Ашы? саба? жоспары: Ал?аш?ы адам пайда болуы. /6 сынып/
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихыСабақтың тақырыбы: §1.Алғашқы адамдардың пайда болуыСабақтың мақсаты:
Адам баласының пайда болуы туралы, оларда қандай еңбек құралдары болғаны, олар қалай аталған және тас дәуірінің үшке бөлінгендігі туралы түсінік беру
Оқушылардың білімдерін дамытуОтансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Баяндау
Көрнекілік: суреттер, карта
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеруIII Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекітуV Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аударуІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
6-сыныптың Ежелгі Қазақстан тарихы пәні нені оқытады?
Ерекшелігі?
Жаңа сабақтың жоспары:
Адам баласының шығуы.
Алғашқы адамдардың кәсібі
Алғашқы адамдардың Қазақстандағы іздеріҒалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.
Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын , бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі. Палеолит-ежелгі тас ғасыры, мезолит-орта тас ғасыры және неолит-жаңа тас ғасыры. Бұл үш кезеңнің әрқайсысының өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіріле жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.
Сабақты бекіту:
Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?
«Саналы адам» қашан қалыптасты?
Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §1. Алғашқы адамның жаратылысы туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіру.