайды Түйе лақтайдыБірінші топ – Тиісті сөзбен сәйкестендір, төрт түліктің атасын ата. Екінші топ – Сәйкестендіріп тақтаға жаз, төрт түліктің пайдасын айтып бер.. Үшінші топ - Сөздердің байланысын сызбамен көрсет, қай малды қалай шақыратынын айтып бер.6 - жаттығу.Мөңірейді бие, түйе, ит, тауық, қой, сиыр, ешкі, шошқа, мысық, есек. Мияулайды Үреді Қыт - қыттайды Кісінейді Бақырады Маңырайды Боздайды Ақырады ҚорсылдайдыОй қозғау. Егер мен сиқыршы болсам не істер едім? (Егер мен сиқыршы болсам, ну орман әзір етемін. Егер мен сиқыршы болсам, кең жайлау орнатар едім. Егер мен сиқыршы болсам, төрт түлік мал өсірер едім. т. б)Топтық сайыс. Өз атыңды қорғап шық!(Бес сөйлеммен жауап бер.) Бірінші топ – Наурызда не болады, не істелінеді? Қар ериді. Күн жылынады. Аналарды құттықтаймыз. Наурызды тойлаймыз. Көже пісіріледі.. Екінші топ – Сәуірде ше? Жер жыртылады. Егін салынады. Құстар келеді. Ұя жасалады. Мал төлдейді. Үшінші топ - Мамырда ше? Бірінші мамыр мерекеленеді. Жеңіс күні тойланады. Ардагерлерді құттықтаймыз. Су тасиды. Жаңбыр жауады.Топтастыру. Ортақ етістігін тап.Бірінші топ--Екінші топ --Үшінші топКүн ------- ------ою ------------ киім ------Есік ------- -----мұз ---------- ----іс ----------қуыршақ ----терезе ------- бәйге -------Қорытындылау. Терме диктант.Бірінші топ - Етістікті теріп жаз. Екінші топ - Етістіктің сұрағын жаз. Үшінші топ - Етістігі бар сөйлемді жаз.Ала, су, қалады, тас, бөлді. Қанша? Не? Қандай? Не істеді? Қызыл доп. Сурет салынды. Алтыншы, жалғанды Қай? Не қылды? Кім? Қайтті? Жанар биледі. Жүлде берілді.Бағалау.Үйге тапсырма беру.
Дайындаған: Бастауыш пән мұғалімі Қарабатырова ҚалимашСыныбы: 2Сабақтың мақсаттары:Білімділігі: Оқушылардың етістік туралы бұрыннан алған білімдерін еске түсіру.Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік құрын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету.Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбек қорлыққа тәрбиелеу.Көрнекіліктер:Ережелер, дидактикалық суреттер, сәйкестендіру, сатылай комплексті талдау сызбасы.Сабақтың түрі: ДамытушылықСабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі, өз бетімен жұмыс істеу.Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру кезеңіЖаңа сабақ:- Балалар жылдың қазір қай мезгілі?- Көктем.- Көктем туралы не айтар едіңдер?- Көктемде қандай мейрамдар бар?- 8 Наурыз, 22 Наурыз- Қазақтың жаңа жылын.да сыныбымызда бір оқушының туған күні екен.Ол бізге құпия болып тұр.Қазір бізге көптеген тапсырмалар беріледі.Сол тапсырманы орындасаңдар құпия оқушының аты әр тапсырманы орындағаннан кейін ашылып отырады."Тез ойла, сөз ойла"Не?... Қоздайды... құлындайды... лақтайды... боталайды... бұзаулайдыКім?... Емдейді... оқытады... ұшады... тігеді... жазадыЗаттың атын білдіретін сөзді – зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? Деген сұрақтар қойылады. Мысала: адам, адамдар, ағаш, ағаштар- Балалар бүгінгі сабағымыздың қонағы кімдер?- Мұғалімдер- Мұғалімдер не істеді? Мен не істедім? Сендер не істедіңдер?- Нені аңғардыңдар?- Заттың қимылын, іс-әрекетін аңғардық.Бүгінгі сабағымыздың ұраны:Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, Бәрін білуге ұмтыламыз!Ендеше, осы ұранды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.Сәйкестендіру.Адасқан сөздерді орнына қой.Арыстан - боздайдыТүйе - ақырадыЖылқы - маңырайдыҚой - мөңірейдіАю - бақырадыСиыр - кісінейдіЗаттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді - етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? Қайтті? Не қылды? Деген сұрақтар қойылады. Мысалы: өсті, ойнады, сайрады.412-жаттығу.Суретпен жұмыс, мәтін құрастыру.Көру диктанты1-топ. Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Су)2-топ. Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн)Сергіту сәті:Ормандағы аю, қонжық, Ұялардан бал іздейдіМойындарын оңға бұрды, Мойындарын солға бұрды, Ағаштарды шайқап көрдіҚуанғаннан билей берді.Сергіту сәтінен қимылды білдіретін сөздерді тап.414-жаттығу.Шығармашылық диктанат1-топ.Тоғайда түрлі аңдар... Терең шатқалға қояндар...2-топ.Қызыл түлкілер тоғайда... Тиіндер ағаштан-ағашқа...Өзіндік жұмыс415-жаттығу.Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра.Қонды, жауды, жүзді, тасыды.Мысалы: Биыл қоян жылы қар қалың жауды.416-жаттығу.Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.Терме диктантЖинады, айтты, сөйлесті, байлады.Сатылай комплексті талдау сызбасыСинтаксистікқызметі Тұлғасы Құрамы СұрағыСабақты қорыту:Сыныбымыздағы құпия оқушының аты Ләззат болды. Ләззатты туған күнімен құттықтап қоялық.Үйге тапсырма 417-жаттығу.Бағалау, қорытындылау.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.