?аза?стан тарихы Са?тар тарауы бойынша ?айталау саба?ы (6 сынып)
Тақырыбы: Сақтар тарауы бойынша қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша сұрақтар беру, сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы, олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығын түсіндіру.
ә) дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою, ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелігі: Ежелгі тайпаның тарихын, батырлардың ерлігін пайдалана отырып, өз елінің тарихын білетін ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, СТО элементтері
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд, сызбалар
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, математика, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасып, орындарына отырғызу.
Оқу-құралдарын тексеру.
Психологиялық дайындық
Жалын атқан жанардан
Білімдеріңді көремін
Өздеріңмен білімнің
Әлеміне енемін
Оза шабар шәкірттер
Мен сендерге сенемін!
Қызығушылықты ояту
Сынып оқушыларын үш топқа бөлу:
1-топ: «Парадарайа»
2-топ: «Тиграхауда»
3-топ: «Хаумаварга»
Бағалау нормасын түсіндіру. Әр дұрыс жауап 1 смайликпен бағаланады.
Ой қозғау
Берілген сөздерді топтастыру
Томирис
тәуелсіздік
сақ
Мағынаны тану
«Аквариумдегі алтын балықтар» әдісі бойынша өз тақырыптарын қорғайды, қосымша сұрақтарға жауап береді.
Топтардың қорғауын «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалату.
Қызыл –мүлде түсінбедім, сары –жартылай түсіндім, жасыл –толық түсіндім.
1 балық: Сақтар туралы алғашқы мәліметтер және діни нанымдары.
2 балық: Өз тәуелсіздігі үшін кімдермен күресті, Шырақтың ерлігі.
3 балық: Сақ қоғамы және шаруашылығы.
Ой-толғаныс
Тарихи сынақхат
Алдарыңызда тарихи сынақхатқа назар аударыңыздар. Көп нүктенің орнына оқулықтағы кілт сөздерді қойып, жазасыңдар.
Кир қайтыс болғаннан кейін б. з. б. 519 жылы парсы патшасы.........................
сақтарға шабуыл жасайды............................. есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін жарақаттап,............................. қашып барып, өзін сақ көсемдерінен......................... көрген етіп көрсетеді. Ол парсы әскерлерін.............................,............................ сусыз шөлге апарады. «Мен сендерді адастырып......................... ұшыраттым, елімді.......................... алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді.............................. келгендеріңді істей беріңдер» деп,.............................. көрсетіп, парсылардан Шырақ кегін алады. Дарий көптеген әскерінен..............................., еліне........................... мәжбүр болады. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз......................................... сақтап қалды.
Адасқан әріптер ойыны.
Әріптерді дұрыс қойып, оқушыларға таныстыру
ОПЕМПЙ ТОГР– Помпей Трог ( Рим тарихшысы)
ОТЕМРСИ - Томирис (Сақ патшайымы)
САРПГИСИП- Спаргапис – Томиристың ұлы
ОПИЛЭН- Полиэн – грек тарихшысы
АМДКОЕНКСИЙ - . Македонский - ұлы грек қолбасшысы
ЫШАРҚ - Шырак - сақ жаунгері
АДИРЙ .І- 1 Дарий – парсы патшасы
ПСТИАНЕМ - Спитамен – сақ жауынгері
Математикалық қобдиша
Осы сандарды есептеп шығарып, санға байланысты тарихи оқиғаны айту
1) 10*3+500= 530 ж (Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді)
2) 60÷3+499= 519 ж (Кир қайтыс болғаннан кейін парсылар сақтарға шабуыл жасады)
3) 9*10+400=490 ж (Марафон шайқасында парсы әскерінің құрамында гректерге қарсы
сақ жауынгерлері соғысты)
4. Семантикалық карта
Дұрыс жауапты ˅ белгілеп, жауап парағымен тексеріледі
Жауаптары Тиграхауда Абыздар Ата-баба аруағына сиыну Помпей Трог Сақ жауынгері Александр Македонский
Сұрақтары Ақ түсті киім кигендер Шошақ бөрік киетін сақтар Діни нанымы «Жеңілмейтін әскер» атанған қолдың жетекшісі Рим тарихшысы Қызыл және сары-қызыл түсті киім кигендер Қорытындылау. Бағалау
Оқушыларды алдымен топ бойынша және жеке бағаланады. Ол үшін оқушылардың жинаған смайликтері есептелінеді.
Үйге тапсырма
«Ерлік түбі - бірлік» атты эссе жазып келу