Разроботка по музыке на тему Скрипка аспабы ?алай пайда болды?
Пәннің аты
Музыка Уақыты:
08.12.2016 жыл Кабинет:
105 А Мұғалім
Делегат Айман
Сабақтың атауы Скрипка аспабы қалай пайда болды?
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары Скрипка аспабын және оның көне түрлерін көрсету Қазақстандық скрипкашылармен таныстыру.Қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын ажырату. Скрипка аспабымен әнді сүйемелдеп орындау.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады
Скрипка аспабы туралы кең мәлімет алады. Қобыз бен скрипка аспабының үн бояуын ажырата алады
Оқушылардың көпшілігі:
Музыка тыңдай отырып бақылау жүргізеді. Өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Ұрмалы аспаптар арқылы әннің ырғағын дұрыс ұруға үйренеді.
Кейбір оқушылар:
Тиісті жағдайда басқаларды қадағалайды.
Топпен қосылып әнді толық орындауға талпынады.
Шулы аспаптарда ырғақты сезініп ұруға талпынады
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
Салыстырмалы түрде скрипка аспабымен танысады. Тембр, ысқыш жайлы ақпарат алады.
Пән лексикасы мен терминалогиясы:
Әннің ырғағын шулы аспаптармен ұрып көрсету, орташа ырғақ, музыкалық дыбыс күші. Ребек, фидель, виола сөздері.
Алдыңғы сабақтарда алған білім Плакатта жазылған ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Cабақтың басталуы
0-6 Оқушылармен әуенді сәлемдесу.
-Сәлемет пе балалар! -Сәлеметсіз бе!
Ынталандыру сәті:
Өлең айтып, күй тыңдап,
Өнермен өссін санамыз.
Оқу оқып сусындап,
Білімнен бақыт табамыз.
Тақтаға назар аударып, әр топтан бір-бір оқушыдан шығып ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді. Жаңа сабақ.(Скрипка аспабы қалай пайда болды? Музыкалық аспап
Плакат
Сабақтың ортасы
7-11
12-14
15-20
21-23
24-34
Скрипка аспабының шығу тарихы Еуропада оныншы ғасырдан басталады. Ал бүгінгі түрі 16-17 ғасырларда Италия мен Францияда пайда болған. Скрипканың көне түрлері қазіргі скрипкаға мүлдем ұқсамайды
Скрипка аспабының көне түрлері, олар ребек және фидель деп аталған. Олар жуан мойынды қысқа келген, қампиған қарынды, бір-біріне өте ұқсас. Бұл аспаптарды аттың қылы керілген доға тәрізді ысқышпен ойналады. (Ысқыш-смычок-bow). Аспапты сол жақ тізеге тіреп, ал оң қолмен ысқышты ұстап, қобыз сияқты ұстап тартатын болған. Аспапты бұлай ойнау Еуропада бұрын-соңды болмаған.
Ал қазақ халқы ерте заманнан бүгінге дейін қылқобыз аспабын дәл осылай тартып келген. Кейінірек Еуропада бұл аспаптарды иыққа немесе кеудеге тіреп ойнаған. Кейін келе аспапты иықтың үстіне шығарып оны иекпен қысып ұстауды ойлап тапқан. Еуропада фидель мен ребектен басқа 15 ғасырда виола аспабы пайда болып, кейін келе скрипка аспабы бұл аспаптарды ығыстырып шығарып, өзінің сазды үнімен "Музыка патшайымы" атағынаи ие болған.
Музыка тыңдау:
Италиялық скрипкашы әрі композитор, шебер орындаушы Николло Паганинидің «24 каприсі» шығармасын тыңдап көрелік.
-шығарманың орындалу жылдамдығы қандай?
-Қазақстандық скрипкашыларды білесіңдер ме?
Айман Мұсахожаева -көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты,
Жәмиля Серкебаева-Қазақстанның классика және эстрада өнерінің жұлдызы,халықаралық конкурстардың лауреаты.
Қазақстандық Паганині-Руслан Тұрынтаев
Марат Бисенғалиев
Айман Мусахожаеваның орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі
-Күйді скрипкада орындауға бола ма?
-Ал әнді скрипка аспабымен сүйемелдеуге бола ма?
Дауыс жаттығулары:
Дәстүрлі емес:
Массаж бетке, күлімсіреп, ренжу
Дәстүрлі:
-Аа-аа-аа, Оо-оо-оо (до-ми-соль –ми-до)
Алдыңғы сабақта үйренген «Қазақы дастарқаным» әнін баян, шулы аспаптар және скрипка аспабының сүйемелдеуімен хормен орындаймыз.
7-сынып оқушысы Шынар. Скрипка аспабында сүйемелдеу
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Слайдтан аспаптардың суреті көрсетіледі
Композитордың суреті және видеожазба
Слайдта суреттері. Видео жазбалары
Видеожазба
Фортепиано аспабы, скрипка, баян және шулы аспаптар
Сабақтың соңы
35-45 Екі топқа Венн диаграммасы бойынша қобыз бен скрипканың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсету .
Екі топқа скрипка аспабы жайлы не білгендерін қағазға түсіру.
228817782885700228817723095900140643423095900135200689498700
Плакаттар
Үйге тапсырма 44-46 бет. Мазмұндау интернеттен видеожазбалар қарау. Бағалау Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау.
Симфониялық оркестр құрамындағы аспаптар неше топқа бөлінеді?