План урока по воспитательному работу на тему «Білгір» — интеллектуалды? ойын.
«Білгір» - интеллектуалдық ойын.Мақсаты:1. Білімділік: Жан – жақты ой – өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу.2. Дамытушылық: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой – қисынын дамыту.3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, жауапкершілікке баулу.Көрнекілігі: Тақырып, магнитті тақта, сайыс аттары, сыйлықтары.Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.1. Оқушыларды ұйымдастыру. Әнұран айту.2. Кіріспе сөз: Бүгін 3 а сыныбының білімді, алғыр оқушылары сайысқа түсіп, сыныптың ең білгір оқушысын анықтамақпыз.Жас жүректе жанған шақТалаптың аты арындапӘр қиямға салған шақЖастықтың оты жалындап- деп данышпан Абай келер ұрпаққа терең ой тастаған. Жақсы болсаң, ел азаматы болсаң деген үлкен үміт бала кезден бастау алады да, ұласады.Сайысқа қатысатын оқушыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер:Әділқазылар әділ баға беріп сайысқа бақылау жасайды. Әділқазы мүшелері:Қарағым оқу оқы, босқа жүрмеОйынға құр қаларсың, көңіл бөлмеЖолама шақырса да, қасына ермеКідірме, аялдама, ұмтыл алғаІ кезең «Бәйге»Шарты: Мен әр оқушыға бірнеше сұрақтар қоямын ойлануға 30 секунд. Егер оқушы жауап бере алмаса, білетін оқушыға жауап беруге болады. Тез жылдам нақты жауап беру басты шарт. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.- Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин)- Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)- Қазақстан ғарышкерлерін ата? (Т. Аубакиров, Т. Мұсабаев)- Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Р. Қошқарбаев)- Түйе атасы кім? (Ойсылқара)- 1 жылда қанша күн бар? (365 – 366 күн)- Абайдың анасы кім? (Ұлжан)- Біздің мектеп директоры?- Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)- Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп салынған бейнесі? (географиялық карта)- Қазақстан туының авторы кім? (Шакен Ниязбеков)- Шоқанның шын аты? (Мұхаммедқанапия)ІІ кезең «Тіл өнері»Бұл кезеңде мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешесіңдер. Шешуін 2 тілде айту керек: орысша және қазақша. 1 тілде айтсаңдар – 5 ұпай, 2 тілде айтсаңдар – 10 ұпай.1. Қоймасын қыс ақтарыпЖерді жапты ақ мамық (қар)2. Қағазсыз ақ, қаламсыз ақСурет салар адамға ұқсап (аяз)3. Суда қалқидыЖылыда балқиды (мұз)4. Қалқиып 2 құлағыЕлеңдеп, қорқып тұрады (қоян)5. Ауаға шықса ауырадыСу ішінде сауығады (балық)6. Жылт – жылт еткенЖылғадан өткен (су)7. Мұрны насос, кран даТаң қаламын бұл аңға (піл)8. Жеп көріп ем өзім менЖас шығарды көзімнен (пияз)9. Қыста киімін тастайдыКөктемде киіне бастайды (ағаш)10. Жолбарыстан аумайдыПеш түбінде аунайды (мысық)11. Ашылып жабыладыӘр үйден табылады (есік)12. Бұлаңдаған құйрығыБір алдарлық қулығы (түлкі)13. Желден желігедіСудан шегінеді (от)14. Айдалада ақ отауАузы, мұрны жоқ отау (жұмыртқа)Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 3 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.ІІІ кезең «Ғажайып төртеу»Біздің сайысымызда 4 негізгі пән әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдерің тексеріледі. Қалған 4 ойыншымен ойынымызды жалғастырамыз. Мына қатардағы 4 пәннен сұрақ нөмірін таңдаймыз. Әр оқушы әр пәннен 1 сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 2 ұпай.Математика:1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)2. Тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін қалай табамыз?3. Ең үлкен 3 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (999+1=1000)4. Әлібек 1 айда 2 ертегі оқыды. Ол 1 жылда неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (24 ертегі)Қазақ тілі:5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)7. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамынБіткен ойды құрамын (сөйлем)Дүниетану:9. Бұл түрлерін ата? (будақ, шарбы, қабат)10. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)11. Неге глобустың көпшілігі көк бояумен боялған? (жер шарының 3/1 бөлігі су)12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)Әдебиеттік оқу:13. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)14. «Дарабоз» атанған батыр? Кім қойды сол атты? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? (Ерасыл – Қабанбай)15. «Азаттық жолында» Зейін Шашкиннің әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? (Тоқаш Бокин)16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақIV кезең «Сөз шебері»Оқу, білім жанған шырақ, ойласаңҮйренерсің іздеп көрсең, қоймасаңҚу өнерді, бу беліңді жігер салПайда аларсың, қаужанарсың тоймасаңШарты: әр ойыншы өз қалауы бойынша 1 өлеңді мәнерлеп жатқа оқып беруі керек. Әділқазы ұпай саны аз 2 ойыншыны атайды. Олармен де қоштасуға сәт туды. Ешқашан мойымаңдар, Қайса болыңдар. Жеңіс пен жеңіліс алма – кезек болады.V кезең «Жорға»Соңғы кезеңде әр ойыншыға жеке 15 сұрақ қойылады соларға тез нақты жауап беру керек. 1 минут ішінде.1. Қыс айларын ата?2. Қазақ алфавитінде неше сұрақ?3. 250 х 0?4. Күй атасы кім?5. Суретші ата?6. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс? (У)7. 6 х 9 =8. 4 түлікті ата?9. ҚР - да неше облыс бар?10. Ұлы Отан соғысы қай жалдары болды?11. Біздің ауылдың әкімі кім?12. «Менің атым Қожа» – ны кім жазды?13. Қазақтың Ұлы Отан соғысындағы қаһарман қыздары?14. Зиянды заттарды ата?15. Қазақстандағы көмір өндіретін ең ірі қала?Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.Әділқазылар ұпай санын анықтап жеңімпазды белгілесін.Бүгін жеңген:__________Білікті бірдіБілімді мыңды жығады - дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.ІІІ. Қорытындылау. Марапаттау