Саба? жоспары:Жас биологтар сайысы
Қостанай облысы
Науырзым ауданы
Дәмді орта мектебінің
Химия-биология пәні мұғалімі
Искакова Мендеш Қабдоллақызы
ЖАС БИОЛОГТАР САЙЫСЫ (6-7 сыныптар арасында)
Мақсаты:Оқушылардың алған білімдерін жетілдіріп, белсенділігін, қызығушылықтарын ояту, өз бетінше жұмыс істеуге, шапшаңдыққа, ұжымдастыққа, өз ойын еркін айта білуге, шығармашылық қабылетін дамыту.
Сайыс кезеңдері:
1-кезең «Ұйымдастыру»(топтың аты, ұраны, төсбелгісі)
2-кезең «Үй тапсырмасы» («Тамаша табиғат аясында» тақырыбына салынған суретті қорғау)
3-кезең «Кім жылдам»(10 сұрақ)
4-кезең “Алтын дорба”(дорба ішінен жұмбақ алып, шешуін табу)
5-кезең «Ермексазбен жұмыс»(бір жануар мен құстың мүсінін жасау)
6-кезең «Сөзжұмбақ» шешу
7-кезең “Кім өнерлі” (әр топтан бір сайыскер шығып, үлестірмені алып, ішіндегі тапсырманы оқып, образға еніп, қимылмен көрсету керек)
8-кезең «Жалғастыр» (Мақал-мәтелдерді жалғастыру керек)
9-кезең «Ең...ең....ең»
10-кезең « Құстар біздің досымыз»
«Жануарлар әлемі» (тақырыптарына эссе жазу)
1-кезең Оқушылар «Жапырақ» және «Гүл» тобына бөлініп, ұраны мен төсбелгісін қорғайды.
2-кезең Үй тапсырмасына берілген «Тамаша табиғат аясында» тақырыбына салынған суретпен таныстырады.
3-кезең «Кім жылдам» әр топ 15 сұраққа жауап береді (1 жауап 1 ұпай)
1-ТОП «ЖАПЫРАҚ»
Жапырақ қоймасы ғой таза ауаның
Таза ауа қазынасы Жан дауаның.
Ағаш егіп, ұрпаққа мирас етсек,
Алармыз бір Алланың мың сауабын!
Жапыраққа зор мән беріп, қаралық,
Жапырақ тұр Күн нұрынан нәр алып,
Жапырақтан бөлінетін оттегі,
Тазартады ауамызға таралып.
“Жапырақ”(15 сұрақ)
1.Жапырақ дегеніміз не? (өсімдіктің өсу мүшесі)
2.Жапырақтың сыртқы құрылысы қандай?(тақта мен сағақ)
3.Жапырақ қандай қызмет атқарады?(ауадан көмірқышқыл газы мен суды сіңіреді, артық суды буландырады, газ алмастырады, орг, заттарды қорға жинайды, көбеюге қатысады)
4.Жапырақ тақтасының пішіндері қандай? (бүйрек, жебе, ромб, жүрек, қылқанды)
5.Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)
6.Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)
7.Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)
8.Ең ұзақ өмір сүретін құс? (қарға)
9.Ең үлкен, ұшатын құс? (Африкалық дуадақ)
10.Түнде ұшатын құс?(Жапалақ)
11.Барсакелмес қорығы қай облыста орналасқан? (Қызылорда обл.Арал ау.)
12.Өсімдіктің жер асты мүшесі қалай аталады? (тамыр)
13.Жануарларды зерттейтін ғылым? (зоология)
14.Қасиетті құс? (үкі)
15.Күнге тура қарай алатын құс?(бүркіт)
2-ТОП «ГҮЛ»
Гүл-дүниенің көркі.
Гүл-жердің көркі
Гүл-әдеміліктің символы
Гүл-нәзіктіктің белгісі
Гүл-көңіл ашады.
Аппақ гүлдер, шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
«Гүл» (15 сұрақ)
1.Гүл дегеніміз не?(көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен)
2.Гүлдің көбеюіне қатысатын бөлімдері (аталық, аналық)
3.Гүл бөлімдеріне нелер жатады? (табаны, сағағы, тостағанша, күлте жапырақша, аталық, аналық)
4.Гүлсерік дегеніміз не? (тостағанша мен күлте жапырақша)
5.Қосжынысты гүл дегеніміз не? (бір гүлде аналық пен аталық орналасады)
6.Мысықтың күшігін қалай атайды? (марғау)
7.Қай құста ұя болмайды? (көкек)
8. Қорғалжын қорығы қайда орналасқан?( Ақмола обл.Қорғалжын ауд.)
9.Жынысты көбею дегеніміз не? (аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы)
10.Гүлді өсімдіктердің жемістері қандай 2 топқа бөлінеді? (құрғақ және шырынды)
11.Биология нені зерттейді? (тірі ағзаларды)
12.Өрмекшіде қанша аяқ бар? (8)
13.Ең ірі жемісті ата? (асқабақ)
14.Күнге ең жақын ғаламшар?(меркурий)
15.Қазақстан елтаңбасында бейнеленген жануар?(пырақ)
4-кезең “Алтын дорба”(дорба ішінен жұмбақтың шешуін табады)
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі де жоқ. (су)
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (сәбіз)
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (пияз)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Ерте тұрады,
Жар салады. (қораз)
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті. (қарбыз)
Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрегі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды. (балық)
Сопақша көк өңі бар,
Пайдалы, мөлдір сөлі бар.
Піскен кезде жияр,
Оның аты-...... (қияр)
5- кезең «Ермексазбен жұмыс»
Әр топтан екі оқушы шығып, ермексаздан бір жануар мен бір құстың мүсінін жасайды.
6-кезең «Сөзжұмбақ шешу» (Гүлшоғыр және Жапырақ)
7-кезең “Кім өнерлі” Әр топтан бір сайыскер шығып, үлестірмені алып, ішіндегі тапсырманы оқып, образға еніп, қимылмен көрсетеді.
Гүлдің солуын қимылмен көрсету (1 топқа)
Таңертең ерте тұрған қораз дауысын салу
Құстардың теңіз жағасында ұшуын көрсету
Мысықтан қорқып қашқан тышқанды көрсету( 2топқа)
Балапанын қорғаған қарлығашты көрсету
Бұзауын іздеген сиырдың дауысын салу
8- кезең «Жалғастыр» Мақал-мәтелдерді жалғастыру керек.
...қиясын сағынады,
... ұясын сағынады.(бүркіт, торғай)
Ақ сұңқар ұшар жем үшін,
..... ел үшін.(ер жігіт туар)
Аққу-құссыз-көл жетім,
.... жетім. (айтылмаған сөз жетім)
Ер елінде,
...жерінде.(гүл)
Елің-панаң,
...анаң. (жерің)
Ел жасымен көрікті,
...көрікті. (тау-тасымен)
Еңбекпенен ел көгерер,
... көгерер. (жаңбырменен жер)
Ердің сәні-білім,
Жердің сәні-....(егін)
Тауды жер бұлақсыз болмас,
.....құрақсыз болмас. (сулы жер)
Атаңнан мал қалғанша,..... қалсын. (тал)
9- кезең «ЕҢ... ЕҢ...ЕҢ...»
Ең кішкентай құс (колибри)
Ең жылдам ұшатын құс(сұңқар)
Жердегі ең жылдам жануар(қабылан)
Ғаламшардағы ең алып жануар(көк кит)
Ең үлкен құс (африкалық түйеқұс)
Ең ұзын бауырымен жорғалаушы(қолтырауын)
Ең кіші материк(аустралия)
Ең ыстық материк(африка)
Ең биік тау(Гималай)
Ең суық мұхит (Солтүстік мұзды мұхит)
Ең тұзды мұхит (Тынық мұхит)
Ең жылы мұхит (Үнді)
Ең ұзақ өмір сүретін құс? (қарға)
Дүниедегі ең биік ағаш(эквалипт)
Әлемдегі ең әсем құс?(жұмақ құсы)
10- кезең « Құстар біздің досымыз»
«Жануарлар әлемі» тақырыптарына эссе жазу
Қорытынды:
Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым –деп сайысымызды аяқтаймыз.
Әділ-қазыларға сөз береміз. Жеңімпаздарды марапаттау.