?аза? тілінен ?ыс?а мерзімді жоспар. Та?ырыбы: Етістік. 2-сынып.
Мерзімі 18.02.2017ж
Асылкизаева Айгуль Джумакановна Сабақ - 2 Тексерілді_____________ Сабақта 7 модульдің қамтылуы
Сынып 2 «Ж » Пәні Қазақ тілі Тақырыбы Етістік Мақсаты Оқушыларға етістік туралы мағлұмат беру, сұрақтарымен таныстыру жаттығу жұмыстарын орындату Күтілетін нәтиже Оқушылар сөз таптарын біледі
Оларды ажырата алады
Мысалдар келтіре алады
Етістіктін сұрақтарын біледі Әдістері «Селт еткізер»әдісі,Түске байланысты топқа бөлу. Сергіту сәті Ресурстар Маркер ,стикер,А-3формат Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
1.Психологиялық ахуал жасау.
Қайырлы таң деп айтамыз,
Кешке үйге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Бірге өтер күніміз.
Сынып іші тап-таза,
Бор да дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап ,
Отырайық партаға.
2.Топқа бөлу. Қимылмен орындайды
Топқа бөлінеді Көшбасшылық
Үй тапсырмасы 353-жаттығу«Менің оқу құралдарым »тақырыбында құрастырған әңгімелерін 4оқушыға оқыту. Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Талқылайды ,талдайды Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Үй тапсырмасын бекіту
(2 минут) « Селт еткізер»әдісі
Сұрақтарға жауап алу.
-Сөз таптары нешеге бөлінеді?
-Зат есім деген не?
-Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер?
-Жалқы есім деген не?
-Жалпы есім деген не?
-Зат есімнің жекеше түрі деген не?
-Зат есімнің көпше түрі деген не? Шарды жару арқылы ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Жаңа сабаққа дайындық
Мағынаны тану
(7 минут) « Қызығушылықты ояту»
.Көңіл-күйлерің қандай?
Егер көңіл-күйлеріжабырқаулы болса,жұдырығымызды жұмып,бұлтты көрсетеміз,ал егер көтеріңкі болса,алақанымызды ашып,күнді көрсетеміз.
-Біз қолымызбен не істедік?
-Қолымызды аштық,жұмдық,яғни іс-қимыл жасадық.
-Балалар күнделікті өмірде біз сан қилы әрекеттер жасаймыз,яғни қимыл-қозғалыссыз өмір сүре алмаймыз.
-Балалар,осы сөздер қандай сұраққа жауап береді?( Не істеді,Не қылды?Қайтті?)-Не істеді?Не қылды?Қайтті?деген сұрақтарға жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді?( Қимылын,іс-әрекетін)
-Заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады ?(Етістік)
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы- Етістік.Сабақта біз етістік туралы білімдердерімізді шыңдайтын боламыз.
-Ендеше бері қараймыз.
Ойыншық бақаның судағы қозғалысын көрсету
354-жаттығу. Суретке қара.
Оқушылар қандай сұраққа жауап беретінін айтып шығады.
Өз ойларын жеткізеді.
Суреттерді әңгімелейді.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Жаңа сабақ
(15 минут) -Ендеше балалар, оқулықты ашып, дәптерге бүгінгі күнді жазып, жаттығу жұмысын орындайық.
-Әр топтағы оқушылар орындайды
355-жаттығу.Жұмбақтарды оқы,шешуін тап.
Жазда қыдырады, қыста тынығады,
Таңмен бірге көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
356-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жаз.
Тоғайда түрлі аңдар болады.Терең шатқалға қояндар жасырынады. Қызыл түлкілер тоғайда жүреді. Тиіндер ағаштан-ағашқа секіреді.
Сергіту сәті
357-жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыр.
(әр топқа екі сөзден беріледі)
1-топ: қонды, жауды
2-топ: тасыды жүзді..Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.
Тапсырманы орындайды.
Көп нүктенің орнына тиісті сөз қойып жазады.
Сергіту сәтін парақшадан оқиды.
Топпен жұмыс жасайды
Қимылмен орындайды
Етістік екенін дәлелдейді
Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Жаңа сабақты жинақтау
7 минут 358-жаттығу.Етістікті тауып ,дәлелдейді.
Көгершін,жасыл,жинайды,айтты,алыс,сөйлесті,байлады.
Ойын: «Кім жылдам ?» Дұрысын тап.
Кісінейді,мяулайды,үреді,маңырайды,қорсылдайды,
мөңірейді,бақырады. Жауаптрды тыңдайды,өз ойларын қосады.
Әр жануарының қасына сөздерін сәйкестендіреді. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Кері байланыс
2 минут «Қол соғу» Оқушылар қимылмен орындайды. Бағалау
2 минут Топты бағалау,жеке оқушыларды бағалау. Қанша смайликтерін жинағандарын айтады. Үй тапсырмасы (1 мин) 359-жаттығу. Жаттығуды орындайды. Қосымша білім Ереже жаттау,жазу. Ереже жаттайды,жазады.