Биология п?ні. Презентация: Теріні? ма?ызы 8 сынып
Мұрынова Ақмарал Исақызы 1963.03.12.Жаңашаруа орта мектебіБиология пәні мұғаліміЖоғары біліктілік санат
Терінің маңызы мен құрылысы
Терінің маңызы Тері – адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар, сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады.
Сатылай кешенді талдау АнықтамаТері – адам денесінің сыртқы жабыны2. Сөзтаным2.1 Эпидермис- терінің сыртқы қабаты2.2 Нағыз тері-терінің ортаңғы қабаты2.3 Шелді- терінің ішкі қабаты 2.4 Мүйізді қабат- эпидермистің сыртқы қабаты2.5 Өсуші қабат – эпидермистің ішкі қабаты2.6 Дерматолог-тері ауруларын емдейтін дәрігер
3. Тану 3.1 Терінің құрылысы3.2 Эпидермистің қосалқы түзілістері
4. Қорытынды Тері – адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды.
Шаш күтімі туралы қызықты ақпараттарКішкентай нәрестенің шашы анасының құрсағында-ақ өсе береді екен. Шамамен алғанда, жүктіліктің төртінші айында баланың басына шаш өсе бастайды екен.Көбіне аққұбалардың шашы басқалармен салыстырғанда қалыңырақ болады – шамамен алғанда 140 мыңдай. Ал қара шашты адамдардың шаш саны – 100 мыңға жуық болса, жирен шашты жандардың басында 90 мыңдай шаш болады еспетеледі.Шаштың орташа қалыңдығын есептегенде, 250-350 данасы бір квадрат сантиметрге шақ келеді екен.Неғұрлым бас үлкен болған сайын, соғұрлым шаштың саны да көп болуы керек.
Шаштың беріктілігін альюминиймен салыстыруға болады. Бір шаштың өзі 100-ден 200 грамға дейінгі салмақтағы затты ұстап тұруға шамасы келеді. Әйел адамның бұрымы екі жүз шаштан тұрады және ол 20 тонна салмақтағы затты көтеріп тұра алады.Славяндық дәстүр бойынша кішкентай балалардың шашын үш жасына, тіпті бес жасына дейін қырықпайды екен. Салт бойынша баланың шашы өмір жолының кеңдігін білдіреді. Алғашқы шаш қию рәсімі салтанатты түрде той етіп тойланып, атап өтіледі. Ғұрып «Шаш кесілгендер» деп аталады. Ал князь балалар шашы кесілген күні бірден атқа отыратын болған.Бұрынғы заманда жирен шашты адамдарға жақсы көзқарас танытпаған. Оларды көре қалса, көздеріне мыстан мен жезтырнақ елестеген. Сондықтан жирен шаштылар қолдарынан келгенше шаштарының түсін басқа түстермен өзгертіп отырған .
Сатылай кешенді талдау
Ойлан,жұптас,бөліс
Кері байланыс