Презентация по биологии на тему Білгір Биологтар


Тақырыбы: «Білгір биологтар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ой — өрісін, белсенділік қабілетін, танымдылық қызығушылығын арттыру, логикалық cұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру
Дамытушылық: студентттердің тілдік қорын дамыту, жарыстыру арқылы аңғарымпаздық қасиеттерін арттыру, ой — өрісін кеңейту
Тәрбиелік: тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа,табиғатты аялап, оған жаңашырлық танытуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс – сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақтаҰйымдастыру кезеңі
Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен студенттер. «Білгір биологтар» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер.
Біздің бүгінгі сайысымыз ІІ-топтаң, V-кезеңнен тұрады.
І-топ « »
ІІ-топ « »
 І. “Таныстыру” (2мин)
ІІ. “Ғажайып ондық”
ІІІ. “Ең, ең ең...”
ІV. “Полиглот”
V. “Образга ену”
VI. “Мақал - сөз мәйегі”
VII.“Сөз құрастыр”
VIII. “Судың да сұрауы бар
І-кезең «Таныстыру»
Бұл кезеңде әр топ басшылары өзінің тобын таныстырады. Топтың аты, ұраны , эмблемасы болуы тиіс.
ІІ. “Ғажайып ондық”
Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылады. Сұраққа топ бйынша жауап береді.
І топқа арналған сұрақтар
Жасушаның химиялық құрамы (нәруыздар, майлар , көмірсулар)
Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)
Бидайдың жемісі қалай аталады (Дәнек)
Заттың түсіңн ажырата алмайтын ауру (Дальтонизм)
Ең үлкен құс (Страус)
Жасуша ішінде сұйықтықты реттеп отыратын органойд? (Вакуоль)
Қоян жылына неше рет балалайды (3-4)
Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиет ( иммунитет)
Өркеннің бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі (Буын)
Кенгуру неше метрге секіре алады (Он)
ІІ –топқа арналған сұрақтар
Денесі өте көп жасушалардан құралған жануарлар қалай аталады ? (көпжасушалы жануарлар)
Ересек адам 1 минутта неше рет тыныс алады? (18-рет)
Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)
Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері (Аталық, аналық)
Бір жылда екі рет төлдейді (Ешкі)
Қазақстанда “қызыл кітап” тұңғыш рет қай жылы шықты?(1978ж)
Тері ауруларын зерттейтін ғылым (Дерматолог)
Ұша алмайтын құс (Пингвин)
Өсімдіктің ұзарып өсуін қамтамасыз ететін ұлпа? (түзуші)
Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым (Микология)
ІІІ-кезең “Ең, ең ең...”
Бұл кезеңде әр топқа сұрақтар қойылады.
 
 І-топ
Ең кішкентай мұхит .....
Ең суыққа төзімді құс .....
Ең ірі ескек аяқты сүтқоректі ......
Ең ірі құрлықтағы сүтқоректі ......
Ең ұзын өзен ........
ІІ – топ
Ең үлкен мұхит .......
Ең үлкен өсетін өсімдік .......
Ең суы мол өзен ........
Ең улкен көл .......
Ең кішкентай құс ............
IV-кезең “Полиглот”
Бұл кезеңде әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Жауабын тауып оны 3 тілде айтуыкерек
1топ
 1 Өсімдіктің  жер асты  мүшесі  \ тамыр -  корень – root \   
2  Ең  ірі  жеміс  \  асқабақ  -  тыква - pumpkin \ 
3  Өсімдіктің  қай  мүшесі  ( жасыл  асхана )  деп  аталады?   ( жапырақ – лист  - letter)
2топ
Өсімдіктің бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінетін бөлімі  (сабақ-стебель- stalk)
Көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен (гүл-цветок- flower)
Мәңгі жасыл ағаш (шырша - ель- spruce)
V. “Образга ену”
Мен саған, сен маған «Образға ену» (10мин)
1 топ бастайды
II-топқа қоятын сұрақ
1. Ересек адам миының орташа массасы (1300-1400г)
2. Тірі организмдердің өздерінің белгілерін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ұрпақтан-ұрпаққа беруі (тұқымқуалаушылық)
3. Газда қайнап жатқан шәйнектің көрінісін салып беріңіз!
II-топ
I-топқа қоятын сұрақ
Организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілетін не деп атаймыз (өзгергіштік)
Онтогенез неше езеңге бөлінеді? (2кезеңге : эмбриондық , постэмбриондық)
Жаңалықтардың көрінісін салу
VI. “Мақал - сөз мәйегі” (5мин)
I-топ « »
Су біткен жерде (өмірде бітеді)
Құлан қырдың көркі, (құндыз судың көркі)
Сулы жер-(нулы жер)
II.топ « »
Күте білсең, (жер жомарт)
Жері байдың-(елі бай)
Дана көптен шығады (дәрі шөптен шығады)
VII.“Сөз құрастыр” Бұл кезеңде тақтаға бірнеше әріптер беріледі, соны пайдаланып химиялық элемент атауларын құрастыру. 3 минут беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
 
а рб ү о
пе у г я
к л ынхи с зт ж
 
V-кезең «Судың да сұрауы бар»
Бұл кезеңде ортаға 2 топ шығады. 2 топ арақашықтықта орналасқан суы бар ыдыстан екінші бос ыдысқа қасықтап су тасу керек. Ыдыстары толғаннан кейн мұғалім қасында тұрған гүлді суару керек. Қай топ 1-ші болып гүлге су құятын болса сол топ жеңіске жетеді.
Сонымен, оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті.Сау болыңыздар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы Білім беру басқармасы
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
«Бекітемін»
директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
Усербаева М.К.________
«____»_________2016ж
«Білгір биологтар» интеллектуалдық сайысы
(1 курст студенттері арасында)


Дайындаған: Биология пәні оқытушысы Ахмет А. Б
«Жаратылыстану» пән
бірлестігінде қаралып, талқыланды.
Хаттама № «___»_______2016ж
Бірлестік жеткешісі:______Сарсенова А.К